Монография Астана, 2010. 250 бет



Pdf көрінісі
бет82/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   112
Тақырыптық  тексеру,  мектепке  дейiнгi  ұйымдарда  білім  мазмұнын  жаңарту 
бағыттары  бойынша  оқыту  мен  тәрбиелеу  үдерісіне  бақылау  жасауға,  бiлiм 
беру  бағдарламаларының  пайдаланудың  тиiмдiлiгiн,  жаңа  инновация  мен 
педагогикалық  технологияларды  енгiзудi  қадағалап  отыруға  мүмкiндiк 
туғызады. 
Қорытынды тексеру, оқу жылын аяқталуына, жаздық сауықтыру шараларына, 
балабақшаны  дамыту  бағдарламасының  iске  асыру  мерзiмiнiң  аяқталуына 
байланысты  педагогикалық  ұжымның  жұмысына  қорытынды  жасауға 
бағытталған.  Тексерудi  iске  асыру,  оның  технологиясын  жасауда  мектепке 
дейiнгi ұйымда басқару процесiндегi тексеру объектiсiн дәл анықтау керек. Бұл 
бағыттағы  ең  маңызды  мақсат  тексерудiң  тәрбиешінің  жеке  басына  емес,  iс-
әрекетi мен оның нәтижесiне жасалатындығында.  
Сол  себептi  тексеру  объектiсi  балабақшаның  жұмыс  барысы  (санитарлық-
гигиеналық,  материалдық  және  мамандармен  қамтылуы  т.б.),  сондай-ақ  бiлiм 
беру қызметiнiң нәтижесi, белгiленген бiлiмнiң сапасы болмақ. 
    Тексерудi  iске  асырудың  басты  шарты  -  тексеруге  арналған  объктiсiнiң 
эталоны,  стандарт,  модель  туралы  нақты  түсiнiгiнiң  болуы.  Нақты  түсiнiксiз 
тексеру,  нормамен,  мақсатпен  салыстырғанда  екiұшты,  нәтижесiз  болады. 
Тексерудiң  нәтижелi  болуының  маңызды  шарты  оның  жоспарлылығы, 
жүйелiлiгi,  икемдiлiгi,  тиiмдiлiгi,  нәтижеге  бағытталғандығында.  Тексерудiң 


 
207 
объектiсi  мен  шарттарын  анықтағаннан  соң,  жетекшi  тексерудiң  iс  жүргiзу 
қырын ұйымдастыру көзделді, бұл оның технологиялық ұйымдастырылуы. 
 Алынған  мәлiметтердi  математикалық  өңдеп,  бағалаудың  балдық 
жүйесiмен эксперт қорытындысы бойынша диагностикалық карта толтырылды.  
    Балабақшадағы  тәрбиелеу  мен  оқыту  мазмұны  мен  әдiстерiн  тексеруге 
арналған  диагностикалық  картадағы  бiлiм  беру  процесiнде  балалармен 
жұмыстың  негiзгi  бағыттарының  көрсеткiштерi  мыналар:  ойын  әрекетiнiң 
дамуы,  тiлiнiң  дамуы,  қарапайым  математикалық  түсiнiктерiнiң  дамуы, 
қоршаған ортамен және балалар көркем әдебиетiмен таныстыру, қол еңбегi мен 
құрастыру  дағдылары,  бейнелеу  және  музыка  өнерiне  тарту.  Сараптау  бағасы 
балалардың  iс-әрекетiн  бақылау  негiзiнде  алынған  әртүрлi  көрсеткiштердiң 
бала  бойындағы  көрiнiсiн  тiркеу  немесе  баллдық  шкала  бойынша  белгiлеу 
арқылы  iске  асырылады.  Алынған  мәлiметтердi  математикалық  өңдеу 
процесiнде алдымен барлық өлшемдер бойынша баллдар есептелiп, содан кейiн 
ортақ арифметикасын табу жолымен әрбiр  ортақ балл анықталады.  
Мектеп  жасына  дейiнгi  балалардың  бойында  қалыптасып  дамуға  тиiс 
көрсеткiштердi  өлшеуде  балалардың  әр  түрлi  iс-әрекеттерi  (ойын,  үлкендер 
және құрбыларымен қарым-қатынас, еңбек және өзiне-өзi қызмет ету, бейнелеу 
және  құрастыру  әрекеттерi)  барысындағы  байқататын  мiнез-құлықтарына 
бақылау  жасау  да  өте  маңызды.  Бұл  топтағы  жалпы  эмоционалдық-
психологиялық  жағдайды  байқауға,  балалардың  жалпы  даму  деңгейi  мен 
жекелеген  әрекет  түрлерлерiн  игеруiн  анықтауға  мүмкiндiк  бередi. 
Мониторингтің  нәтижелi  болуы  тапсырманың  бала  түсiнiгiне  лайықтылығы, 
нұсқаудың  анық  та  дәл  берiлуi,  сондай-ақ  баланың  көңiл-күйi  мен  мiнез-
құлқының 
тұрақтылығы 
сияқты 
бiрқатар 
талаптарға 
байланысты. 
Мониторингте  тапсырмаларды  iрiктеуде  мектеп  жасына  дейiнгi  балаларға 
зерттеу жүргiзудiң ерекшелiктерi ескерiлдi.  
    Мектеп  жасына  дейiнгi  балаларға  педагогикалық  мониторинг  жүргізуде 
дұрыс нәтиже алу үшiн олардың осы жас кезеңiне тән бiрқатар психологиялық 
және  мiнез-құлықтық  ерекшелiктерiн  бiлу  өте  маңызды.  Атап  айтқанда, 
баланың  когнитивтiк  дамуының  әлi  аяқталмауы  себептi  үлкендермен  
салыстырғанда  санасының,  өзiндiк  санасының  (ырықтылығы,  iшкi  ерiк 
байланысы  мен  негiзгi  таным  процестерiнiң  тiлмен жанама  байланысы)  төмен 
деңгейде  болуы.  Сондықтан,  мектеп  жасына  дейiнгi  балалардың,  әсiресе  ерте 
жастағы  сәбиледiң  өмiрлiк  дағдыларынының  қалыптасу  деңгейiн  өлшеу  үшiн 
тапсырмаларды ұсынуда балаға берiлетiн тапсырма олардан өз бетiнше жоғары 
дамыған танымдық процестерiн басқара алуына берiлмеуi тиiс. Егер бұл шарт 
ескерiлмеген  жағдайда,  зерттеу  нәтижесiнде  алынған  мәлiметтер  баланың 
шынайы танымдық даму деңгейiмен сәйкес келмеу қаупi туады. 
    Дүниетанымдық  дағдыларын  тексеруге  арналған  тапсырмалар  жүйесi  
салыстыра алу, анализ жасай алу, қарапайым себеп-салдарлы байланыс орната 
алу,  жалпылай,  қорытындылай  алу  сияқты  ақыл-ой  әрекетi  тәсiлдерi  негiзiмен 
байланысты  iскерлiктер  дәрежесiн  бағалауға  мүмкiндiк  бередi.  Жалпы 
балалардың  әр  жас  кезеңдегi  дене  және  психикалық  дамуындағы 
ерекшелiктерге  орай  әрбiр  жаста  дамытуға  қолайлы  дене  дамуы  сапалары 


 
208 
болатынын ескерiп, оларды жiктеп көрсететiн болсақ, мектепке дейiнгi 3-4 жас 
үшiн-жылдамдық,  шыдамдылық,  бұлшық  ет  күшi  болса,  4-5  жас  үшiн 
жылдамдық,  төзiмдiлiк,  икемдiлiк  алға  шығады.  Ал  5-6  жаста  жылдамдық, 
күштiлiк  сапасы  мен  төзiмдiлiк,  7  жастағылар  үшiн  ептiлiк  пен  төзiмдiлiк 
сапаларын  дамытуға  қолайлы.  Сол  себептi  балалардың  қимыл-қозғалыс 
дағдыларын дамытуда әрбiр жас кезеңiне сәйкес дене дамуындағы сензитивтiк 
кезең ескерiлуi тиiс. 
    Сонымен қатар 3-6 жастағы балаларға жүргiзiлетiн мониторингті iрiктеп алу, 
көп  қырлы  қарастырылады  (балалардың  табиғи  қалпын  тануға,  өз  бетiмен 
iстейтiн  ақыл  ой  әрекетiн  дәл  жазып  отыру,  бағдарлама  мазмұнын  меңгеру 
деңгейi).  Мектеп  жасына  дейiнгi  балаларға  мониторинг  жүргізу  барысында 
берiлген  тапсырмалар  балалардың  қызығушылықтарын  туғызып,  оны  бүкiл 
тексеру  барысында  қолдап  отырса  онда  балалар  өз  даму  деңгейлерiне  сәйкес 
нәтижелер  мен    iскерлiктерiн  көрсетедi.  Осы  тапсырмаға  деген  тiкелей 
қызығушылықтары  жойылса  онда  бала  өздерi  игерген  iскерлiктер  мен 
дағдыларын  толығымен  көрсетпейдi.  Және  осы  жастағы  балалардың  таным 
процестерiнiң,  зейiнiнiң  ырықсыз  екендiгi,  балалардың  iс-әрекеттен  тез 
шаршайтындығы ескерiлуi тиiс.  
    Ерекше  маңыз  мектепке  дейiнгi  жас  ерекшелiктерiн  ескеруге  берiледi.  Ерте 
жастағы  балаларға  мониторинг  жүргiзу  баланың  өзiн-өзi  байқауы  мен  өзiн-өзi 
бағалауына сүйенiп жүргiзген жағдайда шынайы болады. Эксперттiк бағалауда 
ең маңызды ақпарат iшкi бақылау әрекетi мен баланың реакциясы болады. 
    Қорыта  айтқанда  мектепке  дейiн  бiлiм  беру  мазмұны  бойынша  күтiлетiн 
нәтижелердi  анықтауда  мектепке  дейiнгi  балалардың  жалпы  мектепке 
дайындығын қамтамасыз ететiн бiлуге құмарлық, ақыл-ой, бейнелу қабiлеттерi, 
шығармашылық  қиялы  мен  коммуникативтiк  дағдылары  сияқты  өзiндiк  iс-
әрекеттерiнiң  түрлерiн  дамытуды  қамтитын  өмiрлiк  дағдылар  тiзбесiн 
анықтаудан  бастадық.  Өмiрлiк  дағдыларды  тексеру  жүйесiн  құрастырудың 
ғылыми  тәсiлдерiнiң  сипаттамасын  жасауда  мектепке  дейiнгi  бiлiм  берудегi 
баланың  дамуы  мен  оның  сапасын  айқындайтын  (бағалау)  негiзгi  бағыттар 
анықталды: 
- баланың қалыпты дамуына мүмкiндiк беретiн педагогикалық жағдай; 
- өлшеу процедурасын құруда баланың психикалық, физиологиялық және жеке-
дара даму ерекшелiктерiн ескеру; 
- оқу-тәрбие процесiнде жеткен күтiлетiн нәтижелердi операционалды бағалау. 
     Зерттеу  барысында  білім  беру  мазмұнын  анықтау,  өмiрлiк  дағдыларды 
қалыптастыру  мен  дамыту  және  тексеруге  арналған  тапсырмалар  төмендi 
талаптарға жауап беруi тиiс екендiгi анықталды. 
- ұсынылатын тапсырма балалардың әртүрлi iс - әрекет түрлерiн қамтуы; 
-  тапсырмалар  балалар  дамуындағы  ауытқулар  және  оған  себепшi  болатын 
әртүрлi кедергiлердi ертерек анықтауға бағытталуы; 
-  ақыл-ой  және  әлеуметтiк  дамыту  сипатындағы  тапсырмаларды  беруде  өзара 
ара-қатынастың болуы; 


 
209 
- iс-әрекеттiң қарапайымнан сатылай күрделенiп тапсырманың деңгейлi болуы; 
-  қойылған  мақсат  пен  нәтиженiң  сәйкестiгiн  тексеру  үшiн  тапсырманың 
операционалды болуы. 
Баланы мектепке дайындау әртарапты және бала мектепке барған күнге дейін 
үздіксіз  жүргізіліп  отыруы  керек.  Бұл  істі  жүзеге  асыруда  отбасымен 
балабақшаның  бірлескен  еңбегінің  нәтижесінде  қол  жеткізуге  болады.  Біздің 
зерттеуімізде мектепке дейінгі ұйымдарда білім мазмұнын жаңартуда ОӘК  – ді 
тиімді  пайдалану  технологясын  қарастырдық  және  оны  жүргізуге  қойылатын 
талаптарға  тоқталып,  олардың  атқаратын  қызметін  ашып  көрсетіп,  білім 
мазмұнан  анықтауда  педагогикалық  мониторинг  жүргізудің  жолдарын, 
құрылымдық  ерекшеліктері  мен  жүйесін  құра  отырып  баланы  мектепке 
дайындаудың маңызды мәселелерін қарастырдық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет