Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет122/193
Дата06.01.2022
өлшемі14,19 Mb.
#16567
түріМонография
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   193
айналшық жегендей
 деген де сөз бар. Оның мəні бір жерді төңіректеп, 
маңайлап  кете  қоймайтын,  жүріп  алатын  кісі  туралы  айтады.  Шыр 
айналып шықпау мағынасын беретін «айналшық жегендей» тұрақты 
тіркесінің қалыптасуына негіз болған айналшық сөзіне Қазақ тілінің 


168
түсіндірме сөздігінде «Айналшық – тік ішектің сыртқы жиегі, ернеуі» 
деген ғана түсінік беріледі (1т.102 б). Ал 1999 жылы жарыққа шыққан 
Қазақ тілінің сөздігінде бұған қосымша «улы шөп» деген түсінік берілген 
(21 б).   Біздіңше, тұрақты тіркестегі айналшық сөзінің қалыптасуы айла 
түбірінен шығады. Айла сөзін көптеген тілдерде кездестіруге болады. 
Мысалы: айлан ajlan (əзірбайжан, гагауз диал, татар, қарачай-балқар, 
қырғыз, алтай, өзбек, ұйғыр); ейлен – /eylen (қараим тілінің қырым диал); 
əйлен – /ajlan (башқұрт, татар); айлақ -/ajlag (құмық); айнал – /ajnal (қазақ; 
өзбек диал.).  Айла етістігі қазіргі тілдердің кейбірінде ғана сақталған. 
Ал кең тарағаны оның – айлан түріндегі өздік етіс формасы. Ал айнал 
болса, айлан етістігінің метатеза құбылысына ұшыраған формасы деуге 
болады.
Сонда құлаққа ұрған танадай фразеологизміне ілесе туған айналшық 
жегендей тіркесі. Бұл да сол ауырған малға ұқсата теңеп айтқаны. Ал 
ауырған малды қазақтар жұдырықпен құлаққа қатты соғу арқылы жа-
зады, сонда есеңгіреп қалған төл, аздан кейін шөл жеп, су іше бастайды 
[Қараңыз: Мұқанов С. Қазақ қауымы. 1995:81б]. Қазақтың тып-тыныш 
бір халді «Құлаққа ұрған танадай деуі содан болса керек.
Жалпы,  қазақ  халқының  малды  емдеудің  түрлі  тəсілдері  болғаны 
анық. Өйткені ауырған малды қазақ емсіз қалдырған емес. Ендеше, сиыр 
төлін құлаққа ұру арқылы емдеу – осы халық емшілерінің мал емде-
удегі бір тəсілі. Кейін уақыт өте келе мал дəрігерлері шығып, мұндай 
тəсіл ұмыт болып, ол тек тұрақты тіркеске айналса керек. Кейде көркем 
əдебиетте осы тіркестің өз мағынасында қолданылғанын да кездестіруге 
болады. Мəселен, Б.Момышұлының қолданысында бұл есеңгіреп қалу 
деген нұсқада қолданылады. Мысалы: 
Танк құлаққа ұрған танадай есеңгіреп, сырт айналып, кілт тоқтап 
қалды.
Біздіңше, құлаққа ұрған танадайдың ең негізгі мағынасы – есеңгіреу. 
Малды ұрғанда есеңгіретіп алып, есін жиғызу о баста ауырған малды 
емдеу үшін қолданылған, сондықтан бұл тіркестің жасалуына халық 
емінің бір түрі негіз болған. Алайда құлаққа ұрған танадай – жым-
жырт, тыныштық дегені əу баста қате қолданыспен қалыптасқан сияқты. 
Негізінде  фразеологиялық  мағынасы  есеңгіреу,  есеңгірету  екені  ал-
дымен  теңеу  мəнде  қалыптасқан.  Ə.Қайдар  да  бұл  тіркестің  мəңгіру 
мағынасын беретінін айтады. Есеңгіреу мен мəңгіру өзара мəндес сөздер. 


169
Ал тыныштық, жым-жырт деген мағынасы полисемиялық құбылыстың 
нышаны ретінде жалғаса туған мағынасы жиі қолданылады екен. Сон-
да бұл тіркестің екі мағынасы бар: бірі – есеңгіреу, екіншісі – жым жырт 
тыныштық.
Сонымен бірге, осы мал шаруашылығындағы емдеу ғұрпына бай-
ланысты  «бастан құлақ садақа»  деген  тұрақты  тіркес  те  кеңінен 
қолданылады. 
Бұл тіркестің де қалыптасуы осы халық еміне байланысты туындаған. 
Ауруға шалдыққан малдың бір құлағын кесіп алып, оны басынан үш 
айналдыра  «бастан  құлақ  садақа»  деп  лақтырып  жіберетін  болған. 
Мұның бəрінен байқайтынымыз, көшпелілердің малға қатысты таным 
түсініктері де тілде өзіндік көрініс тапқандығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   193




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет