Монография Семей «Үш биік» баспасы 010 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ ббк 84. (5 Каз) а 56



бет2/20
Дата07.01.2022
өлшемі0,74 Mb.
#17517
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
қайсысы болса да қызықты сюжет, тартымды оқиғаларға құрылған.

Оларда балалар бойындағы зеректік, тәртіптілік, еңбек сүйгіштік,

адалдық, адамгершілік, ұйымшылдық сияқты асыл қасиеттер

дәріптеледі, ал кейбір балалардың бойында кездесетін тентектік,

өтірікшілік, жалқаулық, дөрекілік, мақтаншақтық сияқты жағымсыз

қылықтар әшкереленеді” /6, 198/. Ш.Ахметовтің аталған еңбегі

балалар әдебиетіне арналған алғашқы зерттеу еңбек болуымен

ерекше.

Ғалым С.Ордалиевтың “Қазақ совет драматургиясының очеркі”

атты еңбегіндегі 1950-60 жылдардағы қазақ балалар драматургиясының

мәселесін көтерген көлемді мақаласының да маңызы зор. Мақаланың

авторы 1950-60 жылдардағы балаларға арналған пьесалардың біраз

бөлігін идеялық, тақырыптық жағынан талдаған. Мақалада сол

кездегі драматургиядағы тартыссыздық мәселесіне тоқтала келіп,

Қ. Бадыров пен М.Ақынжановтың “Алтын сақа”, М.Ақынжановтың

Ыбырай Алтынсарин”, Ш.Құсайыновтың “Нұрлы тас”, Ш.Байжановтың

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 5

Әлия Молдағұлова” және т.б. авторлардың шығармаларын талдап,



өз бағасын береді.

Алайда автор пьесаларды талдау барысында идеялық бағытты

ұстанған. Мәселен, “Алтын сақа” пьесасын талдай келе: “Алтын

сақа” пьесасының авторлары халық ауыз әдебиетінің әр түрлі

үлгілерін жете меңгеріп, орынды пайдаланғандықтарымен қатар,

бүгінгі күннің мақсаты болған, жастарды коммунистік рухта

тәрбиелеу идеясымен дұрыс ұштастыра білген. Сондықтан да пьеса

ежелгі уақыттағы ертегі аңыздарды суреттеу арқылы қазіргі таңның

талабына үн қосады”,- дейді /7/. Дегенмен де, С.Ордалиевтың аталған

мақаласы сол кездегі қазақ балалар драматургиясына баға беруімен,

жіктеп, саралауымен құнды дей аламыз. Автор өз мақаласында тек

қазақ балалар драматургиясы ғана емес, орыс балалар драматургиясына

да назар аударып, қазақ және орыс балалар пьесаларындағы

ұқсастықтар мен кемшіліктеріне тоқталып өтеді.

Балаларға арналған пьесалар жинағы туралы пікірін

Ж.Қалиасқаров “Қазақстан мұғалімі” журналына жарияланған

мақаласы арқылы білдіреді. Автор “Пьесалар” атты жинаққа кірген

он төрт туындыға өзінше баға беріп талдайды. Ж.Қалиасқаров та

пьесадағы тартыстан таптық мән іздейді: “Жинақтағы “Тапқыр бала”

– ертегі сарынымен жазылған пьеса. Оқиғасы қызық, тілі орамды.

Мұнда екі тап белдесіп күреске түседі: қалың елге зорлық-зомбылық

жасап, қан қақсатқан қара күштің иесімен оның айналысындағы

баскесерлер болса, екіншісі – еңбекші бұқара, оның ақылға кемеңгер

ұлы Әппекім. Ол тапқырлығымен өлімді жеңіп шығады” /8/. Мектеп

өмірі, бала тұрмысын суреттейтін пьесаларда көбіне әдепті мен

әдепсіз, ұқыпты мен ұқыпсыз, салақ балалардың мінездері

әңгімеленеді. Шынында да қандай да бір шығарма жазу үшін не тап

тартысын, не коммунистік идеяны насихаттау міндет болған тұста

басқаша сын айту мүмкін де емес еді.

Балаларға арналған шығармалардың ерекшеліктері туралы орыс

зерттеушілерінің әсіресе, В.Г.Белинскийдің, Н.Г.Чернышевскийдің,

М.Горькийдің одан кейінгі жазушылар К.Чуковский, С.Маршак т.б.

еңбектерінде сөз бола бастады. В.Г.Белинский балаларға арналған

шығармалардың жас ерекшелігіне байланысты болу керектігін айтса,

М.Горький балаларға арналған шығармаларда көрінетін коммунистік

рухтағы тәрбиеге көбірек көңіл бөлуді ұсынған. С.Маршак балалар

әдебиетіндегі стиль мәселесіне назар аудартады.

6 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

Қазақ зерттеушілері де балалар әдебиеті туралы өз пікірлерін аз-

аздап болса да білдіріп жатты. С.Қирабаев “1949 жылғы балалар

әдебиеті” деген мақаласында балалар әдебиетіне қойылатын негізгі

талаптарды айтады: “Балалар әдебиетіне қойылатын негізгі талаптар:

біріншіден, шығарманың оқиғалы (сюжетті) болуы. Оқиға қызғылықты

болып, балаларды өзіне тартып отыруы керек. Екіншіден, балалардың

білім дәрежесі, жас ерекшеліктері ескерілуі керек. Балалар үшін

жазылған кітаптар әр кластағы баланың өз тіліне, өз білімінің,

педагогика тұрғысынан ұстамды, дидактиканың принциптерін

қамтуы керек” /9/. Ғалым С.Қирабаев бұдан кейін де балалар әдебиеті

мәселесіне арналған “Балаларға үлкен әдебиет жасайық” /10, 75/

деген мақаласында балалар әдебиетіне қойылатын биік талаптар

жөнінде айтады. Және де автор мақаласында жоғарыда айтылған

ойды дамыта келіп балалар үшін жазылған шығармалардың тіл

тазалығы мен көркемдігі ең басты талаптардың бірі екеніне мән

береді.

Балаларға арналған туындылардың ерекшеліктері туралы,

балалар үшін жазылған шығармалардың көкейкесті мәселелері

туралы сыншы Қ.Ергөбековтің құрастыруымен жарыққа шыққан

“Сөзстан” кітабының айтары көп. /11/. Кітапта С.Маршак, А.Барто,

С.Михалков, С.Бегалин, Ө.Тұрманжанов, С.Омаров, М.Әлімбаев,

Б.Соқпақбаев, Ә.Дүйсенбиев, Қ.Ыдырысов т.б. балалар жазушыларының

шығармашылықтары туралы және де балалар әдебиетінің негізгі

мәселелері туралы мақалалар бар. “Ақ кеме алыстап барады” деген

мақаласында Б.Сарбалаев қазақ балалар прозасындағы өрлеу, өсу

туралы айтса, Қ.Ергөбеков “Мейір гүлденген жүрек” мақаласында

ақын Ә.Дүйсенбиевтің ақындық шеберлігіне тоқталады. Б.Кенжебаев

“Көне дәуірдің көркем мұрасы” деген сұхбатында ауыз әдебиеті мен

балалар әдебиетінің байланысына назар аудартады. Осылайша

жинаққа енген мақалалар балалар әдебиетінің проза, поэзия

саласындағы жетістіктер мен кемшіліктер туралы сыр шертеді.

Алайда, балалар драматургиясы мәселесі туралы тағы да сөз жоқ.

Мұнымен жоғарыда аталған мақалалардың құнын төмендетпейміз.

Қайта балалар драматургия-сының назарға ілікпегеніне көңіл

аудартқымыз келеді.

Бүгінгі балалар прозасындағы рухани эстетикалық даму мен

ұлттылық мәселесін байланыстыра зерттеген Б.Ыбырайымның

“Қазіргі қазақ прозасы және рухани эстетикалық даму мәселелері”

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 7

атты докторлық диссертациясының жалпы балалар әдебиетінің

зерттеліміне қосары мол. Автор диссертациялық еңбегінде көркемдік

шындықтың ұлттық ерекшеліктермен байланысты, сабақтас екеніне

назар аудартады. Осы ойын жалғастыра келе зерттеуші : “Әлі

жеткілікті ескерілмей жүрген мәселелердің бірі – ұлттық қасиет,

ұлттық дәстүр, нақыш рухты орағытып өтуге болмайды... Әрбір

адамның рухани анасы іспетті ұлттық - халықтық дәстүрден алыстау

адамды ерте ме, кеш пе рухани шаршауға, депрессияға,

психологиялық дағдарысқа белгілі мөлшерде ұшыратпай қоймайды”,-

дейді /12. 172/. Б.Ыбырайымның “Ой мен Сөз”, “Сырлы әлем”

кітаптарында бүгінгі күндегі балалар әдебиетінің көтерер жүгі туралы

айтылады.

Балалар әдебиетіне арналған зерттеулер қатарына “Қазақ

балалар әдебиетінің кітапханасы” айдарымен шығып келе жатқан көп

томдықтың алғы сөзіне жазылған пікірлерді де қосуға болады. Сол

томға шығармасы кірген автордың өмірбаяны, шығармашылығы

туралы, ұсынылып отырған туындыға берілетін баға туралы пікір

айтылады.

Қазақ балалар жазушыларының суреткерлік портретін беруге

арналған “Қазақ совет балалар жазушылары” атты кітапта С.Бегалин,

Қ.Мұқышев, М.Гумеров, Қ.Ыдырысов, Е.Елубаев, Ә.Дүйсенбиев,

Б.Соқпақбаев және т.б. жазушылардың өмірбаяндары айтылады.

Қаламгерлердің балалар әдебиетіне айтқан пікірлері, ой-толғамдары

берілген. Әсіресе, балаларға драмалық шығармалар арнаған М.Гумеров,

С.Омаров, Е.Елубаевтардың мақалалары назар аудартарлық /13/.

Қазақ балалар әдебиетіндегі проза, поэзия саласын зерттеген

ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, жалпы балаларға арналған

туындылардың қандай болуы керек екені жөнінде мағлұмат аламыз.

Ал, қазақ драматургиясын жан-жақты зерттеген ғалымдар М.Әуезов,

Р.Нұрғалиев, С.Ордалиев, Ә.Тәжібаев, Р.Рүстембекова, М.Дүйсенов,

Ж.Әбілев және т.б. еңбектерінен жалпы драматургия жанрының

ерекшеліктері туралы мәлімет ала отырып, балалар драматургиясының

өзіндік сипатын ашуға тырыстық. Қазақ драматургиясының



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет