Экстензорлар. І.Бақайдың жалпы жазғыш бұлшық еті (m. extensor
digitorum communis) тоқпан жіліктің жазғыш (латеральды) айдаршықүстінен
басталады. Бұлшық еттің құрсағы білек сүйектерінің дорсо-латеральды
бетінде орналасады. Білек сүйектерінің дистальды бөлігінде ет құрсағы бір
немесе бірнеше сіңірлерге айналып, кəрі жілік сайы арқылы тізе мен бақай
сүйектері аумақтарына бағытталады да, тұяқ (итте тырнақ) сүйектің жазғыш
өсіндісіне барып аяқталады. Бақайдың жалпы жазғыш бұлшық еті жануарлар
бақайларының санына байланысты бірнеше жекеленген сіңірлерге болініп
барып, тұяқ (тырнақ) сүйектерде аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: |