Мухамедин М. М. Әлеуметтік



бет4/27
Дата16.06.2022
өлшемі138,78 Kb.
#36951
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Менеджмент дегеніміз не?

  2. Басқарудың негізгі ұғымдарын атаңыз.

  3. Мәдениет мекемелерін басқарудың ерекшеліктері қандай?

  4. Басқару субъектісін атаңыз.

  5. Басқару нысанын атаңыз.

2 тақырып. Мәдени - тынығу мекемелеріндегі басқару әдістері
Лекция 3
1. Басқару «әдісі» түсінігі. Басқару әдістерінің жіктелуі.
2.Басқарудың ұйымдастыру-құқықтық әдістері.

Лекция 4
1.Экономикалық басқару әдістері.


2.Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері.


1.Басқару мәселесіне арналған ғылыми әдебиеттерде басқару әдістерін жетілдіруге қатысты екі көзқарас қалыптасқан.
Бірінші көзқарас бойынша, басқару жүйесінде шешуші рөлді субъективті табиғаты бар факторлар - тұлғалар мен жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынас факторы атқаруы тиіс.
Екінші көзқарас компьютерлер мен экономикалық-математикалық үлгілерді қолдануға негізделген. Бұл көзқарас бойынша жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынас өте жоғары есептеуіш басқару жүйелері құрған оңтайлы шешімдерге орын беруі тиіс. Бұл көзқарас ХХ ғасырдың 70-ші жылдарында танымал болды.
Бүгінгі күні басқаруды ұйымдастыру басқару процедуралары ретінде пайдаланыла алатын басқару әдістерінің негізгі 3 тобын бөліп қарастыруға болады:
1.Мәдениет саласына қатысты әкімшілік-өкім беру әдістеріне жататындар: бұйрықтар мен өкімдер, мәдени қызметтің қандай да бір түріне тікелей тыйым салу.
2.Экономикалық әдістер мәдени үрдістерге бюджеттік қаржыландыру, экономикалық санкциялар немесе айып пұлдар, салықтар мен салықтық жеңілдіктер және т.б. арнайы тіректерінің көмегімен ықпал етуге мүмкіндік береді.
3.Экономикалық-математикалық басқару әдістері математикалық формулалардың көмегімен формальдана алады және сипаттала алынуы мүмкін екендігін болжайды. Формулалардың ішінде мақсатты функциялар мен шектеулер жиынтығы таңдалып алынады.
Біздің елімізде мәдениет саласында көптеген жылдар бойы негізінен басқарудың әкімшілік әдістері қолданылып келді. Соңғы жылдары біртіндеп экономикалық әдістер қолданыла бастады.
Әкімшілік-өкім беру әдістерінің біртіндеп экономикалық әдістермен алмасуы адам факторының рөлін азайтады. Өйткені, бұйрықтың орнына иерархияның жоғарғы сатысындағы басқарушылар барынша күшті тіректі – ақшаны қолданады. Бірақ, шешімді қабылдайтын – өзіндік жеке ерекшеліктері, дағдылары, әуестіктері бар адам.
Басқарудың әкімшілік әдістерінің қарапайым негізін құрайтын бірнеше әдістерді атауға болады, олар: тыйым; жарлық (рұқсат ету); таңдауды шектеу; физикалық әсер ету; рухани әсер ету (қорқыту, сендіру).
Басқару әдісі ретінде тыйым салуда субъект басқарылатын нысанның іс-әрекеттері мен қылықтарының дәл, толық және абсолютті тізімін білуі тиіс. Мұнда тыйым салынбағанның барлығы рұқат етілген деп болжанады. Тыйым ауызша да, жазбаша да болуы мүмкін. Жарлық (рұқсат беру) басқару әдісі ретінде мағынасы бойынша тыйым салу әдісіне қарама-қарсы. Рұқсат беру әдісінде басқарылушыға ол жасауы тиіс немесе қандай да бір жағдаяттар орын алғанда немесе нақты жағдайлар болғанда орындамауына болатын әрекеттер мен шарттар тізімі ұсынылады. Алдағы жағдайдағыдай мұнда да тізім нақты және дәл, толық, екіжақты түсіндіруге жол бермейтіндей болуы тиіс. Басқарудың рұқсат беру әдісін қолданған жағдайда – «рұқсат берілмегеннің барлығы, демек тыйым салынған»,ұйғарым шегінен шығу басқарылушы тұрғысынан алғанда әкімшілік тәртіпті дөрекі бұзу болып есептеледі.
Таңдауға шектеу қою басқару әдісі ретінде басқарылушыға іс-әрекет еркіндігін береді, себебі, тыйым салынған немесе рұқсат етілген әрекеттер мен амалдар тізіміне қосымша қандай да бір «әкімшілік алаңының» шекарасы болып табылатын шарттар да орнатылады
Физикалық әсер етубасқару әдісі ретінде басқарушының басқарылушыға қатысты жүзеге асыратын әрекеттерінің тұтас спектрінен тұрады. Физикалық әдістердің құрамында ұрып-соғу, азаптау және ауырту табиғатына ие басқа да денеге ықпал жасаулар, тамақ жеуге шек қою, жарықтан, дыбыстан, ақпараттан және басқалардан оқшаулау жиі қолданылады.
Рухани әсер етудің өз алдына бір түрі көтеріңкі психологиялық түрткілерді Жоғарыда аталған әкімшілік басқару әдістерінің барлығы қарапайым базаны құрайды, ол жекелеген адамдарды басқару үшін қолданылады, сондай-ақ, қоғамды басқарудың әкімшілік жүйесін құру үшін негіз болады.
Шынайы басқару тәжірибесінде жоғарыда аталған әдістердің барлығы әдетте жеке қолданылмайды, өзара бірлікте қолданылады. Бүгінгі күні аталған әдістердің әлдебіреуін өзгесінен артық санауға болмайды, сонымен бірге олардың ешқайсысын қолданыс аясынан шығарып тастай алмаймыз. Тіпті физикалық әсер ету әдісінің өзі әлдеқашан анахронизмге айналуы тиіс болғанымен, жекелеген әлеуметтік – мәдени жағдайларда әлі де қолданылып келеді. Әрі әкімшілік басқару түрлі типтегі қауымдастықтарда қолданылады және мәдениетке ықпал етудің түрлі формаларын қабылдауы мүмкін.
2. Соған қарамастан, мемлекет, нақтырақ айтқанда – мемлекеттік шенеуніктік аппарат мәдениетті ұйымдастыруды қаржыландыруға бюджеттен ақша бөле отырып, бірақ, күнделікті шығармашылық-өндірістік үрдістерді басқару мүмкіндігі болмағандықтан, тек әкімшілік әдістердің көмегімен мәдениет мекемесіне заңды тұлға статусын беруге мәжбүр, сол арқылы оның басшылығы мен ұжымға еркіндіктің қандай да бір деңгейін қамтамасыз етеді.
Өз кезегінде, ұйым және оның ұжымы өзін заңды тұрғыдан шаруашылық жүргізуші субъект ретінде еркін сезінгеннен-ақ, өзінің күнделікті қаржылық өмірін анықтай отырып, осы еркіндікті толығымен жүзеге асыруға қызығушылығы пайда болуы тиіс. Мемлекет немесе құрылтайшы кірісті оны тұтыну бағыттары бойынша бөлу үрдісіне араласа алады, бірақ араласпауы да мүмкін.
Мәдениет ұйымының жалпы кірісінен:

  • материалдық шығындар өтеледі;

  • заңды және жеке тұлғалармен міндеттемелер бойынша есеп жүргізіледі;

  • несие пайыздары төленеді;

  • еңбекақы, үстемелер, қосымша төлемдер, ынталандыру сипатындағы өзге де төлемдер төленеді;

  • әлеуметтік қамсыздандыру органдарымен есептесу үшін еңбекақыға төлемдер төленеді;

  • ағымдағы шығындар жүзеге асырылады.

Қалған қаржы мәдениет мекемесінің шығармашылық-өндірістік және әлеуметтік дамуына бағытталады. Шығармашылық-өндірістік және әлеуметтік даму қорына аударымдар мәдениет ұйымының негізгі іс-әрекеті бойынша шығындардың жалпы сомасынан есептеледі.
Шығармашылық-өндірістік және әлеуметтік даму қорына сондай-ақ:

  • күрделі жөндеуге, қалпына келтіруге, табиғи кешендер мен нысандарды қалпында сақтауға, техникалық құралдар және жабдықтармен жабдықтауға бөлінген мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлулер;

  • ескірген жабдықтар мен өзге де материалдық құндылықтарды белгіленген тәртіп бойынша сатудан түскен қаржы;

  • жеке және заңды тұлғалардың мақсатты жарналары бағытталады.

3. Басқарудың экономикалық әдістері.Басқарудың әкімшілік әдістерін қолдану аясы шектеулі. Олар нақты адамдардың өзара байланысында ғана тиімді болуы мүмкін. Әкімшілік әдістерді ұйымға қатысты қолдану өте қиын. Мәселен, театрға сөгіс жариялауға немесе мұражайды жұмыстан босатуға болмайтынымен келісу керек. Директорды жұмыстан босатуға немесе қызметкерлердің бір бөлігін қысқартуға болады. Ұйымды немесе кәсіпорынды әкімішілік басқарудың аз ғана мысалдарының бірі мекемені тарату, өзге мекемеге қосу немесебөлу туралы шешім болып табылуы мүмкін. Міне, бар болғаны осы ғана.
Экономикалық әдістердің мүмкіндіктері мүлде басқа. Олардың әкімшілік әдістерге қарағанда тетіктер жиынтығы бойынша да, олар қолданылатын субъектілер құрамы бойынша да ауқымы кең. Экономикалық әдістер жекелеген адамдарға қатысты да, кәсіпорын мен ұйымға қатысты да қолданылады.
Экономикалық әдістердің мәні мынада: басқарушы құрылым басқарылатын жүйеге қатысты экономикалық тетіктер түріндегі қаржы немесе тауар-ақша қатынасының түрлі формаларын қолданады. Экономикалық жүйеде еркін нарық элементтері мен біршама мемлекеттік реттеудің үйлесуі орын тапқан қазіргі жағдайда экономикалық тетіктердің әр алуан түрін бөліп көрсетуге болады:

  1. Ұйымның кірісін нормативті бөлу.

  2. Бағаны реттеу.

  3. Несиелеу төлемінің дифференциациясы.

  4. Қаржы-бюджеттік мөлшерлеу.

  5. Еңбекті ынталандыру.

  6. Тарифтік және салық жеңілдіктері немесе ақшалай айыппұлдар.

  7. Жекеменшік пен капиталды қайта бөлу.

Келтірілген тізімнен экономикалық тіректердің басқарылатын жүйенің (біздің жағдайымызда бұл тек мәдениетті ғана емес, тұрғындарды да ұйымдастыру) шығармашылық– өндірістік және қаржы-шаруашылық іс-әрекетінің барлық жақтарын қамтитыны және мәден үрдістер мен мәдениеттің дамуын реттеу үшін барынша пәрменді құрал бола алатыны көрініп тұр. Бірақ, әрбір тіректің өзінің нақты қолданыс аясы, сондай-ақ тіректі іске қосу тәсілі бар. Бір жағдайда қандай да бір экономикалық тіректі қолдану немесе қолданбауды заңды орган шешеді, екінші жағдайда – атқарушы, үшінші жағдайда – шұғыл басқару органы немесе
4. Басқарудың психологиялық әдістері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет