Ерекшеліктері. Итте өкше бұлшық еті болмайды. Шошқада өкше
бұлшық еті жақсы жетілген. Ол тобық сүйегінің латеральды байламы мен
асықты жіліктің латеральды айдаршығынан басталады.
Қызметі. Сирақтың үшбасты бұлшық еті тілерсек буынын жазады жəне
тобық буынын бүгуге қатысады.
Флексорлар. І.Асықты жіліктің алдыңғы бұлшық еті (m. tibialis
cranialis) асықты жіліктің алдыңғы бетінде орналасады. Ол асықта жіліктің
проксимальды басынан басталып, тілерсек жəне артқы жіліншік сүйектердің
проксимальды бастарында аякталады.
Достарыңызбен бөлісу: |