Экстензорлар: 1 .Тізені жазғыш кəрі жілік бұлшық еті (m. extensor
carpi radialis) білек сүйектерінің, оның ішінде кəрі жіліктің дорсальды бетінде
жатқан
қомақты
ет.
Ол
тоқпан
жіліктің
латеральды
(жазғыш)
айдаршықүстінен басталып, алдыңғы жіліншіктер бұдырында аяқталады.
Ерекшеліктері. Жылқыда бұлшық еттің сіңірі кəрі жіліктің дистальды
эпифизінің дорсальды бетіндегі ортаңғы сай арқылы өтеді. Сиыр мен ұсақ
малдарда бұлшық еттің екі сіңірлі басы болады. Оның бір сіңірлі басы
тоқпан жіліктің дельта тəрізді бұдырынан, ал екінші сіңірлі басы иықтың
екібасты бұлшық етінен басталады. Шошқа мен итте бұлшық еттің екі
құрсағы болады.
Қызметі. Тізені жазғыш кəрі жілік бұлшық еті тізе буынын жазады жəне
шынтақ буынын бүгетін бұлшық еттерге көмектеседі.
229
Достарыңызбен бөлісу: |