Монография Семей «Үш биік» баспасы 010 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ ббк 84. (5 Каз) а 56



бет1/20
Дата07.01.2022
өлшемі0,74 Mb.
#17517
түріМонография
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

А.С.АҚТАНОВА

Қазіргі қазақ балалар

драматургиясы
монография

Семей


«Үш биік» баспасы

2010


2 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

ББК 84.5 (5 Каз)

А 56

Баспаға Семей мемлекеттік педагогикалық институтының



ғылыми кеңесі ұсынған

Жалпы редакциясын басқарған:

Жүсіп Қ.П. – С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік

университетінің қазақ филологиясы кафедрасының

меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор

Пікір жазғандар:

Еспенбетов А.С. – М.О.Әуезов және абайтану орталығының

директоры, филология ғылымдарының докторы,

профессор

Әбдіғазиев Б. – Абай атындағы Алматы педагогикалық

университеті қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі,

филология ғылымдарының докторы, профессор

А 56 Ақтанова А.С.

Қазіргі қазақ балалар драматургиясы. Монография. – Семей. «Үш биік»

ЖШС баспасы, 2010. –140 бет.

ISBN 9965-828-10-6

Қазақ балалар әдебиетінің зерттеу нысанынан кенжелеу қалған саласы балалар драматургиясына арналған монографияда автор қазақ балалар драматургиясының туу, даму жолын және өзіндік ерекшеліктерін саралап көрсетеді. Бүгінгі қазақ балалар драматургиясының эстетикалық даму деңгейі мен ұлттық ерекшеліктері де арнайы зерттелген.

Монографияда арнайы жинақтарға шыққан драмалық туындылар мен мерзімді баспасөз беттерінен орын алған шығармалар талданған.

Кітап жалпы әдебиет сүйер қауымға және филология мамандығында оқитын студенттер мен магистрларға арналған.

А 5604030401

00 (06) - 08

ББК 84.5 (5 Каз)

ISBN 9965-828-10-6

© Ақтанова А.С., 2008

© «Үш биік» ЖШС, 2008

۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞ 3

КІРІСПЕ

Қазақ балалар әдебиетінің әлі зерттелмей жүрген бір бөлігі –

балаларға арналған драмалық туындылар. Жалпы қазақ

драматургиясының тууы, дамуы және қалыптасуы дегенде, қазақ

балалар драматургиясының өзіндік даму жолын, ерекшелігін сараптау

қажеттілігі туады. Қазақ балалар драматур-гиясының бастау көздерін

іздегенде, қазақ ауыз әдебиеті үлгілеріне тірелеміз. Балаларға

арналған сұрамақ, қаламақ, айтыс ойындар, мақал-мәтелдер, ертегілер

мен аңыз әңгімелердің қазіргі қазақ балалар драматургиясының тууы

мен қалыптасуына ықпал етті деуге негіз толық. Жаңа үрдіс бір күнде

тумайды, ол ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрмен және ұрпақтан

ұрпаққа берілетін рухани игіліктің негізінде дамиды. Ұлттық

әдебиетіміздің рухани уызы – ауыз әдебиеті балалар драматургиясының

да бастау көзі екені белгілі.

Балалар драматургиясы қазақ әдебиеттану ғылымында мүлде аз

зерттелген, тіпті кенже қалған сала екені анық. Балаларға арналған

драмалық шығармалардың зерттеуші ғалымдардың назарынан тыс

қалуы балалар драматургиясының кенжелеп дамуымен байланысты

деуге де болады. Әйтсе де, қазақ балалар әдебиетіне, қазақ балалар

драматургиясына арналған бірен-саран зерттеулер мерзімді баспасөз

беттерінен орын алды. Ең алдымен балалар әдебиетіне көңіл бөліп,

балалар әдебиеті мәселесіне мақала арнаған І.Жансүгіров болды. Осы

орайда балаларға арналған алғашқы пьесаның (“Мектеп” пьесасы)

авторы да І. Жансүгіров екенін еске алған орынды /1/.

Балалар драмасын зерттеуде орыс әдебиеттану ғылымында

бірқатар маңызды еңбектер жазылды. Бұл ретте ең алдымен:

В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, М.Горький, К.Чуковскийдің т.б.

балалар әдебиетіне арналған еңбектерін атаған жөн /2/.

Қазақ балалар әдебиетінің зерттелу тарихына көз салсақ, белгілі

ақын, жазушы, ғалымдар: І.Жансүгіров, Ш.Ахметов, С.Қирабаев,

Ә.Тәжібаев, А.Нұрқатов, Б.Ыбырайым, Қ.Ергөбеков, т.б. еңбектері де

назар аударарлық /3/.

Тікелей қазақ балалар драмасына арналмаса да жалпы қазақ

драмасы туралы зерттеулер: М.Әуезов, Ә.Тәжібаев, Р.Нұрғалиев,

Р.Рүстембекова, М.Дүйсенов, С.Ордалиев еңбектері бұл салаға бастау

боларлық, бағыт боларлық үлгілер /4/.

4 ۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞۞

Ал, қазақ балалар драматургиясы жөнінде арнайы

монографиялық зерттеулер жазыла қоймаса да, әр кезде, әр дәрежеде

жекелеген ізденістер, пікір айтулар баршылық /5/.

Балаларға арналған драмалық шығармалар оқулықтар мен

хрестоматияға арнайы түрде кіргізілмесе де мектеп, балабақшаларда

ертеңгіліктер мен мерекелерде жас жеткіншектерге жол тауып жатты.

Әсіресе, балаларға арналған “Ұлан” (“Қазақстан пионері”), “Ақ

желкен” (“Пионер”), “Балдырған” сияқты газет-журналдар арқылы

шағын пьесалар, мерекелік қойылымдар балаларға жетіп отырды.

Балаларға арналған пьесалардың арнайы жинақ болып шығуы да

балалар драматургиясының дамып, қалыптасуына өз үлесін тигізді.

Алғашқы балалар жинағының бірі ретінде 1959 жылы жарық көрген

Б.Ысқақовтың “Кішкене театр” кітабын атауға болады. Зерттеуші

Ш.Ахметов өз еңбегінде Б.Ысқақов шығармашылығына былайша

баға береді: “Б.Ысқақов – қазақ балалар драматургиясын жасауға

және оны дамытуға ат салысып келе жатқан қаламгерлердің бірі.

Оның мектеп сахнасына арналған “Екі оқушы”, “Түймедейден

түйедей”, “Ағалық ақыл”, “Жаңа жыл кешінде”, “Бейбітшілік жеңеді”

атты пьесалары мен инсценировкалары “Пионер” журналы мен

“Қазақстан пионері” газеттерінде жарық көрді. Ал 1959 жылы оның

мектеп сахнасына арналған пьесалары “Кішкене театр” деген атпен өз

алдына жеке кітап болып шықты. Автордың бұл пьесаларының



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет