Тірек сөз – төрт түлік мал атаулары жəне үй хайуандары Қазақтардың тұрмыс-тіршілігі мен мəдениеті төрт түлік, мал
шаруашылығына қарай қалыптасқан.
Ішсе тамақ, кисе киім болған төрт
түліктің кез келген ұлттың күн көрісіндегі алатын орны ерекше. Ал оның
тұрақты тіркестер жасаудағы белсенділігі, əсіресе, қазақ тіліндегі фразе-
ологизмдерден анық көрінеді.
Қазақ фразеологизмдерінің қоры ұлттың
рухани құндылығы ретінде ерекшеленеді.
Төрт түлік атаулары – қой, жылқы, сиыр, түйенің фразеологиялық
деректер арасында ең жиі əрі өнімді жұмсалатыны – қой малы. Қазақ
тілінің фразеологиялық сөздігінде (1977) қозы сөзі ұйытқы болған 8
тіркес, қой сөзімен 25 фразеологиялық тіркес келтірілген.