Ерекшеліктері. Жылқыда аталмыш бұлшық еттің тек бір ғана тоқпан
жіліктік басы болады. Сиыр мен ұсақ малдарда бақайдың жалпы жазғыш
бұлшық етінің медиальды жəне латеральды бастары болады. Онын
медиальды басы II жəне III бақайдың арнайы жазғыш бұлшық еті деп
аталынып, III бақайдың тұяқ сүйегі өсіндісінде аяқталады. Латеральды
басының сіңірлі құйрығы тұсамыс сүйегіне жетпей екі тармаққа бөлініп, III
жəне IV бақай сүйектерінде аяқталады. Шошқада бұлшық еттің құрсағы
төрт сіңірге бөлініп, II, III, IV жəне V бақай сүйектерінде аяқталады. Итте
бақайдың жалпы жазғыш бұлшық еті біріккен төрт құрсақтан тұрады.
Олардың сіңірлері бұлшық ет құрсақтарына сəйкес II - V тырнақ
сүйектерінде аяқталады.
Қызметі. Бақайдың жалпы жазғыш бұлшық еті бірнеше буындарға əсер
етеді. Атап айтқанда, ол бақай буындары мен тізе буындарын жазады жəне
шынтақ буынын бүгетін бұлшық еттерге көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |