Мотивациялық кітаптар жиынтығы 2012



Pdf көрінісі
бет39/57
Дата29.01.2023
өлшемі1,27 Mb.
#63498
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57
Шайқасқа дайынмын
 
Сохо – Нью-Йоркте орналасқан шағын ғимараттармен салынған аудан. Бұл 
территория қатаң муниципалды ережелерге бағынады. Менің мақсатым, бұл жерде XXI 
ғасырдың қонақ үйін салу болды. Бұл жер өте ыңғайлы. «Трамп Сохо» деп аталған 45 
қабатты, құрылысы 450 миллион долларды құрайтын кондоминиумды жергілікті 
тұрғындар қарсылықпен қабылдады. Әрине, біз оған дайын болдық! Жоба бүкіл 
бөлшектеріне дейін ашық көрсетіліп, біздің құрылыс Сохоның аудандық заңының бүкіл 
талаптарына сай болды, ақыры бір жылдан кейін рұқсатқа қол жеткіздік. Қиындықтар біз 
ойлағаннан да көп еді. Бұл ірі көлемді жоспар, алайда біз де оны жүзеге асыра 
алмайтындай майда емеспіз! Жайсыздық - өмірлік жағдайлардың бір көрінісі. Бір 
күнімізді болсын онсыз өткізуге деген мүмкіндігіміз аз. Жайсыздықтарды наразылық пен 
түңілу деп емес, өз күштеріңізді көрсетуге деген шақырту деп қабылдаңыз. Мәселелерден 
әрдайым жоғары тұра біліңіз, өзіңіздің құқығыңызды қорғауға әрқашан дайын болыңыз
сонда ғана бәрі жақсы болады! Ешқашан берілмеудің арқасында адамдарға қол ұшын бере 
аласыз! Кейде біреуге бірдеңе беру арқылы, тағы бір талантыңызды ашуға мүмкіндік 
береді. Қарапайым мысал келтірейін, жылда мен сурет салып, шетіне қолтаңбамды қойып, 
оны аукционда сатамын. Кейіннен, түскен ақшаны Нью-Йорктағы аш халыққа таратып 
береміз, бір сөзбен айтқанда қайырымдылық қорын көптеп ұйымдастырамыз. Бұл 
қаражатты айтпағанда, уақытты да, үлкен күш-қайратты да талап етеді. Бірде менің 
танысым, бұның бәрі саған не үшін қажет дегенде: «Өйткені, ол менің қолымнан келеді!»
- деп жауап бердім. Ойлап көріңіздер, «Өйткені, мен істей аламын!» қандай керемет 
сөз. Егерде сіз ұстанымыздан бас тартпайтын адам болсаңыз, бір кездері басқаларға да қол 
ұшын бере аласыз, осыны ұмытпаңыз!  
Мәселенің бар екенін ұмытпаңыз, сонда ғана олар алаңдатушылық туғызбайды. 
 Бұл сөздерді ылғи да қайталап тұрған жөн. Үлкен мақсатқа жету үшін көп тер төгу 
керектігін ұғынған шығарсыз. Жобаңыздың масштабы қаншалықты екендігі маңызды 
емес, бастысы келеңсіз жағдайлардан қашып құтыла алмайтыныңызда. Сіздің тегіңіз 
мейлі Трамп, не басқа болса да, жетістікке жетудің басты жолы қиындықтармен күресе 
білу. Бұған дайын болыңыз! Наразы топқа қосылмаңыз, жетістік тек сіздің 
қолыңызда! Қазір бір келеңсіз жағдайға тап болдыңыз делік. Сіз жалғыз емессіз, оған 
сенімді болыңыз! Наразы топқа қосылу, қосылмауыңыз сіздің позитивті көзқарасыңызда. 
Жағдайды бақылаудан өткізсеңіз, кімнен көмек сұрау керектігін түсінесіз, әрине, ол 
өзіңізден! Сіз тағы баға жетпес ашылым жасайсыз, жетістіктің, бақыттың, күш-қуаттың, 
денсаулықтың кепілі ол тек мына өзіңіз. Кейде өзімшілдігіңізді жаншып, басу керек.  Егер 
бар мәліметтерден жаңа нәрсе ойлап тапқыңыз келсе, ол өте қиын шаруа. Сізден 
табандылық пен жігерлік қажет, бұл қиындықтардың бәріне төзу үшін қиын жағдайлар 
көптеееп болады. Батыл болу, үрейдің жоқ болуы емес, оны жеңе білу. Мойындаңыздар, 
жеңілу оп-оңай нәрсе, әрі ол бейбақ адамның тірлігі. Көп жағдайда осы табандылық пен 
қиындыққа сынбайтын қасиеттері арқылы қарапайым адамдар биік қамалдарды ала алады. 


Мотивациялық кітаптар жиынтығы 
www.zhanaoi.kz 
Айқын мысал ретінде ер жүректігінің арқасында атақты тұлғаға айналған – Авраам 
Линкольнды айтсақ болады. Өзіңе деген сенімділікті құраушылардың бірі – 
ержүректік. Черчиль дүниежүзілік соғыс кезінде халыққа мына сөздерді айтқан болатын: 
Ешқашан, ешқашан, ешқашан үлкен не кіші болсын, жай не ұлы шаруа болсын, ешқашан 
қандай жағдай болса да, дұрыс шешім мен ар-ұяттан басқа ештеңеге берілмеңіздер. 
Ешқандай күшке бағынбаңыздар, алдарыңыздағы қарсылас мықты болса да, кейін 
шегінуші болмаңыздар.”  
Естеріңізде ме үрейді жеңуге болады деп айтып едім ғой? Ержүректілік, жеңіске 
деген зейін қою жетістіктің кілтін алып береді. Ынтагер болыңыздар, биік қамалды сонда 
ғана ала аласыздар. Асқан ынта болған жағдайда ғана жетістікке жетесіздер. Сіздің 
жұмысыңызға оптимистік көзқараспен қарайтын кәсіби мамандармен жұмыс істеңіз. 
Егерде сіз жұмысыңызды жақсы көрсеңіз, кедергілерді жеңу әдеттегі шаруаның біріне 
айналадыМәселелер мен сәтсіздіктер сіз ойнап жатқан ойынның бір бөлігі деп санаңыз. 
Егерде мәселелер болмаса, ісіңіздің маңызды болмағаны, яғни одан үлкен мүмкіндіктер 
күтудің қажеті жоқ. Маңызды мүмкіндіктер сәйкесінше ірі мәселелерді алып 
келеді. Сондықтан да, сынаққа дайын болыңыздар. Мынадай жағдайға ұшырайсыздар 
ма, қолыңыздан келгеннің барлығын істеп, алайда оның нәтижесіз болуы. Сонда мына 
сұрақтар туындайды: қалай және қашан бұл әрекеттерді тоқтату керек? Әдетте, мен 
шамадан тыс сабыр сақтаймын”, - дейді автор. Кейде өзіңізді жеңімпаз ретінде 
мойындау керек, ұтылған жағдайдың өзінде бір бағалы мағлұмат алдыңыз ғой, иә?! Бұны 
жаңа бір тәжірибе ретінде қабылдап, сәтсіздікті өзіңіздің пайдаңызға асырыңыз. Жай ғана 
жан-жағыңызға қарап, жаңа мүмкіндіктерді іздеңіз! 
Бизнес - әлемді танып-білудің жаңа амалы! Бірнеше жыл бұрын осындай ұйғарымға 
келдім. Бизнеске деген бұл көзқарас баяғыда тіпті аңғармаған көптеген мүмкіндіктерге 
жол ашты. Барлықтарыңызға берер кеңесім - негізгі бизнеспен шектелмей, кеңірек қарап 
үйреніңіздер. Әрине күніне бір сағаттай уақытты алу мүмкін, бірақ нәтиже оны ақтайды. 
“Неге мен бұған сенімдімін? Сіздер қай елде тұрасыздар? Трамп деген адам туралы 
естідіңіздер ме? Сіздің сұрағыңызға жауабым осы”, - дейді автор. 
Өмірге хамелеон секілді бейімделіңіздер. Мүмкіндік туа қалған жағдайда, міндетті 
түрде оны қолданыңыз. Тәуекелге бел буып, қателіктерге тап болған жағдайда ғана сіздер 
баға жетпес тәжірибеге қол жеткізесіз. Міне, сол кезде, қандай мүмкіндікке ие 
болғандарыңызды түсінесіздер. Бар ынтаңызбен шаруаға араласыңыз. Тіпті «Қолымнан 
келетініне сенімсізбін», - деген сияқты ойларға уақыт қалдырмаңыз, керісінше 
өзіңізге: «Бағымды сынап көрейін, барлығы жақсы болады!», - деп айтыңыз. 
Кез-келген адам өмірде қисынсыз жағдайларға тап болады, мен де соның ішіндемін. 
Қиын жағдай кезінде, ол күлкілі болмайды, алайда өмір сонысымен қызықБақытқа орай, 
кез-келген жағдайдан шығатын жол бар. Сенімді түрде мақсатқа ұмтылыңыз, 
назарларыңызды қиындықтар мен кедергілерге және олардан қашып кұтылудағы күшке 
жұмсамаңыздар. Керісінше, оларды өз өміріңізге қабылдап, сіздерге жұмыс істейтіндей 
етіңіз. Күмәнді жағдайларды қолға алу арқылы ғана адамдарды өз жағыңызға тартасыз. 
Икемдірек болып, қиын жағдайларды туа салысымен шешіңіз! Тағы бір ескеру керек 
нәрсе – өзімшілдік. Егерде сіз зердесіз қателік жасамайтындығыңызға сенімді болсаңыз, 
онда міндетті түрде қателік жасайсыз. Өзімшілдік – өз-өзіңді құрту. Сіздің жетістіктеріңіз 
бен табысыңыздың барлығы тырысқаныңыздың арқасы. Үй болсын, басқа да қажет 
заттарға тынбай еңбектенгеннің нәтижесі арқылы қол жеткіздіңіз. Бірақ егер сіз 
тәкаппарлық және мансапқорлыққа жол берсеңіз, пьедесталдан құлап кетесіз. Бұған мен 


Мотивациялық кітаптар жиынтығы 
www.zhanaoi.kz 
кепіл бола аламын, себебі бұндай жағдай менің басымнан өтті. Қарсыластарыңыздың 
наразылығы көбейген сайын өзіңізге одан күш-қуат аласыз. Кедергіге тап болғанда, 
наразылыққа берілмей, сеніміңізді күшейтіңіз. Өзіңізге мынаны айтудан жалықпаңыз: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет