пішіні бүгілген жапырақ тəрізді серпімді (эластинді) шеміршек. Ол көмекей
314
Көмекейдің бүйір қабырғасының оң жəне сол жағындағы кілегейлі
қабықта қатарынан орналасқан кіреберіс жəне дыбыс қатпарлары болады.
Осы қатпарлардың аралығында көмекей қарыншасы (ventriculus laryngis)
орналасады. Кіреберіс қатпарының (plica vestibularis) негізін көмекей
қарыншасының алдыңғы жағындағы қарынша бұлшық еті (m. ventricularis)
түзеді. Дыбыс қатпарының (plica vocalis) негізін қалқанша шеміршек
денесіне қарай бағытталған ожауша шеміршектің дыбыс өсіндісі құрайды.
Дыбыс қатпарында дыбыс сіңірі (ligamentum vocale) мен дыбыс бұлшық еті
(m. vocalis) жатады. Бұлар көмекей қарыншасынан кейін орналасады.
Көмекей қуысының дыбыс қатарларына дейінгі бөлігін көмекей
кіреберісі (vestibulum laryngis) — дейді. Көмекей кіреберісінің кілегейлі
қабығы көпқабатты жалпақ эпителиймен астарланған. Оның вентральды
қабырғасында, бөбешіктің табанында жайпақ шұңқырша көмекейдің
орталық қалтасы (recessus laryngis medianus) болады.
Көмекей қуысының ожауша шеміршектер мен дыбыс қатпарлары
аралығында жатқан бөлігін дыбыс саңылауы (rіта glottidis) — деп атайды.
Оның кеңейіп келген жоғарғы дорсальды бөлімін шеміршекаралық бөлік
(pars intercartilaginea), ал дыбыс қатпарлары аралығында жатқан вентральды
бөлімін
Достарыңызбен бөлісу: