2. Бақайдың бүйірлік жазғыш бұлшық еті (m. extensor digitorum
lateralis) бақайдың жалпы жазғыш бұлшық еті мен тізені жазғыш шынтақ
бұлшық етінің арасында орналасады. Ол шынтақ буыңының бүйірлік
байламынан, көрі жіліктің байлам төмпегінен жəне шынтақ сүйектің
латеральды бетінен басталып, тұсамыс жəне топай сүйектердің латеральды
беттерінде аяқталады.
Ерекшеліктері. Жылқыда бақайдың бүйірлік жазғыш булшық еті
қосқауырсынды, бірбасты болып келіп, тұсамыс сүйектің проксимальды
бөлігінде аяқталады. Сиыр мен ұсақ малдарда бұлшық ет IV, шошқада IV,
V бақайлардың топай жəне тұяқ сүйектерінде, итте III- V бақайларының 2
фаланга жəне тырнақ сүйектерінде аяқталады.
Қызметі. Бақайдың бүйірлік жазғыш бұлшық еті бақай (тырнақ) жəне
тізе буындарын жазады.
231
Достарыңызбен бөлісу: |