Морфология


Флексорлар:  1.  Бақайдың  беткей  бүккіш  бұлшық  еті



Pdf көрінісі
бет478/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   474   475   476   477   478   479   480   481   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Флексорлар:  1.  Бақайдың  беткей  бүккіш  бұлшық  еті  (m.  flexor 

digitorum superficialis) тоқпан жіліктің бүккіш (медиальды) айдаршықүстінен 

басталып,  II-V  бақайлардың  тұсамыс  сүйектерінің  дистальды,  топай 

сүйектерінің  проксимальды  бөлігінде  аяқталады.  Оның  латеральды  жəне 

медиальды  сіңірлі  ұштарының  арасымен  бақайдың  терең  бүккіш  бұлшық 

етінің сіңірі өтеді. 

Ерекшеліктері.  Жылқыда  бақайдың  беткей  бүккіш  бұлшық  етінің 

сіңірлі  ұшы  тұсамыс  буынының  тұсында  орналасқан  тиек  сүйектеріне 

көлденең  байлам  арқылы  бекиді.  Сиыр  мен  ұсақ  малдарда  бұлшық  еттің 

беткей  жəне  терең  бастары  жіліншік  аумағында  бір-бірімен  қосылып  кетеді 

де,  топай  сүйек  тұсында  олар  қайтадан  ажырап,  III  жəне  IV  бақай 

сүйектерінде  аяқталады.  Шошкдда  аталмыш  бұлшық  еттің  беткей  жəне 

терең  бастары  болады.  Беткей  басы  IV,  терең  басы  III  бақай  сүйектеріне 

бекиді.  Итте  бұлшық  еттің  жеке  сіңірлері  II  -  V  бақайдың  тырнақ 

сүйектерінде аяқталады. 

Қызметі. Бақайдың беткей бүккіш бұлшық еті бақай (тырнак) жəне тізе 

буындарын бүгеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   474   475   476   477   478   479   480   481   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет