Морфология


З.Үшінші  шыбық  бұлшық  еті



Pdf көрінісі
бет504/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   500   501   502   503   504   505   506   507   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

З.Үшінші  шыбық  бұлшық  еті  (m.  peronaeus  tertius)  ортан  жіліктің 

латеральды  айдаршықүсті  жазғыш  шұңқырынан  жəне  бақайдың  ұзын 

жазғыш  бұлшық  еті  сіңірінен  басталып,  асықты  жіліктің  жазғыш  сайы 

арқылы  өтеді  де,  сирақ  аумағында  бақайдың  ұзын  жазғаш  бұлшық  етінен 

ажырайды.  Тілерсек  буынының  тұсында  сіңірге  айналып,  жіліншік 

сүйектерде аяқталады. 



Ерекшеліктері.  Жылқыда  үшінші  шыбық  бұлшық  еті  сіңірлі  етке 

айналып,  статикалық  қызмет  атқарады.  Оның  сіңірлі  құйрығы  үш  бөлікке 

ажырайды.  Латеральды  бөлігі  өкше  сүйек  пен  IV  тілерсек  сүйекте,  ортаңғы 

бөлігі  орталық  жəне  III  тілерсек  сүйек  пен  III  артқы  жіліншік  басында, 

медиальды  бөлігі  орталық  жəне  III  тілерсек  сүйек  пен  III  жəне  II  жіліншік 

сүйектері  бастарында  аяқталады.  Күйіс  қайтаратын  жануарлар  мен 



шошқада  үшінші  шыбық  бұлшық  еті  етті  болып  келеді  жəне  беткей 

орналасады.  Бұлшық  еттің  сіңірлі  қорығы  ІІ+ІІІ  тілерсек  сүйектерде  жəне 

III+IV  артқы  жіліншік  бастарында,  ал  шошқада  I  жəне  II  тілерсек  сүйектері 

мен  II  артқы  жіліншік  басында  аяқталады.  Итте  бұл  бұлшық  ет  қысқа 

байламға айналып, III артқы жіліншік басында аяқталады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   500   501   502   503   504   505   506   507   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет