яғни ол дененің қызуын тұрақты бір деңгейде ұстап жəне реттеп отырады.
243
Тері жабыны — тұзуші мүше. Теріде тері майы жəне мүйіз түзіледі,
қанның, майдың, судың, ас тұзының артық қорлары сақталады, аз да болса
тыныс алуға (1-2%) қатысады. Көптеген ферменттердің (70 -ке жақын)
қатысуымен тері эндокриндік қызметті де атқарады. Сонымен қатар, ол
жұқпалы ауруларға қарсы иммунды-биологиялық қорғаныс процестеріне
тікелей ат салысады. Мал дəрігерлік жұмыстарды жүргізуде жануарлар
терілерінің алатын орны ерекше. Біріншіден, жануарлар ауруларының
көптеген түрлерін теріге əр түрлі реакциялар қою арқылы анықтауға /диагноз
қоюға/ болады. Ал, екіншіден, мал дəрігерлік емдеу жұмыстарының көптеген
түрлері терімен тікелей байланысты. Ортаның маусымдық өзгерістері де
жануарлар тері түктерінің əр түрлі деңгейде түлеуіне, тері қабаттары
қалыңдығының өзгеруіне əкеліп соқтырады. Теріде мүйізі зат – кератин,
коллаген жəне эластин белоктары /ақзаттары/, меланин пигменті, тері майы,
тер түзеледі.
Жануарлар терілері өте бағалы шикізат. Өндеуден өткен жануарлар
терілеріне бағалы тондар, былғары дайындалады. Тері түктеріне жүн, түбіт,
қыл қыркылады. Жүннен жəне түбеттен қымбат кездемелер мен тоқымалар
токылады. Қылдан əр түрлі шаруашылық бұйымдары, қылшық жүннен киіз,
үй киіздері, текемет, сырмақ, кілем, алаша, үй жəне ер-тұрман əбзелдері
дайындалады. Мүйізден жəне мүйіз тұяктардан бағалы түймелер, тарақтар əр
түрлі үй жиһаздары, ер-тұрман əшекейлері жасалынады. Жүн шайырынан əр
түрлі шипалық сықпа майларды дайындауға пайдаланылатын зат - ланолин
бөлшш алынады. Қаракөл қозыларынан бағалы елтірілер дайындалады.
Тері туындысы сүт безінен (желіннен) алынатын сүттен əр түрлі тамақ
өнімдері (ірімшік, қаймақ, балқаймақ, балмұздақ, құрт, қымыз, айран, шүбат
т.б.) өндіріледі.
Достарыңызбен бөлісу: