Хабаршы вестник «Жаратылыстану-география ғылымдары»



Pdf көрінісі
бет1/19
Дата06.03.2017
өлшемі2,7 Mb.
#8173
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №4(42), 2014 г. 

ISSN 1728-8975 
 
 
 
 
 
ХАБАРШЫ 
ВЕСТНИК 
«Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы  
Серия «Естественно-географические науки» 
№4(42) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А
А
л
л
м
м
а
а
т
т
ы
ы
,
,
 
 
2
2
0
0
1
1
4
4
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4(42), 2014 ж. 

Абай атындағы Қазақ ұлттық 
педагогикалық университеті 
ХАБАРШЫ 
«Жаратылыстану-география 
ғылымдары» сериясы 
№4(42), 2014ж. 
Шығару жиiлiгi – жылына 4 нөмiр. 
2001 ж. бастап шығады 
Бас редактор  
х.ғ.д.,проф. М.Е. Ермағанбетов 
Редакциялық коллегия 
бас редактордың орынбасары, 
х.ғ.к., проф. Х.Н. Жанбеков, 
бас редактордың орынбасары, 
г.ғ.д., проф. К.Д. Каймулдинова, 
пед.ғ.д., проф. Ж.Ә. Шоқыбаев
биол.ғ.д., проф. м.а. З.Б. Тұңғышбаева 
Редакциялық алқа мүшелері: 
геогр.ғ.д., проф., ҚР ҰҒА академигі 
А.С. Бейсенова, 
х.ғ.д., проф., ҚР ҰҒА академигі 
Е.Ә. Бектуров, 
пед.ғ.д., проф., ҚР ҰҒА 
корреспондент-мүшесі С.Ж. Пірәлиев, 
биол.ғ.д.,профЖ.Ж. Жатқанбаев, 
х.ғ.д.,проф. Т.ООмарқұлов, 
пед.ғ.д.,проф.Н.К. Ахметов, 
геогр.ғ.д.,проф. М.Е. Белгибаев, 
биол.ғ.д., проф. Е.Т. Тазабекова,  
биол.ғ.д., проф. Л.Б. Сейлова, 
х.ғ.д.,проф. Н.А. Бектенов, 
биол.ғ.д., проф. Қ.С. Рымжанов, 
пед.ғ.д.,проф. А.А. Саипов, 
хим.ғ.д., проф. Г.И. Мейирова 
геогр.ғ.д., проф. А.Н. Нигматов 
(Өзбекстан), 
биол.ғ.д.,проф.  
Б.А. Тохторалиев (Қырғызстан), 
геогр.ғ.д., проф. Н.А. Родионова (Ресей), 
х.ғ.д., проф. Д.Ю. Мурзин (Финляндия), 
PhD докторы Ренато Сапо (Италия), 
PhD докторы Жан Марк (Бельгия), 
х.ғ.к. 
А.Е. Сагимбаева (жауапты хатшы) 
 
© Абай атындағы Қазақ ұлттық 
педагогикалық университеті, 2014 
 
Қазақстан Республикасының мәдениет  
және ақпарат министрлігінде 2009 жылы 
мамырдың 8-де тіркелген N10110 – Ж 
 
Басуға 29.01.2015 қол қойылды. 
Пішімі 60х84
1
/
8
. Көлемі 14,75 е.б.т. 
Таралымы 300 дана. Тапсырыс 302 
050010, Алматы қаласы, 
Достық даңғылы, 13. 
Абай атындағы ҚазҰПУ 
Абай атындағы Қазақ ұлттық  
педагогикалық университетінің  
«Ұлағат» баспасы 
Казахский национальный 
педагогический 
университет имени Абая 
 
Мазмұны 
С о д е р ж а н и е 
ЖЕР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР 
НАУКИ О ЗЕМЛЕ 
Каймулдинова  К.Д.,  Джангельдина  Д.І.,  Бейкитова  А.Н. 
Қазақстан  аумағы  туралы  ХІХ  ғасырдағы  топонимикалық 
деректер............................................................................................... 
Алшымбеков  С.Қ.,  Байгукин  Ғ.Т.  Шөлейттену  –  экожүйенің 
ғаламдық мәселесі.............................................................................. 
Каймулдинова  К.Д.,  Абдиманапов  Б.Ш.,  Бейкитова  А.Н. 
Қалалардың  инновациялық  дамуын  зерттеудің  теориялық 
мәселелері........................................................................................... 
 
ХИМИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ 
ХИМИЧЕСКИЕ НАУКИ 
 
Қорғанбаева  Ж.Қ.,  Бектуров  Е.А.  Порфириндер  және 
олардың металды қосылыстары........................................................ 
Тусупкалиев  Е.А.,  Жаксибаев  М.Ж.,  Назарымбетова  Х.А., 
Журсумбаева  М.Б.,  Татыкаева  М.Б.  Исследование  процесса 
сорбции меди в модельной системе «Н
2
SO
4
 – цеолит – Сu»......... 
Касымбекова  Д.А.,  Рахметова  А.К.,  Момбеков  С.Е.  Синтез 
биологически  активных  полимерных  композитов  на  основе 
желатина.............................................................................................. 
 
БИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ 
БИОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ 
 
Ogtay Zangilanly The Largest Platanus Forest of the World............. 
Бабашев  А.М.  Адам  ағзасында  ұялы  телефонның  әсерінен 
болатын физиологиялық өзгерістер................................................. 
Татаринова 
Г.Ш., 
Кунакбаев 
А.С., 
Бабашев 
А.М. 
Профилактика курения среди подростков....................................... 
Ташенова  Г.К.,  Құрманәлі Б.Қ.Бахтыбекқызы М. Влияние 
гипотиреоза на гестационный период............................................. 
 
ЭКОЛОГИЯ 
 
Чилдибаев  Д.Б.,  Аманбаева  М.Б.  Современные  тенденции 
экологического  образования  в  средней  и  высшей  школе 
Казахстана........................................................................................... 
Сабденалиева  Г.М.,  Тастанова  Б.Е.,  Қалдыбаева  Ж.Б. 
ЭКСПО-2017  халықаралық  мамандандырылған  көрмесінің 
экологиялық мүмкіндіктері............................................................... 
Сабденалиева  Г.М.,  Тастанова  Б.Е.,  Қалдыбаева  Ж.Б. 
Қоршаған ортаның ластануынан туындаған ауру түрлері............. 
Жантеева Г.Е. Климат өзгерісінің әсері......................................... 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

 
 
10 
 
 
 
 
17 
 
 
25 
 
31 
 
 
 
 
35 
 
40 
 
45 
 
51 
 
 
 
 
 
56 
 
59 
 
62 
66 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №4(42), 2014 г. 

ВЕСТНИК 
Серия «Естественно- 
географические науки» 
№4(42), 2014 г. 
 
Периодичность – 4 номера в год. 
Выходит с 2001 года. 
 
Главный редактор: 
д.х.н., проф. М.Е. Ермаганбетов 
 
Редакционная коллегия: 
зам. гл. редактора, 
к.х.н., проф. Х.Н. Жанбеков, 
зам. гл. редактора, 
д.г.н., проф. К.Д. Каймулдинова, 
д.пед.н., проф. Ж.Ә. Шокыбаев
д.биол.н., и.о. проф. З.Б. Тунгышбаева 
 
Члены редколлегии: 
д.геогр.н., проф., академик НАН РК 
А.С. Бейсенова, 
д.х.н., проф., академик НАН РК 
Е.Ә. Бектуров, 
д.пед.н., проф., член-корреспондент НАН РК 
С.Ж. Пралиев, 
д.биол.н., проф. Ж.Ж. Жатканбаев, 
д.х.н., проф. Т.ООмаркулов, 
д.пед.н., проф. Н.К. Ахметов, 
д.геогр.н., проф. М.Е. Белгибаев, 
д.биол.н., проф. Е.Т. Тазабекова,  
д.биол.н., проф. Л.Б. Сейлова, 
д.х.н., проф. Н.А. Бектенов, 
д.биол.н., проф. К.С. Рымжанов, 
д.пед.н., проф. А.А. Саипов, 
д.х.н., проф. Г.И. Мейирова 
д.геогр.н., проф. А.Н. Нигматов 
(Узбекистан), 
д.биол.н., проф.  
Б.А. Тохторалиев (Кыргызстан), 
д.геогр.н., проф. Н.А. Родионова (Россия), 
д.х.н., проф. Д.Ю. Мурзин (Финляндия), 
доктор PhD Ренато Сапо (Италия), 
доктор PhD Жан Марк (Бельгия), 
к.х.н. 
А.Е. Сагимбаева (ответ. секретарь) 
 
© Казахский национальный педагогический 
университет им Абая, 2014 
 
Зарегистрировано 
в Министерстве культуры и информации РК 
8 мая 2009 г. N10110 – Ж 
 
 
Подписано в печать 29.01.2015. 
Формат 60х84
1
/
8
. Объем 14,75 уч.-изд.л. 
Тираж 300 экз. Заказ 302 
 
 
050010, г. Алматы, пр. Достык, 13. 
КазНПУ им. Абая 
 
 
Издательство «Ұлағат» 
Казахского национального педагогического 
университета имени Абая
 
ПӘНДЕРДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ 
МЕТОДИЧЕСКИЕ АСПЕКТЫ ДИСЦИПЛИН 
 
Мансуров Б.А. Совершенствование контроля знаний и оценки 
учащихся............................................................................................. 
Каймулдинова  К.Д.,  Искакова  Р.Т.  География  сабақтарында 
инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі........... 
Сағымбаева А.Е., Аханова С. Дамыта оқыту технологиясы...... 
Бекенова 
Н.А. 
Педагогические 
приемы 
работы 
с 
экологическими понятиями и терминами на уроках биологии..... 
Өнербаева  З.О.  Химия  сабағында  проблемалық  оқыту 
әдістерін қолдану................................................................................ 
Жусупбекова  Н.С.  Тестовые  задания  на  установление 
правильной  последовательности  по  теме:  «Жизнедеятельность 
одноклеточных животных»............................................................... 
Капанова  Б.К.  Экологиялық  білім  мен  тәрбие  беруді 
материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету моделі.......... 
 
ТУРИЗМ 
 
Алшымбеков 
С.Қ. 
Қызылорда 
аймағының 
туристік-
рекреациялық әлеуеті......................................................................... 
Омаров  Қ.М.,  Мыркасымова  Г.Н.  Белсенді  тау  жорықтарын 
ұйымдастырудың ерекшелігі............................................................ 
Мыркасымова 
Г.Н. 
Балалар 
туризмінде 
анимациялық 
бағдарламаларды пайдаланудың мүмкіндіктері........................... 
 
ИНСТИТУТ ЖЫЛНАМАСЫ 
ХРОНИКА ИНСТИТУТА 
 
Нурахметова  А.Р.  Гульнур  Толеугазиевне  Азимбаевой, 
доценту кафедры химии Института естествознания и географии 
КазНПУ им. Абая – 60 лет!............................................................... 
 
 
 
 
 
69 
 
78 
84 
 
87 
 
92 
 
 
97 
 
100 
 
 
 
103 
 
109 
 
111 
 
 
 
 
 
 
117 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4(42), 2014 ж. 

ЖЕР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР 
НАУКИ О ЗЕМЛЕ 
 
ӘОЖ 911:74 
 
ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫ ТУРАЛЫ ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ТОПОНИМИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР 
 
К.Д. Каймулдинова – геогр.ғ.д., профессор, Елтану және туризм кафедрасының меңгерушісі, 
Д.І. Джангельдина – п.ғ.к. доцент, 
А.Н. Бейкитова – география магистрі, аға оқытушы,  
Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қ. 
 
