қайтаратын жануарларда асықты жіліктің алдыңғы бұлшық етінің екі басы
болады. Бұлшық еттің сіңірі үшінші шыбық бұлшық еті сіңірінің арасымен
өтіп, III мен IV артқы жіліншік жəне II мен III тілерсек сүйектерінде
аяқталады. Шошқада бұлшық еттіңсіңірлі құйрығы II тілерсек жəне II
жіліншік, ал итте ол беткей орналасып, I тілерсек пен I жəне II жіліңшік
сүйектерінде аякталады.
Қызметі. Асықты жіліктің алдыңғы бұлшық еті тілерсек буынын бүгеді.
2. Асықты жіліктің артқы бұлшық еті (m. tibialis caudalis) асықты
жіліктің артқы (плантарлы) бетінде орналасады. Ол бөлек бұлшық ет ретінде
тек итге ғана кездеседі, ал басқа жануарларда бакайды бүгетін терең
бұлшық еттің құрамында болады. Асықты жіліктің артқы бұлшық еті шыбық
сүйектің проксимальды бөлігінен басталады. Ет құрсағы асықты жіліктің
медиальды жиегімен дистальды бағытга төмен түсіп, итте орталық жəне I
тілерсек сүйектерде, ал басқа жануарларда бақайды бүгетін терең бұлшық
еттің сіңірінде аяқталады.
Қызметі. Асықты жіліктің артқы бұлшық еті итте тілерсек буынын
жазады, ал басқа жануарларда ол бақай буындарына да əсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |