Ерекшеліктері. Итте бұлшық еттің пальмарлық құйрығы болмайды.
Қызметі. Тізені жазғыш шынтақ бұлшық еті тек итте ғана тізе буынын
жазады, ал басқа жануарларда аталмыш буынды бүгеді.
2.Тізені бүккіш шынтақ бұлшық еті (m. flexsor carpi ulnaris) тоқпан
жіліктің медиальды (бүккіш) айдаршықүстінен жəне шынтақ бұдырының
медиальды бетінен басталып, қосымша тізе сүйекте аяқталады.
Қызметі. Тізені бүккіш шынтақ бұлшық еті тізе буынын бүтеді.
З.Тізені бүккіш кəрі жілік бұлшық еті (m. flexsor carpi radialis) тоқпан
жіліктің
бүккіш
(медиальды)
айдаршықүстінен
басталып,
алдыңғы
жіліншіктің проксимальды басында аяқталады.
Ерекшеліктері. Тізені бүккіш кəрі жілік бұлшық етінің сіңірі жылқыда
II, күйіс қайтаратын жануарларда жəне шошқада III, итте II жəне III
жіліншік сүйектерінің проксимальды бастарында аяқталады.
Қызметі. Тізені бүккіш кəрі жілік бұлшық еті тізе буынын бүгеді.
Достарыңызбен бөлісу: |