Қазақстан  аумағындағы  географиялық  атаулардың  этимологиясы  мен  семантикасына,  олардың  географиялық 
болмыстың ерекшеліктерін сипаттайтын мазмұнына қатысты зерттеулерде осы аумақты зерттеген саяхатшылар мен 
ғалымдар  еңбектерінде  кездесетін  топонимикалық  деректердің  маңызы  өте  зор.  Жалпы  алғанда,  бұл  еңбектердің 
көпшілігінде зерттеу ауданының ландшафттық сипаты нақты сипатталатындықтан, географиялық атаулардың және 
олардың негізінде жатқан халықтық географиялық терминдердің мағынасына айрықша көңіл бөлінгенін және оның 
географиялық  ортамен  байланысын  табуға  тырысушылық  болғанын  байқадық.  Біздің  зерттеу  тақырыбымызға 
сәйкес,  қарастырылған  дерек  көздері  арасында  әсіресе  Қазақстан  аумағын  ХІХ  ғасырда  зерттеген  ғалымдар  мен 
саяхатшылар еңбектерінде қазіргі топонимикалық және терминологиялық зерттеулерге арқау болатындай бастапқы 
материалдар бар екендігі анықталды.  
Сондай ақ мақалада қазақ жерін зерттеуші Ф.Назаров, А.Эверсманн, Е.К. Мейендорф, А.И. Левшин, А.Макшеев, 
Н.Северцовтардың  еңбектеріне  талдау  жасалынды.  Бұл  еңбектердің  Қазақстан  табиғатын  зерттеудегі  маңызы  зор. 
Мұнда  Қазақстан  аумағындағы  микротопонимдер,  оронимдер,  гидронимдер,  фитонимдерге  сипаттама  келтірілді, 
олардың  мағынасына  түсінік  берілді.  Географиялық  нысандар  атауларының  транскрипциясы  келтірілді.  Қазақстан 
табиғатын  зерттеуші  саяхатшылар  қазақ  тіліндегі  географиялық  нысандар  атауларын  жергілікті  табиғат  жағдайла-
рымен салыстыра отырып зерттеген және олардың мән-мағынасын түсіндіріп өткен.  
Аталмыш мақалада қазақ жері аумағының ландшафттарының әртүрлілігі мен жергілікті географиялық термино-
логияның  жіктелген  сипатын  танып-білуге  деген  саяхатшылардың  қызығушылығын  дәлелдей  түскенін  көруге 
болады.  
Түйін  сөздер:  этимология,  семантика,  географиялық  атаулар,  микротопонимдер,  оронимдер,  гидронимдер, 
фитонимдер, транскрипция, географиялық нысандар, ландшафт.  
 
1813 жылы қазақ жерін аралаған саяхатшы Ф.Назаровтың жолжазбаларында көптеген географиялық 
нысандарға сипаттама беріліп, сол кез үшін құнды топонимикалық деректер берілген. Саяхатшы әсіресе 
жергілікті  жердегі  микротопонимдерге  айрықша  мән  бергені  көрініп  тұр,  оның  жазбаларында  Қара-
томар,  Көктерек,  Сарыағаш,  Жүзқамыс,  Шұбарайғыр,  Масаққамыс,  Торыайғыр,  Ақмола,  Жыланды 
сияқты  қоныс  атаулары  кездеседі  [1].  Ол  қазақ  жеріндегі  оронимдер  мағынасын  орыс  оқырмандарына 
түсіндірмек  ниетте  Көкшетау,  Қаратау,  Арыстантау,  Шолақасу  атауларының  аудармасын  берген. 
Қазіргі  кезде  транскрипциясы  мен  этимологиясы  көп  дау  туғызып  жүрген  Боралдай  атауын  саяхатшы 
«Буралтай»  нұсқасында  берген.  Бұл  өз  кезегінде  атаудың  бастапқы  нұсқасы  Бурылтай  болуы  мүмкін 
екендігіне  негіз  болады. Қазығұрт  басында  Нұқ  пайғамбардың  кемесі  қалған  деген  аңызға  да  саяхатшы 
ерекше  назар  аударған.  Ф.Назаров  еңбегінде  Нұра,  Есіл,  Құланөтпес,  Шу,  Арыс,  Бадам,  Келес өзендері 
туралы  да  деректер  келтірілген.  Кейбір  атаулардың  бұрмаланып  берілгеніне  қарамастан,  Ф.Назаров 
қалдырған мәліметтердің аймақтық топонимикалық зерттеулер үшін маңызы зор деп білеміз.  
1825-1826  жылдары  Ф.Ф.  Берг  басқарған  ғылыми  экспедиция  құрамында  болған  көрнекті  ғалым 
Э.А.Эверсманн  Үстіртке  қатысты  өте  құнды  деректер  қалдырған.  Жалпы  алғанда,  «Үстірт»  атауының 
орыс  ғылыми  әдебиетіне  алғаш  енгізілуіне,  кейіннен  бұл  атаудың  тұрақтануына  осы  ғалымның 
қолжазбалары түрткі болған. Э.Эверсманның айтуынша, осы аймақтағы беті тегіс, биік қыраттыңҮстірт 
(«үстіңгі  жер»  мағынасында)  деп  аталуы  заңды,  өйткені  оңтүстіктегі  қарақалпақтар  қоныстанған  аласа 
жазыққа  бұған  қарама  қарсы  мағынадағы  Астүрт  («астыңғы  жер»)  атауы  берілген.  Біздің  топшылауы-
мызша,  «Үстірт»  алғашында  нақты  географиялық  нысанға  қатысты  жалқы  есім  ретінде  қолданылып, 
кейіннен жалпы есімге (терминге) айналған. 
Э.Эверсманның  осы  кезге  дейін  орысша  ғылыми  еңбектерде,  оқылықтарда  «чинк»  түрінде  беріліп 
жүрген жергілікті географиялық терминнің мағынасы мен айтылуына қатысты деректері де назар аудар-
тады, түсінікті болу үшін оны орысша нұсқасында беруді жөн көрдік: «Здешний берег, равно как и берег 
Аральского моря, очерчивающий Устюрт и заключающий возвышенную плоскость, называется киргиза-
ми (қазақтар – К.К.) чинк или чин (нк произносится в нос, так, что к вовсе почти не слышно)» [2, 144-б.]. 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №4(42), 2014 г. 

Экспедиция  материалдарына  «Натурологиялық  журнал»  деген  атпен  енген  оның  ғылыми  есебінде 
көптеген  географиялық  құбылысқа  түсіндірме  берумен  қатар,  жергілікті  атаулардың  мағынасына  шолу 
жасалған.  Ғалым  Жем  өзені  сағасында  көптеген  шығанақтар  мен  көлшіктердің  бар  екендігі,  олардың 
атаулары жөнінде деректер келтірген. Осындағы Жалтырмұз шығанағы атауына қатысты мынадай жазба 
бар:  «Жалтырмұз  шығанағыүстімен  қыста  соғатын  күшті  желдер  қарды  үрлеп  әкетеді,  сондықтан  мал 
тегіс  мұз  бетімен  тайғанақтап,  әрең  өтеді,  сондықтан  бұл  шығанақ  Жалтырмұз  деп  аталған»  [2,  137-б.]. 
Ғалым жергілікті қазақтардың осы қолайсыздыққа орай, бұл жерді Жаман деп те атайтынын жазған.  
Ғалым  еңбегінде  сол  кезеңдегі  орыс  ғалымдарымен  салыстырғанда,  Үстірттегі  географиялық  нысан-
дар  атауларының  орысша  транскрипциясы  да  неғұрлым  дұрыс  нұсқада  берілгенін  атап  өтуге  болады. 
Ғалым  орыс  ғылыми  әдебиеті  менкарталарында  «Эмба»  деп  беріліп  жүрген  өзен  атауының  қазақша 
«Жем»  екендігін  анықтап  жазған.  Э.Эверсман  Сағыз  өзені  атауына  қатысты  деректерді  сұрастыру 
барысында Сағыз өзені бастауындағы құмды тастан жаздың ыстығында шайыр бөлініп шығатынын, өзен 
атауы осыған байланысты екендігін анықтаған
Аталған экспедиция материалдарында Ұялы арал атауының осында ұя салатын көптеген қаз бен аққу 
тобына қатысты екендігі, ал қатар жатқан Желтау мен Көлеңкелі тауларының атаулары жергілікті климат 
ерекшеліктерімен  түсіндірілген.  Қазақтардың  географиялық  нысандарды  шаруашылық  тұрғыда  бағалау 
ұстанымына  сәйкес,  «жақсы-жаман»,  «тентек»  анықтауыштарының  негізінде  жасалған  атаулар  (Жақсы 
Есенжал,  Жаман  Есенжал,  Тентексор)  тобы  да  келтірілген.  Экспедиция  мүшелері  өз  жазбаларында  осы 
аймақтағы  Тентексор  сорының  өткел  бермес,  тартпа  балшықтан  тұратынын,  Тастықұдық  құдығының 
таспен өрілгенін, Шұрық деп аталатын жерде  ондаған құдықтың бар екендігін, Күркіреуік деп аталатын 
бастаудан  атқылаған  судың  дыбысы  алысқа  естілетіндігін  маңызды  дерек  ретінде  келтірген.  Көшпенді 
қазақтың кеңістікте бағдар алу мақсатында қойған құдық атауларының (Шет Тасқұю, Орта Тасқұю, Арғы 
Тасқұю) келтірілуі де номинация ұстанымдарына қатысты құнды дерек болып табылады.  
А.Ф.  Негридің  жетекшілігімен  1820-1821  жылдары  Бұхараға  жіберілген  дипломатиялық  миссия 
құрамында болған капитан Е.К. Мейендорф Қазақстанның солтүстік-батысы мен  оңтүстік-батысындағы 
аумақтар  жөнінде  маңызды  топонимикалық  деректер  қалдырған.  Кейіннен  жеке  ғылыми  еңбек  ретінде 
жарық  көрген  өз  жазбаларында  саяхатшы  қазақ  тіліндегі  географиялық  нысандар  атауларын  жергілікті 
табиғат  жағдайларымен  салыстыруға  тырысқан.  Ол  қазақтардың  номинациялау  ұстанымына  қатысты 
мынадай пікір білдірген: «Қырғыздар (қазақтар – К.К.) өзінің көзіне түскен жерлерге айрықша сипаттағы 
атаулар береді. Мысалы, Айрықтаудан оңтүстікке қарай жатқан тау Жамантау, ал солтүстіктегісі Жақсы-
тау деп аталады. Алғашқысының беткейлерінде шөп аз өскен, екіншісінде жақсы жайылым да, су да мол» 
[3, 32-б.].  
Сонымен  қатар,  Е.К.  Мейендорф  Мұғалжар  тауының  биік  нүктесін  Айрық  деп  атайтынын,  оны  екі 
мағынада түсіндіруге болатынын айтқан: біріншіден, бұл атау «жеке дара» мағынасында аталған, өйткені 
ол  басқаларынан  әлдеқайда  биік  тұр;  екіншіден,  ол  «айырық»  мағынасын  беруі  мүмкін,  өйткені  ол  екі 
шыңнан тұрады. Орыс саяхатшысының Қызылқұм шөлінің атауына қатысты жасаған қорытындылары да 
Қазақстан топонимикасы үшін маңызын әлі жойған жоқ. Оның жазбаларында Сырдария, Жаңадария және 
Қуаңдария туралы өте маңызды географиялық деректер келтірілген. Ол шыңдарын мәңгі қар басқан, кей 
бөліктері мүлде қарсыз тауларды қазақтар қара мен ақтың кезектесуі себепті «Алатау» деп атайтындығын 
атап көрсеткен. Жергілікті географиялық атаулардың мағынасы мен жазылуына осылайша айрықша мән 
беріп, жинақтаған Е.К. Мейендорф  орыс карталарында көптеген  бұрмалаушылықтың бар  екендігін атап 
көрсеткен  [3,  70-б.].  Осының  өзі  қазақ  жері  ландшафттарының  әртүрлілігі  мен  жергілікті  географиялық 
терминологияның жіктелген сипатын танып-білуге деген саяхатшының қызығушылығын дәлелдей түседі. 
Ресейде қазақтар жөнінде алғаш монографиялық  еңбек жазған белгілі  орыс  тарихшысы А.И. Левшин 
өзінің  «Қырғыз-қазақ  немесе  қырғыз-қайсақ  далаларының  сипаттамасы»  (1832)  атты  еңбегінің  1-
бөлімінде қазақ жерінің географиялық сипаттамасын берген [4]. Бұл еңбектің топонимикалық зерттеулер 
үшін маңызын біз мынадан көреміз:  
1.  Еңбекте  Қазақстан  аумағындағы  географиялық  нысандарға  сипаттама  жасау  барысында  олардың 
атауларының  мағынасына  тоқталуы.  Мысалы,  ғалымның  Сасықкөл,  Тобыл,  Терісаққан,  Аманқарағай, 
Темір  және  басқа  атауларға  қатысты  топонимикалық  деректері,  Зайсан  көлінің  «Зайсан-Нор»,  Шар 
өзенінің «Чар-Гурбан», Алакөлдің «Гурге-Нор» деген тарихи атауларын беруі аса маңызды.  
2.  Қазақ  жеріндегі  орманды  алқаптарға  қатысты  деректер  тарихи  материалдарға  сілтеме  жасау 
негізінде  берілген.  Еңбекте  Аманқарағай,  Арақарағай,  Жабыққарағай,  Ортақарағай,  Наурызым,  Сандық 
ормандары  жөнінде  мәліметтер  бар.  Қазақ  халқының  қылқан  жапырақты  ормандарды  жалпы  «қарағай» 
деп  атап,  ұсақ  жапырақтылардан  тұратын  тоғайларды  «ағаш»  деп  атағаны  белгілі.  Олай  болса,  бұл 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы, №4(42), 2014 ж. 

деректерді  ландшафттарды  қалпына  келтіруге  қатысты  топонимикалық  зерттеулерде  пайдалануға 
болады. 
3.  А.И.  Левшиннің  географиялық  нысандарға  берілген  сипаттамасы  осыдан  екі  ғасыр  бұрынғы 
географиялық дерек болғандықтан, қазіргі кезде аталу себептері түсініксіз кейбір топонимдерді зерттеуге 
бастама болады деген ойдамыз. Әсіресе Бұғылы тауында маралдардың көп мекендейтіндігі, Тобыл өзені 
бойында тобылғының көп өсетіндігі, Арал теңізінде аралдардың көп екендігі жайлы мәліметтер, Үстірт-
тегі  құландар  мен  тарпандар,  Сыр  бойындағы  қамысты  мекендейтін  жолбарыстар  туралы  деректер  аса 
құнды. 
1839 жылы қазақ жерінің батысын аралаған Е.П. Ковалевскийдің жазбаларында да қазақ атауларына 
деген айрықша қызығушылық бар. Әсіресе Бақыртау атауына қарап, саяхатшының мынадай қорытынды 
жасауы таңғалдырады:  «Мұнда мыстың кен  орны ашылуы мүмкін, бұған оның атауының өзі негіз бола 
алады...» [5, 55-б.]. 
Әйгілі  орыс  ғалымы  А.Макшеев  қазақ  жерінде  бірнеше  рет  болған.  Оның  1848  жылғы  алғашқы 
саяхаты  кезінде  Сырдария  мен  Арал  өңіріндегі  көптеген  географиялық  нысандарға  сипаттама  берген. 
Ғалымның жергілікті  атаулардың  мағынасын  білуге  құмартқаны  оның  еңбектерінде  айқын  көрінеді.  Ол 
Сырдария  өзеніндегі  ең  қолайлы  екі  өткелдің  атауларын  (Аманөткел,  Ханөткел)  жазып  алған.  Құланды 
түбегінің  құланның  көп  болуына  байланысты  қойылғанын  атап  көрсеткен,  Қамыстыбас  көлін  өзеннен 
бөліп  жатқан  бөгетті  қамыстың  көп  болуына  қарай  Қарабөгет  деп  атайтыны  жөнінде  деректер  бар  [6]. 
Кейініректе  А.Макшеевтің  XVIII  ғасырда  швед  Ренат  құрастырған  картада  берілген  қазақ  жерінің 
атауларына жасаған талдауы да ғалымның қазақ атауларына аса құрметпен  қарағанын, олардың жазылу 
ерекшеліктеріне мән бергендігін дәлелдей түседі [7].  
ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысында  Орыс  географиялық  қоғамының  тапсырмасымен  қазақ  жерін 
зерттеген  Н.Северцовтың  осы  саяхаттар  туралы  еңбегінде  де  географиялық  және  топонимикалық 
деректер  бар  [8].  Әсіресе  Құлансу  өзені,  Қаратау  жүйесіндегі  Құлан  жотасы  туралы  мәліметтері,  Жаңа-
дарияның ортағасырлық Қызылдария атауына қатысы жөніндегі тұжырымы, қытай деректерінде аталған 
Мыңбұлақ қонысын сипаттауы, Билікөл жағасындағы өсімдік пен жануар дүниесіне  берген анықтамасы 
тарихи  география  мен  топонимикалық  зерттеулер  үшін  аса  маңызды  болып  табылады.  Ғалымның 
қазақтардың  табиғатты  пайдалану  және  қорғау  дәстүрлері  жайлы  түйген  ойлары  жеріміздегі  «әулие» 
атаулардың шығу тегіне қатысты соны көзқарас қалыптастыратыны сөзсіз. Өйткені халқымызда табиғат--
ты, оның айрықша нысандарын пір тұту дәстүрі болғандығын осы еңбек дәлелдей түседі. Көне түркілер-
ден  бастау  алған  осы  пір  тұту  дәстүрі  қорғауды  қажет  ететін  табиғат  ескерткіштерін,  сирек  кездесетін 
орманды алқаптарды «әулие» атаулар беру арқылы бүлдіруге тиым салған. 
Балқаш көлі мен Жетісу өңіріне саяхат жасаған А.М. Никольскийдің жазбаларында осы аумақтың ХІХ 
ғасырдың 80-жылдарындағы табиғат жағдайлары көрініс тапқан [9]. Ғалым қазақтарды білгір натуралист 
ретінде бағалап, олардың ең алдымен шаруашылық маңызы бар табиғи нысандар мен құбылыстарға назар 
аударатынын  атап  көрсеткен.  Аталған  еңбекте  Тартүбек  түбегі,  Кеңтүбек,  Көктүбек,  Ақтүбек  туралы 
деректер бар. Жалпы «түбек» деп қазақтар су айдынына сұғына еніп тұрған құрлықтың бөлігін айтатыны 
белгілі.  Ол  термин  ретінде  ғылыми  айналымға  әлдеқашан  еніп  кеткен.  Соған  қарамастан,  оңтүстік-
шығыстағы  тауалды  өңірлерінде  тұратын  қазақтардың  өзен-көл  жағалауындағышалғын  шөп  өскен, 
шабындыққа қолайлы бөліктің бәрін «түбек» дейтінін бала кезден білетінбіз. Олай болса, А. Никольский 
еңбегіндегі  аталған  түбектердің  алғашқысынан  басқасы  шабындық  жерлер  атауы  екендігі  күмән 
туғызбайды.  Ғалымның  Балқашқа  жақын  Жүзағаш  бекеті,  Аягөз  өзені  аңғарындағы  қалың  терек  пен 
көктерек  тоғайлары,  жазда  Шыңғыстауға  үдере  көшетін  құлан  үйірлері,  балығы  тулаған  кішкентай 
Балықтыкөл,  буырқанған  Көксу  мен  Қаратал  өзендері,  Бақанас  сағасындағы  сансыз  көп  қоқиқаздар 
туралы  деректері  осы  өңірдегі  табиғат  кешендерінің  соңғы  120  жыл  ішінде  қанщалықты  өзгергенінен 
хабар береді. Бұл мәліметтер осы өңірдегі байырғы атаулардың этимологиясына қатысты дерек көзі бола 
алады.  Мысалы,  Қамау  атауының  бастапқы  мағынасын  ғалымның  мына  мәліметтері  түсіндіре  алады: 
«Қамау ормандары өте қалың және тіптен өту қиын» [9, 57-б.]. Осыдан А.М. Никольский суреттегендей, 
тал,  жиде,  қой  бүлдірген,  алып  қамыстар  бытысып өскен  бұл  тұстан  өту  қиын  болғандықтан,  көшпенді 
қазақ бұл жерді Қамау деп атағаны түсінікті болады. 
Өткен  тарихтың  куәсіндей  сарғайған  еңбектерді  ақтарған  сәттерде,  халқымыздың  мәдени  мұрасы 
ретінде бағалауға болатын географиялық атауларының тамыры тереңде  екендігіне  сан рет  куә боласың. 
Осындай  мол  мұраны  еш  жерге  жазбай-ақ,  санасында  ғасырлар  бойы  сақтаған  халықтың  кереметтігіне 
бас иесің. Әйгілі британдық тарихшы Дж. Тойнбидің мына сөздері бұған жауап беретін сияқты: «Құрғақ 
даланы  тек  малшы  ғана  игере  алатын  еді,  бірақ,  мұнда  өмір  сүріп,  даму  үшін,  көшпенді  малшы  өзінің 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Естественно-географические науки», №4(42), 2014 г. 

шеберлігін ұдайы шыңдап, жаңа дағдыларды игеріп, сонымен қатар айрықша адамгершілік және ақыл-ой 
қабілетін дамытуы керек болатын» [10, 185-б.].  
Жалпы  алғанда,  саяхатшылар  жолжазбалары  мен  зерттеушілер  еңбектерінде  молынан  кездесетін 
топонимикалық  деректер  географиялық  атаулардың  нақты  мағынасы  мен  олардың  пайда  болу 
жағдайларына талдау жасауға мүмкіндік береді деген сенімдеміз.  


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет