жарғақаралық бөлік (pars intermembranacea) — дейді.
Жарғақаралық бөлікті дыбыс аппараты (glottis) — деп те атайды. Көмекей
қуысының дыбыс қатпарларынан кейінгі бөлігінің кілегейлі қабығы
көпқатарлы кірпікшелі эпителиймен астарланған.
Ерекшеліктері. Жылқыда көмекейдің сақинаша шеміршегінің
тақташасы, оның доғасымен тік бұрыш жасай орналасады. Қалқанша
шеміршектің каудальды бетінде терең каудальды ойық болады. Шеміршек
тақташасының сыртқы бетінде бұлшық еттер бекитін қиғаш сызықтар
байқалады.
Ожауша
шеміршектің
негізі
көлемді
келеді.
Бөбешік
шеміршектің пішіні жапырақ тəрізді. Көмекей қарыншасы жақсы жетілген.
Сиырда сақинаша шеміршек тақташасы доғасымен сүйір бұрыш түзеді.
Қалқанша шеміршектің артқа мүйіздігі ілмек тəрізді иілген. Ожауша
шеміршектің дыбыс өсіндісі жақсы жетілген. Бөбешік шеміршектің пішіні
сопақша келген. Дыбыс қатпарлары көмекей түбіне тік бұрыш жасай
орналасады. Көмекей қуысында орталық қалта мен қарынша болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |