Монография Астана, 2010. 250 бет



Pdf көрінісі
бет83/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   112
 
Қорытынды 
 
      Зерттеу  мәселесінің  көкейкестілігін  айқындауда  оның  бүгінгі  күнгі 
қойылысы,  жетістіктері  мен  қарама-қайшылықтары  анықталды.  Бiлiм  беру 
саласының  алғашқы  сатысы  болып  саналатын  мектепке  дейiнгi  ұйымдарда 
болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамыту, жеке тұлға ретiнде қалыптастыруға 
сәбилiк  шақтан  бастап  толық  жағдай  жасау,  тәрбиелеу  мен  бiлiм  беруге  аса 
жауапты  қарау,  білім  беру  мазмұнын  жаңартудың  ғылыми  –  педагогикалық 
негіздерін  айқындауда  осы  саладағы  зерттеулер  нәтижесі  көрсеткендей 
мектепке  дейінгі  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  мәселесі  ішінара,  біржақты 
қарастырылғаны  болмаса,  нақты  зерттеу  аясына  алынбағындығына  көз 
жеткіздік.  
   Зерттеуіміздің  мақсат-міндеттеріне,  ғылыми  болжамына  негіздей  отырып, 
жүргізілген  зерттеу  жұмыстарының  барысында  жинақталған  мәліметтерді 
талдай  келіп,  нәтижесінде  төмендегідей  қорытынды  мен  ұсыныстар  жасауға 
мүмкіндік берді: 
1.  Зертттеу  нәтижелеріне  сәйкес  ұсынылыған  әдіснамалық  тұғырлар  мектепке 
дейінгі  ұйымдарда  тәрбие  мен  оқытуда  үздіксіз  іздену,  болашаққа  ұмтылу 
барысында өзінен бұрынғы теория мен тәжірибенің ең бағалы, озық жақтарын 
алып,  сын  көзбен  қарап,  балабақшалардағы  білім  мазмұнын  жаңартуды  қайта 
қарауда басшылыққа алынады деп ойлаймыз. 
2.  Әлемдік  тәжірибедегі  және  отандық мектепке  дейінгі  тәрбиедегі  көкейкесті 
мәселелерді  зерделей  отырып,  білім  беру  мазмұнының  мәні  мен  маңызының 
ашып  көрсетілуі  білім  беру  мазмұнын  жаңартуда  жалпы  білімнен  нәтижеге 
бағдарланған  білім  беруге  баса  назар  аударуды,  білім  мазмұнын  тұтастай 
қабылдауды  және  балалардың  жеке  қабілеттері  мен  қажеттіліктеріне  сәйкес 
өмірлік дағды қалыптастыру жүйесін құру мәселесін шешуді қамтамасыз етеді. 
3.  Қазақстанда  мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  білім  беру  мазмұнының 
дамуына  шолу  жасау  арқылы  негізгі  мәселелердің  анықталуы,  ғылыми-
зерттеулердің  тұжырымдары  мен  оны  жүзеге  асырудың  кезеңдерінің 
сипатталуы,  оның  қазіргі  жағдайы  мен  басым  бағыттарының  айқындалуы 


 
210 
педагогикалық  ой-пікірлердің  қайнар  бастауынан  нәр  алатын  тәлім-тәрбиенің 
негізін қалайтын білім мазмұнын жаңартудың алғы шарттары болып табылады.  
4.  Білім  мазмұнын  жаңартуда  бірлескен  іс-әрекеттерді  ұйымдастырудың 
логикалық-психологиялық  проблема  тұрғысынан  қарастырылуы,  оның  негізгі 
принциптерінің анықталуы, ойын, еңбек және оқу әрекеттерінің ерекшеліктері 
нақтылануы,  жас  ұрпақты  тәрбиелеудегі  тиімді,  әрі  ұтымды  жолдарының 
белгіленуі  баланың  психологиялық  дамуына  ықпал  етеді  және  жүйесін 
қалыптастырады деген тұжырым жасаймыз 
5.  Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту тұжырымдамасында  теория 
мен  тәжірибенің  байланысы,  білім  мазмұнын  жаңартудың  қажеттілігі,  оған 
қойылатын  талаптар,  қазіргі  кездегі  мектепке  дейінгі  ғылыми-зерттеулер  мен 
тәжірибелік  мүмкіндіктердің  тиімді  тенденциялары,  өлшемдері  мен 
көрсеткіштері,  принциптері,  негізгі  бағыттары  мен  күтілетін  нәтижелері,  оны 
іске  асыру  кезеңдері  мен  шарттарының  нақты  көрсетілуі  мектепке  дейінгі 
ұйымдардағы  тәрбиелеу  мен  білім  беру  үдерісінде  басшылыққа  алатын 
нормативтік құжат болып табылады. 
6.  Мемлекеттік  жалпы  білім  беру  стандартына  сипаттама  жасалуы  білім 
мазмұнын  меңгертуге  қойылатын  талаптар  мен  базистік  оқу  жоспарларының 
салыстырмалы 
қызметі, 
құрылымы 
мен 
жетілдірілген 
нұсқасының 
жаңашылдық  сипаттарының  ашып  көрсетілуі,  білім  мазмұнының  базалық 
минимумының  нақтылануы,  оны  жаңартудағы  өзгерістердің  жан-жақты 
талдануы  білім  мазмұнын  жаңартуда  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқытуға 
арналған мемелекеттік құжаттар мен қаулы-қарарлардың мақсат, міндеттеріне, 
қағидаларына  сәйкес  келуіне,  тәрбиелеу  мен  білім  берудің  мазмұндық, 
процессуалдық және құрылымдық қағидаларының бірлігінің сақталуына ықпал 
етеді. 
7.  Зерттеу  барысында  ұсынылған  мектепке  дейінгі  кезеңдегі  білім  мазмұнын 
таңдау қағидаларына сүйеніп дамытушылық сипатына қарай, баланың әлеуеттік 
мүмкіндіктерін  ашуды,  білім  мазмұнының  жүйелілігінің  сақталуын,  базистік 
оқу  жоспарында  іс-әрекеттің  алуан  түрлерінің  қамтылуын  және  оның  негізгі 
компоненттерінің  (мақсаты,  міндеттері,  құралдарын  таңдауы,  әдіс-тәсілдерді 
таба  білуі,  бақылау  жасай  алуы  т.б)  нақты  орындалуы  қадағаланды.  Білім 
мазмұнын  жаңарту  негізінде  тәрбиеленушілердің  рухани-адамгершілік 
қасиеттерін  қалыптастырылуы  мен  жас  ұрпақты  тәрбиелеуде  мамандардың 
әлеуетін дамытуға баса назар аудару қажеттілігі ескерілді. 
8.Мектепке  дейінгі  білім  мазмұнын  таңдаудың  қағидалары,  білім  мазмұнын 
жаңартуға ықпал ететін маңызды факторларды айқындауға, білім мазмұнының 
құрылымын,  әдіснамалық  негіздерін,  заманауи  ғылымдағы  әдіснамалық 
тұғырларының  мазмұнын  ашып  көрсеттік.  Білім  мазмұнын  таңдаудың 
тұжырымдамасы,  өлшемдер  жүйесі,  ұстанымы,  мектепке  дейінгі  білім  беру 
мазмұнын  жаңартудағы  қарамақайшылықтар  айқындалып  оны  жоюдың 
жолдары ұсынылды.  
9. Мектепке дейінгі білім мазмұнын жаңартуда инновациялық технологияларды 
пайдалану  арқылы  тәрбиешінің  кәсби  құзіреттілігн  қалыптастыру  мектепке 
дейінгі  ұйымдарда  білім  беру  мазмұнын  жаңартуға  қатысты  тәжірибелік 


 
211 
мүмкіндіктерді  жетілдіріп,  құндылық  бағдарларды  ескеріп,  жаңа  нәтижелерге 
жетудегі  жаңашылдыққа,  шығармашылықты  дамытуға  ықпал  етеді.  Білім 
мазмұнын  жаңартуда  оның  жеке  тұлғаға  бағдарланған  болуын,  жас  ұрпаққа 
сапалы  білім,  тағылымды  тәрбие  беруде  тәрбиешінің  біліктілік  деңгейі, 
тәрбиеленушілермен 
өзара 
қарым-қатынасында 
олардың 
дара 
және 
психологиялық ерекшеліктерін жақсы білуі, педагогикалық ықпал етудің әдіс-
тәсілдерін  дұрыс  таңдай  білуі  және  тиімді  пайдалана  алуы  маңызды  деп 
ойлаймыз. 
10.  Мектепке  дейінгі  жаста  көркемдік  білім  мазмұнын  жаңартуда  сәндік-
қолданбалы  өнерді  пайдалануда  қазақ  халқының  өзіне  тән  айшықты  өнерінің 
мазмұны, мәні жайындағы педагогтардың ой-пікірлеріне тоқтала келіп, қазіргі 
кезеңдегі  қазақ  балабақшаларындағы  көркемөнерге  баулудың  ерекшеліктеріне 
тоқталдық. Мектепалды тобында эстетикалық тәрбие мен білім беру барысында 
көркемдік  білім  беру  мазмұнын  жаңартуда  сәндік-қолданбалы  өнердің 
мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы зор екендігі анықталды. Білім мамұнын 
жаңарту  қоғамның  әлеуметтік  және  экономикалық  дамуының  негізгі 
факторларының  бірі  ретінде  жеке  тұлғаға  бағытталған  болуы,  әдемдік  білім 
кеңістігіндегі  жалпы  адамзаттық  құндылықтар  мен  ұлттық  құндылықтардың 
ескерілуі,  білім  беру  бағдарламаларының  мазмұны  әрбір  білім  беру  сатылары 
мен  жас  ерекшелігіне  сәйкес  тәрбиеленушілердің  бүгінгі  заманауи  талаптар 
деңгейінде білім, білік, дағдыларды қалыптастыруға бағытталуы, жеке тұлғаны 
қалыптастыруда  білім  мазмұнын  жаңартуда  ұлттық  және  әлемдік  мәдениеттің 
кіріктіріле қарастырылуы маңызды болмақ. 
11.  Білім  мазмұнын  жаңартуда  ұсынылған  тұжырымдар  мен  ұстанымдар 
мектепке  дейінгі  ұйымдардың  алға  қойған  мақсат,  міндеттеріне  сәйкес  жалпы 
және қосымша білім беруде тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаларын өз қалаулары 
бойынша  таңдауға,  балама  және  авторлық  бағдарламалар,  арнайы  курстар,  оқу-
әдістемелік  кешендер  дайындауда  әлеуметтік  жағдайына  дүниетанымдық 
көзқарастың  алуан  түрлілігіне  қарамастан  оны  таңдауға,  өз  пікірін  айтуда 
басшылыққа  алуға,  дәлелдеуге  құқығы  бар  деп  ойымызды  түйіндейміз. Зерттеу 
нәтижелерін  саралай  келіп,  білім  мазмұнын  жаңартудың  арнайы,  ізденушілік, 
тәжірибелік және педагогикалық мониторинг жүргізу кезеңдеріндегі міндеттері, 
ұйымдастыру  формалары  қарастырылып,  білім  мазмұнын  жаңартудың 
педагогикалық,  әдістемелік  жүйесі  жасалды.  Педагогикалық  эксперимент 
нәтижелері біздің бастапқы болжамымыздың дұрыстығын дәлелдеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет