Монография Астана, 2010. 250 бет



Pdf көрінісі
бет81/112
Дата01.04.2022
өлшемі2 Mb.
#29568
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   112
 
Қоғамдық 
пікір 
 
 
Балабақша 
әдіскері 
 
 
Ата аналар 
комитеті 
 
 
Дәрігер, 
мейірбике 
 
 
Әдістемелік  
бірлестік 
 
 
Педагогикалық 
кеңес 
 
 
Тәрбиешілердің 
шығармашы-
лық  тобы 
 
 
Балабақша 
әкімшілігі 
 
 
Мониторинг 
қызметі 
 


 
202 
 
Мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  педагогикалық  мониторинг  бұл  тұтас 
педагогикалық жүйе, біз оны төмендегідей бірнеше блоктарға бөлеміз: 
 
Бірінші блок тікелей балаларға қатысты: 
 
- даму деңгейі; 
 
- оқу тәрбие барысындағы жетістіктері: 
 
- тәрбиелілік деңгейі; 
 
- денсаулық деңгейі; 
 
Екінші блок, қарапайым білім мазмұнын меңгеруі: 
 
- оқу жоспарлары; 
 
- білім беру бағдарламалары; 
 
- педагогикалық технологияларды пайдалана білуі; 
 
- білім беру үдерісінің психологиялық негіздері; 
 
Үшінші блок, педагогикалық ұжым туралы ақпараттар: 
 
- педагогикалық ұжымның сапалық сипаттамасы; 
 
- педагог мамандардың кәсіби құзіреттілігінің деңгейі; 
 
- мектепке дейінгі ұйымдардағы мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру 
жүйесінің тиімділігі; 
    Мектепке 
дейінгі  ұйымдардың  педагогикалық  мониторинг  жүйесін 
қалыптастыру  үшін,  біз  балабақшадағы  білім  беру  мазмұны  жайында 
мәліметтер  жинақтап  оған  талдау  жасадық.  Жұмыс  мазмұны  мониторинг 
жүргізудің  бағыттарын  кеңейту  қажеттілігін  көрсетті.  Мектепке  дейінгі 
ұйымдардың негізгі міндеттерінің бірі «барлық білім беру үдерісіне қатысатын 
балалардың  қабілеттерін  дамытуға  жағымды  жағдай  жасау»,  бұл  міндетті 
шешуде  педагогикалық  мониторинг  маңызды  рөл  атқарады.  Педагогикалық 
мониторинг  білім  беру  нәтижелерін  жүйелі  тексеруде  және  болжам  жасауда 
біздің зерттеуімізде төмендегідей бағыттарда қолданылды:  
-  білім  беру  үдерісінде  әрбір  қатысушыларға  өзінің  іс-әрекеті  барысында 
ойлануға көмектеседі;  
 -  педагогтарға  педагогикалық  қызметтің  тиімділігін  анықтауға,  дидактикалық 
құралдарды,  әдіс-тәсілдерді  тиімді  пайдалануға  мүмкіндік  береді  және  оған 
талдау жасайды, ата-аналардың талап тілектері мен балалардың жас ерекшелігі 
ескеріледі; 
Мониторинг жүйесін жобалаудың мақсаты: 
- тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын жаңартуға бақылау мен басшылық жасау;  
-  мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  білім  беруді  басқару  сапасының  тиімділігін 
анықтау. 
Мониторинг жүйесін жобалаудың міндеттері: 
- педагогикалық үдеріске үнемі бақылау жасап оның барысын талдау;  
- педагогикалық үдеріс барысындағы өзгерістер мен факторларды анықтау; 
-  теріс  тенденцияларды  болдырмау  және  оның  алдын  алу;  -  оқу  әдістемелік 
жұмыстардың тиімділігі мен оқу үдерісінің арнаулы мамандармен және қажетті 
ресурстармен қамтамасыз етілуі;  
Балабақшаларда мониторинг жүргізуде әдістемелік ұйымдастыруға қойылатын 
талаптар: 


 
203 
- балабақшаның үнемі талдау жасаған уақыттарына сәйкес тәрбиелеу мен білім 
беру көрсеткіштерін тексеруден өткізіп отыру;  
 -  белгіленген  кезеңдерде  жинақталған  көрсеткіштер  үйлестіріліп,  өңделіп, 
түзетіліп, толықтырылып отырады;    
Балабақшадағы  эсперимент  жұмысында  педагогкалық  мониторинг  үш 
кезеңде жүргізілді: 
1.  Алдын-ала бақылау жүргізу (ориентировочный), 
2.  Тәжірибелік (диагностический), 
3.  Аналитикалық талдау жасау (постановочный). 
Алдын-ала бақылау жүргізуде төмендегідей жұмыстар атқарылды: 
-  оқу  үдерісінің  сапасына  педагогикалық  мониторинг  жүргізу  туралы 
Ереже дайындалды; 
-  тәрбиешілердің  кәсіби  және  әдістемелік  құзіреттілігін  анықтаудың 
өлшемдері анықталды; 
- мониторинг жүргізу обьектісі анықталды; 
-  тәрбиелеу  мен  білім  беру  мазмұнын  жаңартудың  технологияларын 
таңдау; 
- зерттеу нәтижелерін рәсімдеудің формалары анықталды; 
-  жүргізілген  экспериментке  байланысты  балабақшадағы  тәрбиелеу  мен 
білім  беру  үдерісіне  мониторинг  жасау  жүйесіне  талдау  жасай  келе 
зерттеудің  болжамы  ұсынылып  ол  бірізділікпен  тәжірибеге  енгізілуде 
және тәрибиешілердің өз білімін дамыту деңгейін жетілдіруге баса назар 
аудару; 
- ақпараттарды жинақтау және талдаудың әдіс-тәсілдерін анықтау;  
     Тәжірибелік  екінші  кезеңде:  тікелей  тәрбиелеу  мен  білім  беру  мазмұнын 
жаңартуға  ерекше  мән  берілгені  туралы  мәліметтерге  талдау  жасалды.  Ең 
бастысы  –  біз  тәрбиелеу  мен  білім  беру  мазмұнын  жаңартудың  тиімді 
жолдарын  анықтаудың  слыстырмалы  көрсеткіштері  мен  нәтижелерін  және 
балалар  мен  тәрбиешілер  іс–әрекетінің  нәтижесін  обьективті  бағалау 
формаларының анықталуы. 
    Үшінші  кезеңде,  біз  балабақшалардың  негізгі  міндеттерін  жүзеге  асыру  мен 
оның  бағыттарын  жетілдіруге  арналған  ақпараттарды  жүйелеп,  басқару 
шешімдерін  шығарып  және  талдау  жасадық.  Бұдан  кейін  талдау  мен 
тәжірибелік  жұмыстарды  үш  негізгі  мониторинг  блоктарына  бөліп 
қарастырдық 
Мониторингтің  бірінші  блогы  –  білім  мазмұнының  баланың  жеке  басын 
дамытууға  әсері  яғни,  тәрбиелеу  мен  білім  беру  негізінде  баланың  дамуына, 
тәрбиесіне,  денсаулығын  нығайтуға  бағытталды.  Бұл  мәселелерді  шешу 
барысында  балабақшаның  психологиялық  қызметі  үлкен  рөл  атқаратындығы 
байқалды.  Оның  негізгі  мақсаты  тәрбиелеу  мен  білім  беру  үдерісін 
психологиялық,  валеологиялық  тұрғыдан  қамтамасыз  ету  және  баланың  жеке 
дамуына толыққанды психологиялық ықпал ету болып табылады. 
Алға қойған негізгі міндеттер: 
1. Білім мазмұнының баланың жас ерекшелігіне сәйкестігін анықтау, табиғи    
    дамуы мен әлеуметтік ортаға бейімделуіне бақылау жасау.  


 
204 
2.  Балалардың  өздігінен  шығармашылықпен    дербес  әрекет  етуіне,  олардың 
қоршаған  ортамен  қарым-қатынасын  және  әр  баланың  жеке  тұлға  ретінде 
қалыптасуына жағдай жасау. 
3.  Баланың  дамуы  мен  оқу-тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастыруға  арналған 
әлеуметтік педагогикалық дамытушы орта жабдықтау. 
Осы орайда жүргізілген жұмыстардың бағыттары:  
I. Психопрофилактикалық жұмыс. 
II. Психодиагностикалық жұмыс. 
III. Дамыту және түзету жұмыстары.  
IV. Педагогтар мен ата - аналарға арналған кеңестер өткізу. 
    Мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  тәрбиелеу  мен  білім  беру  үдерісін 
психологиялық,  валеологиялық  тұрғыдан  қамтамасыз  ету  бұл  балабақшаның 
талап  тілектерінен  туындап  отыр.  Соңғы  жылдарды  балалардың  алуан  түрлі 
психологиялық  проблемалары  көбейе  түскендігі  байқалады.  Ол  білім  беру 
үдерісін  тиімді  ұйымдастыруға  кері  ықпалын  тигізері  сөзсіз.  Олар  атап 
айтқанда:  ашушаңдық,  ызақорлық,  тұйықтық,  салғыттық,  оқу  іс–әрекетіне 
баяулық т.б (СДВГ, ЗПР) сияқты жағымсыз тенденциялардың етек алуы  және 
балалардың  топта  шектен  тыс  көп  болуы  білім  мазмұнын  меңгеруге,  оны 
педагогикалық, 
әдістемелік 
талаптарға 
сай 
ұйымдастыруға 
кедергі 
келтіретіндігі  анықталды.  Ата–аналардың  құзіреттлігі  мен  педагогикалық 
сауаттылығының жеткіліксіздігі баланың жеке басының дамуында, тәрбиесінде 
кері 
әсер 
қалдыратындығы 
ол 
балабақшадағы 
құрбыластарымен, 
тәрбиешілермен  қарым–қатынаста  да  өзінің  теріс  көрністерін  беріп  қалады. 
Балабақшаның  жылдық  жоспарларына  сәйкес  психологтің  қызметіне 
байланысты жүйелі түрде психикалық дамуы мен саулығын қалпына келтіруге, 
зейіні мен қабілеттерін дамытуға тұрақты жұмыстар жүргізіледі. Осыған орай, 
түзету–дамыту  жұмыстары  бірнеше  бағытта  жүргізілді:  таным  процестерін 
дамыту,  эмоционалдық  ерік  –  жігерін,  интеллектуалдық  қабілеттері  мен  оқу 
дағдыларын  қалыптастыру,  өзара  қарым–қатынасын  дамыту,  сана,сезімі  мен 
қоршаған ортадағы жақсы іс–әрекеттерді жағымды қабылдауын дамыту. 
    Зерттеу  барысында  ата–аналармен  де,  тәрбиешілермен  де  оқу–ағарту 
жұмыстары  жүргізілді.  Ата–аналармен,  жас  тәрбиешілермен  моральдық–
психологиялық  ахуалды  жақсарту  бағытында  әңгімелер,  жеке  кеңестер 
жүргізілді.  Мысалы:  «Ызақорлықтың  басты  себептері»,  «Сіздің  балаңыз 
қандай?»,  «Педагогикалық  гигиена  Ережелері»,  «Педагогтар  үшін  –
конфликтология»,  «Баланы  мектепке  дайындаудың  өзекті  мәселелері»т.б. 
Балабақша психологтары үнемі балаларға жеке психологиялық көмек көрсетіп, 
әртүрлі  кездескен  жағдаяттардан  шығудың  жолдарына  ұсыныстар  жасап 
отырды.  Баланың  жеке  дамуындағы  психологиялық  міселелерге  байланысты 
ата–аналарға  әдістемелік  нұсқаулар,  тесттік  тапсырмалар  дайындалды. 
Психолог  мамандардың  жылдық,  күнтізбелік  жоспарлары  жасалып,  түзету–
дамыту  сабақтарының  қорытындысы  бойынша  жеке  кеңес  журналдары  және 
ата–аналар  мен  педагогтарға  арналған  ақпараттық  материалдар  эксперимент 
барысында  жүйелі  түрде  ұсынылды.  Мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  негізгі 
бағыттардың бірі психолог мамандардың қызметі: 


 
205 

 
психологиялық диагностика; 

 
түзету және дамыту жұмыстары; 

 
психологиялық кеңес беру; 

 
псхологиялық сауаттылық; 

 
психопрофилактикалық; 
Психологиялық қызмет төмендегідей міндеттерді шешеді: 
1.  Баланың мектепке психологиялық дайындығын анықтайды. 
2.  Балабақшаға  және  мектепке  барғандағы  баланың  бейімделу  деңгейіне 
диагностика жасайды және оларға психологиялық кеңес, көмек көрсетеді. 
3.  Балалардың  ашушаң,  ызақор,  тұйық  т.б  ауытқушылықтарын  анықтап,  оған 
психологиялық педагогикалықтүзету жұмыстарын жүргізеді. 
4.  Ата-аналармен  және  тәрбиешілерге  арналған  баяндамалар  дайындап, 
педагогикалық кеңес немесе ата аналар жиналыстарына қатысады. 
5.  Ата-аналармен және балаларға жеке психологиялық кеңестер өткізеді. 
    Қазіргі кезеңде балалардың интеллектуалдық даму аясын зерделеу көкейкесті 
әрі  тәрбиелеу  мен  білім беру  үдерісін  тиімділігін  анықтауда  маңызды  болмақ. 
Ол  бiлiм  бағдарламалары  мазмұнын  меңгеру  процесiнде  қалыптасқан  белгiлi 
әрекет  түрлерi  бойынша  дайындығы  бағаланатын  мемлекеттiк  бiлiм 
стандартары талаптарына сәйкес болуы керек. Мониторинг-күнделiктi бақылау, 
бағалау  және  болжау,  бiлiм  беру  үрдiсiнiң  барысын,  нәтижелерiн  және 
тиiмдiлiгiн iзбе-iз үздiксiз зерделеу. 
    Ал  педагогикадағы  бағалау  оқу-әдiстемелiк  кешеннiң  мәнiнiң  белгiлi  бiр 
қалыптарға сәйкестiгiн белгiлеу болып табылады. Өлшем-бiр нәрсенi бағалауда, 
анықтауда немесе жiктеуде негiзге алынатын белгiлер, бағалау өлшеуiштерi.  
    Педагогикалық  өлшем–педагогика,  психология,  өлшеудiң  жалпы  теориясы, 
статистика, математика, логика және философияның тоғысуында, соңғы ғасыр 
iшiнде жасалған ғылыми теория. 
    Мониторингтiң  мектепке  дейiнгi  бiлiм  беру  жүйесiне  үйлесетiн  келесi 
қырларын көрсетуге болады: 
-  мектепке  дейiнгi  бiлiм  беру  жүйесiн  дамыту  мақсатында,  сондай-ақ  бұл 
салаға  жат  немесе  сын  көтермейтiн  жағдайларды  болдырмау  үшiн  ұлттық, 
аймақтық,  жергiлiктi  деңгейдегi  мектепке  дейiнгi  ұйымдардың  бiлiм  беру 
қызметiнiң  сапалық  көрсеткiштерiн  жүйелi  әрi  үнемi  жинау,  сараптау  және 
бағалап отыру; 
-  педагогикалық  жүйе  қызметiнiң  нақты  нәтижелерiнiң  түпкi  мақсатқа 
сәйкестiгiн айқындау үшiн өткiзiлген iс-шараларды бағалау; 
 -  түрлi  ауытқушылықтар  дәрежесi,  оның  бағыттары  мен  себептерiн  дұрыс 
бағалау мүмкiндiгi. 
    Монторинг  стандартқа,  эталонға,  нормаға  негiзделедi.  Көзделген  эталонмен 
нақты  нәтиже  салыстырмалы  қарастырылатындықтан,  монитроингтiң  басты 
негiзi  мен  шарттарының  бiрi–нормалау  болып  табылады.  Мониторингтiң 
нәтижелi болуы нормалар мен стандарттардың дұрыс та дәл берiлуiнде.  
    Көптеген  ғалымдар  осы  уақытқа  дейiн  педагогикада  нәтиженi  өлшеуде, 
бағалауда  ең  қиын,  шешiмiн  таппаған  мәселе,  бiр  нормаға  салынған  –  бiлiм 


 
206 
беру  нәтижесiн  анықтауға  болатын    параметр,  критерии,  көрсеткiштердi  дәл 
айтып  бере  алмауында  деп  пайымдайды.  Бұл  мониторинг  бойынша 
көрсеткiштердi өлшеу мәселесiнiң күрделiлiгiн байқатады. 
    Бiлiм  беру  нәтижесiн  бақылау  ғылыми-педагогикалық  сараптау,  бағалау 
әдiстерi  арқылы  жүзеге  асады.  Олардың  жиынтығы  (педагогикалық  процестi 
бақылау, күн режимiне хронометраж жасау, құжаттарға талдау жасау, балалар 
жұмыстарын  сараптау,  тәрбиешiлер  және  балалалармен  әңгiмелесу,  бала 
дамуының  деңгейiн  анықтайтын  педагогикалық  диагностика  әдiстерi,  ата-
аналарға  сауалнамалар  т.б.)  бiлiм  беру  үдерісiнiң  шынайы  жағдайы  байқауға 
мүмкiндiк  бередi.  Мектепке  дейiнгi  ұйымның  педагогы  сарапшы  ретiнде 
әртүрлi сандық және сапалық әдiстердi қолдана отырып, бiлiм беру процесiнiң 
түпкi  мақсатқа  (бiлiм  беру  бағдарламаларының  мақсаты  мен  мiндетi,  жылдық 
жоспар,  мектепке  дейiнгi  ұйымды  дамыту  бағдарламасы  т.б.)  немесе 
нормалаушы  құжаттарға  (мектепке  дейiнгi  тәрбиелеу  мен  оқытудың 
мемлекеттiк стандарты) сәйкестiгiн анықтайды. 
    Барлық  алынған  ақпараттар  мұқият  сараланып,  негiзгi,  қосалқы  және 
кездейсоқ  мәселелер  бөлiнiп  шығарылып,  өзара  байланысы  және  тәуелдiлiгi, 
сәтсiздiктiң себебi ашылады. Тексеру функциясы талдау функциясына ауысады
Практикада  тексеру  мен  талдау  шаралары  бөлек  болғанымен,  бiрiн-бiрi 
толықтырып  отырады.  Тексеру  фактының  нормадан,  стандарттан,  эталоннан 
ауытқуын  белгiлесе,  ал  талдау  осы  ауытқушылықтардың  себебiн  түсiндiредi. 
Талдау  бақылауға  қарағанда  субъективтiк  сипатқа  ие,  яғни,  талдайтын, 
сараптама жасайтын адамның жалпы бiлiктiлiк деңгейiне тәуелдi. 
    Ақпартты жинау процесiнде келесi тексеру түрлерiн көрсетуге болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет