Қалқанша шеміршек (щитовидный хрящ) — cartilago thyroidea -пішіні
иілген қалқанға ұқсайтын гиалинді шеміршек. Ол өзінің оң жəне сол
тақташаларымен көмекейдің екі бүйірінің жəне табанының негізін құрайды.
Тақташалардың жоғарғы жиегінен алдыңғы жəне артқы мүйіздіктер шығып
тұрады. Алдыңғы мүйіздіктер тіласты сүйектің үлкен мүйіздігімен, ал артқы
мүйіздіктер сақинаша шеміршекпен байланысады.
Ожауша шеміршек (черпаловидный
хрящ) — cartilago arytaenoidea —
жұп гиалинді шеміршек. Ол ожауша шеміршек негізінен жəне одан алға
қарай шығып, дорсальды бағытта ілмек тəрізді иілген мүйізше өсіндіден
тұрады. Шеміршек негізінің сыртқы бетінде көтеріңкі ет өсіндісі байқалады.
Ожауша шеміршектің төменгі ұшында дыбыс сіңірі мен дыбыс бұлшық еті
бекитін дыбыс өсіндісі (processus vocalis) болады. Ожауша шеміршектер бір-
бірімен өзара мүйізше өсінділері арқылы жанасады, ал оның артқы беті
сақинаша шеміршек тақташасының алдыңғы жиегіне буын арқылы
байланысады.
Достарыңызбен бөлісу: |