Морфология


Ұсақ малдар көмекейінің құрылысы сиыр көмекейі құрылысына ұқсас.  Бірақ, оларда орталық қалта жақсы жетілген.  Шошқа



Pdf көрінісі
бет673/1132
Дата07.01.2022
өлшемі4,08 Mb.
#19191
1   ...   669   670   671   672   673   674   675   676   ...   1132
Байланысты:
Жануарлар морфологиясы жəне латын терминологиясы

Ұсақ малдар көмекейінің құрылысы сиыр көмекейі құрылысына ұқсас. 

Бірақ, оларда орталық қалта жақсы жетілген. 



Шошқа  көмекейі  басқа  жануарларға  қарағанда  ұзындау  келеді. 

Сақинаша  шеміршектің  доғасы,  оның  тақташасына  қиғаш  орналасқан. 

Ұзынша  келген  қалқанша  шеміршектің  алдыңғы  жиегі  қалың  болады, 

мүйіздігі  болмайды.  Ожауша  шеміршектердің  мүйізше  өсінділерінің  ұшы 

екіге  бөлініп  кеткен.  Бұл  өсінділер  мен  сақинаша  шеміршектің  тақташасы 

арасында  кішкентей  аралық  шеміршек  болады.  Дыбыс  қатпарлары  төменгі 

бағытта артқа қарай қиғаш орналасады. Олар алдыңғы жəне артқы бөліктерге 

бөлінген.  Бұл  бөліктердің  аралығына  көмекей  қарыншасының  тесіктері 

ашылады. 



315 

 

Ит көмекейінің тұрқы қысқа, кіреберіс тесігі кең болады. Онша көлемді 

емес ожауша шеміршектер мен сақинаша шеміршек тақташасының арасында 

қосымша  шеміршек  болады.  Бөбешік  шеміршектің  пішіні  төртбұрышты 

болып  келеді.  Оның  негізінен  ожауша  шеміршекпен  байлам  арқылы 

жалғасқан  сынаша  өсінді  шығып  тұрады.  Көмекей  қарыншасы  жақсы 

жетілген. Дыбыс қатпарлары алға жəне төмен қарай қиғаш орналасады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   669   670   671   672   673   674   675   676   ...   1132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет