2. Үлкен саусакты алыстатқыш ұзын бұлшық ет (m. abductor pollicis
longus) кəрі жіліктің төменгі латеральды бетінен басталады. Еттің сіңірлі
қалдығы медиальды жəне дистальды бағытта қиғаштала төмен бағытталып,
тізе буынының дорсальды бетіне шығады да, II алдыңғы жіліншіктің
проксимальды басында аяқталады.
Ерекшеліктері. Бұлшық ет итте I алдыңғы жіліншіктің проксимальды
басында аяқталады.
Қызметі. Үлкен саусақты алыстатқыш ұзын бұлшық еттің сіңірлі
қалдығы тізе буынын жазуға көмектеседі.
Флексорлар: І.Тізені жазғыш шынтақ бұлшық еті (m. extensor carpi
ulnaris) тоқпан жіліктің жазғыш /латеральды/ айдаршықүстінен басталады.
Тізені жазғыш шынтақ бұлшық еттің аяқталатын екі сіңірлі құйрығы болады.
Оның дорсальды сіңірлі құйрығы V жəне IV алдыңғы жіліншіктердің
проксимальды бастарында, ал пальмарлық сіңірлі құйрығы тізе сүйектерінде
аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |