Қой мен ешкі бүйенінің құрылысы мен орналасу орындары сиырға
ұқсас.
Шошқа бүйені қысқа, пішіні конус тəрізді болып келеді. Бүйеннің
қабырғасында үш қатар ет таспалары мен қалташалары болады. Бүйеннің
алдыңғы жағы оң бүйректің артқы бетімен жанасады, ал төбесі каудальды
жəне оң жаққа қарай бағытталған.
Ит бүйенінің ұзындығы 20 см. Қысқа шажырқайға ілінген бүйен
денесінде 2-3 иілім болады. Ол құрсақ қуысының оң бүйірлік аумағында, бел
омыртқалардың орта тұсында орналасады.
Тоқ ішек (ободочная кишка) — intestinum colon — жуан ішектің
ортаңғы бөлігі. Оның пішіні мен көлемі жануарлардың қөректену сипатына
байланысты. Итте ол қысқа, шошқада орташа, шөппен қоректенетін
жануарларда ұзын болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |