Морфология



Pdf көрінісі
бет606/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   602   603   604   605   606   607   608   609   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

қарынның  кіші  иіні  (curvatura  ventriculi  minus),  ал  төменгі  артқы  жағында 

қарынның  үлкен  иіні  (curvatura  ventriculi  majus)  болады.  Осы  аталған 

иіндерден кіші жəне үлкен қарын шарбылары басталады. Олар екі қабат сірлі 

қабықтан  құралған.  Сірлі  қабықтар  арасындағы  борпылдақ  дəнекер 

ұлпасымен  қоректендіруші  қан  жəне  лимфа  тамырлары  мен  жүйкелер  өтеді. 

Кіші  шарбы  қарынды  бауырмен,  ал  үлкен  шарбы  қарынды  көкбауыр  жəне 

ішекпен  байланыстырады.  Қарынның  қабырғасы  түтікше  мүше  ретінде  үш: 

ішкі  кілегейлі,  ортаңғы  етті  жəне  сыртқы  сірлі  қабықтардан  тұрады.  Бір 

бөлімді  безді  қарынның  кілегейлі  қабығы  бірқабатты  призма  тəрізді 

эпителиймен  астарланған.  Безді  қарынның  кілегейлі  қабығында  қарын  сөлін 

болетін кардиальды безді аймақ (gl. cardiaca), фундальды безді аймақ (gl. 

fundalis)  жəне  пилорустық  безді  аймақ  (gl.  pylorica)  болады.  Бір  бөлімді 

аралас  қарын  кілегейлі  қабығының  безсіз  аймағын  көпқабатты  жалпақ 

эпителий,  ал безді  аймағын бірқабатты призма  тəрізді  эпителий  астарлайды. 

Кілегейлі  безді  аймақтың  өзі  бездерінің  құрылысына  сəйкес  кардиальды, 

фундальды  жəне  пилорустық  бөліктерге  бөлінеді.  Итте  бір  бөлімді  безді 

қарын, жылқы мен шошқада бір бөлімді аралас қарын. 

 

 



285 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   602   603   604   605   606   607   608   609   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет