БІР БӨЛІМДІ ҚАРЫН
Бір бөлімді қарын құрсақ куысыңда, көкеттен кейін көлденеңінен
орналасады. Қарынның сол жақ ұшына өңеш тесігі ашылады. Жүрекке
(kardia) жақын жатқандықтан, қарынның сол жақ бөлігін кардиальды бөлік
— деп атайды. Қарынның оң жақ ұшынан он екі елі ішек шығатын шекарада,
қарын жынын ішекке мөлшерлеп шығарып тұратын қақпақша (pylorus)
болады. Қарынның ішекке шығаберіс бөлігін қақпакщалық (пилорустык)
бөлік дейді. Қарынның кардиальды жəне пилорикалық бөліктері
аралықтарындағы негізгі бөлігін қарын түбі (fundus) немесе қарынның
фундальды бөлігі — деп атайды. Қарынның алдыңғы қабырғалық беті
(facies parietalis) бауыр жəне көкетпен, артқы висцеральды беті (facies
visceralis) ішек ілмектерімен жанасады. Оның жоғарғы алдыңғы жағында
Достарыңызбен бөлісу: |