Мотивациялық кітаптар жиынтығы 2012


Өзіңіздің жолдауыңызды біліңіз



Pdf көрінісі
бет42/57
Дата29.01.2023
өлшемі1,27 Mb.
#63498
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   57
Өзіңіздің жолдауыңызды біліңіз 
Көптеген ораторлардың айтары жоқ болып қалатын жағдайлар болады. Көпшілік 
алдындағы жолдауларыңыз қаншалықты ұзақ болмасын, оны екі-үш сөзбен 
қорытындылай алуларыңыз қажет. «Қалай?», «Неліктен деген сұраққа толық жауап 
бере алатындай болсын. Келесі айтатын мәселе ол тақырыпқа толық тоқталу болып 
табылады. Сіз өз тыңдаушыларыңызды айтқаныңызға көндіру үшін мықты ынтамен 
сөйлесеңіз, таңғаларлық күшке ие болатыныңызды байқайсыз. Жолдауыңызды дайындау 
барысында нақты деректерді қамту үшін зерттеу жүргізу керек. Дәл осы кезде 
оқығаныңыздың пайдасы сізге көмекке келіп, сізді керекті ақпаратпен қамтамасыз етеді. 
Маңызды сөз сөйлеу барысында сіз колданатын сөздерден бөлек басқа да толық ақпарат 
жинау керексіз. Бұл сіздің сөйлеу мәнеріңізде сіздің өзіңізге деген сенімділігіңізде анық 
байқалатын болады. Жолдауыңыздың барлық аспектісін қамтуға тырыспаңыз, ол 
жолдауыңызды бұрып, тыңдаушыларыңыздың ойын шатастырады. Жоғары деңгейде сөз 
сөйлеуге кедергі болатын, яғни айқындылықты, драматизм, модуляция және т.б. маңызды 
ингредиенттерді жоғалтып аласыз. Алдыға нық сенімділікпен жүру үшін тек 
дайындалыңыз, дайындалыңыз, дайындалыңыз! Кез-келген сөзіңізді «мен сіздерге 
айттым ғой!», - деп бітіретіндей мықты оратор болыңыз. Қағидаттар: 

Сіз жан-жақты ақпараттанған болу керексіз 

Көз жеткізе алатын ынтаңыз болу керек 

Дайындық билікке кепілдік береді 

Сөз сөйлеудегі керек материалдан да көп ақпарат білуіңіз керек 

Ақпараттарды тазартудан өткізіп, негізгісін ғана қалдыру керек 

Алдыға бағыттайтын жолды білу керксіз 
Сахнаға дайындалу 
Кәсіби оратордың өмірінде де неше түрлі күтпеген жәйттар болуы мүмкін. Бірақ ол 
жағдайлар ешқашан сіздің сөз сөйлеуіңіздің сапасына немесе қарым-қатынасыныңызға 
әсер етпеуі тиіс. Сахнаға шыққан кезде 100% сападан төмен көрсетсеңіз, оған 
қынжылуыңыз керек. Сыртқы келбет, әркез сенімділікті және абыройыңызды бейнелеуі 
қажет. 
Шаршағандықтан, 
ауырғандықтан, 
үрейден 
өзіңізді 
басқаша 
ұстауға 
болмайды. Ешқашан халық алдында басыңыздағы қиыншылықтарыңызды көрсетпеңіз! 
Кәсіби оратор ұқыпты болу керек, ұқыпты көрінуі керек, сөз сөйлеудің алдында, сөз 
сөйлеу барысында, одан кейін ұқыпты болып қала беру керек. Егер сіз шет елде сөз 


Мотивациялық кітаптар жиынтығы 
www.zhanaoi.kz 
сөйлейтін болсаңыз, өз тіліңізде сөйлеңіз, ал аудармашылар, сіздің айтқан әр сөзіңіздің 
мағынасын түсінетініне көз жеткізіңіз. Бұл өте маңызды. Бір жағынан қарағанда 
ораторлардың барлығы актерлар. Соны пайдаланып, кез-келген кейіпке кіре аласыз. 
Сахнадағы ахуал, киім, техникалық бөлшектер, бұлардың барлығы маңызды бөліктің бірі 
болып табылады. Сіздің дайындығыңыздың маңызды бөлігі. Қағидаттар: 

Өзіңіздің қиыншылықтарыңызды ешқашан көрсетпеңіз 

Залдағы тыныштықтан аулақ болыңыз 

Электроаппаратураны тексеріңіз 

Киім – сөз сөйлеудің жарты бөлігі 

Сахнадағы ахуал жолдауларыңызың жетуіне әсерін тигізеді 

Платформадан аудиторияға қарай түспеңіз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет