Өңештің етті қабығы жұтқыншақтан басталған бойда көлденең
жолақты ет ұлпасынан тұрады. Бірақ, өңеш қарынға жақындаған сайын,
біртіндеп бірыңғай салалы ет ұлпасына ауысады. Етті қабықтың қабаттары
жұтқыншақтан қарынға дейінгі өңештің ұзын бойында əр түрлі бағытта
орналасады. Етті қабықтың қабаттары өңеш жұтқыншақтан басталған бойда
өңеш қабырғасында сақина тəрізді, одан соң, қиғаш орналасады. Қарынға
жақындаған сайын етті қабық сыртқы ұзынша жəне ішкі көлденең сақинаша
қабаттарға ажырайды. Өңештің етті қабығы жұтқыншақтың жігінен жəне
көмекейдің ожауша жəне сақинаша шеміршектерінен басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |