Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет23/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   200
АрасатАрасат алаңы. Ғарасат. Қиямет күні есеп беру үшін жиналатын үлкен 
алаң. Ливаи-Хамд (Даңқ Туы) жалауының иесі, бұл жалаудың ұзындығы бір күндік 
жерге жететін болады. Бұл жалаудың күмбездерінде жазуы бар үш терезе болады. 
Бірінші терезеде – «Бисмилляхирахманиррахим», екіншіде – «Әлхамдулилляхи ра-
ббиль алемин», ал үшіншіде – «Ля иляха илляллах Мухаммадун расулюллах» деген 
жазу болады. Бұл жалау Арасат алаңына әкелінеді (asyldin.kz). Қара: ғарасат. 
Арафат. Арафат ةفرع– Минадан шамамен жиырма шақырым жерде орна-
ласқан үлкен жазық. Ол жазықтың аумағында Рахма тауы бар. Кейбір риуаяттарда 
Адамата мен Хауаана жерге түскеннен кейін осы тауда кездескен. Көп адам осы 
тауды Арафат тауы деп те атап кеткен. Зул-хижжа айының тоғызыншы күні күн 
батқанға дейін Арафатта тұру қажылықтың ең маңызды парызы.
«Жиналған Арафатқа көпті көрдің, 
Күн бата Мұзталапа тауға келдің. 
Қалмайтын бір зәрредей бойда күнә, 
Жерлерге қасиетті енді келдің. 
Пайғамбар сонда тұрып дұға қылған, 
Сақта деп үммәтымды ғазабыңнан» (Ақан Сері Қорамсаұлы).
Арафа күні. Арапа күні. Құрбан айт күнінің алдындағы күн, яғни зул-хижжа 
айының тоғызыншы күні «арафа күні» деп аталады. 
«Бұл күні қажылар күн батқанға дейін Арафат аймағында тұрады. Қажылыққа 
бармаған мұсылмандар үшін бұл күні ораза ұстау – сүннет. Қазақ тілінде «арафа» 


32
және «арапа» деп екі түрлі варинатта қолданылады. Құрбан айттың алдындағы күн 
«арафа күні» деп аталады. Арафа күнінің таңынан бастап, айт күндерінің төртінші 
күнінің екінті намазына дейінгі барлық парыз намаздарынан кейін тәкбір айту – 
уәжіп» (Р.С. Мухитдинов, Фиқһ әл-ғибадат).
Ард. Жаттаған немесе жазып алған хадистерін ұстазына көрсету және тек-
серту арқылы хадис риуаят ету. ضرع «ард» сөзі араб тілінде «ұсыну», «көрсету» 
деген мағыналарды береді. Хадистану ғылымында қолданылатын термин. Бұл ха-
дисті жеткізу жолдарының бірі. Шәкірт ұстазына білетінін жатқа айтуы немесе 
жазғанын оқып беруі яки біреу оқып ол тыңдап отыруы мүмкін. Сол сияқты ұстазы 
шәкірттің оқығанын жатқа білуі немесе жатқа білмеуі мүмкін. Осылай жеткізілген 
хадисті екінші біреуге айтатын кезде: «Пәленшеге оқып бердім немесе пәленшеге 
оқып беріп жатқан кезде естіп отырдым», – деп айтады. Осы жолмен жеткен риуаят 
сахих риуаят деп есептеледі.
Арраф. Арраф – ұрланған, жоғалған затты тауып беремін деп, бал ашатын 
балгер. Ислам дінінде балгерлікпен айналысуға қатаң тыйым салынған және ол үл-
кен күнә болып табылады. 
Мұхаммед пайғамбар: «Кім аррафқа (балгерге) немесе кәһин (сәуегейге) 
келіп, оның айтқанына сенсе, сол сонысымен Мұхаммедке түсірілгенге күпірлік 
танытты»,– деген (Сахих әл-Бұхари).
Аруақ. Жан, рух. Араб тіліндегі حور «рух» сөзінің көпше түрі, حاورأ «ару-
ах» сөзі қазақ тіліне жекеше түрде де, көпше түрде де енген. Араб тілінен қазақ 
тіліне жекеше және көпше түрде еніп, мағыналарында өзгерістер орын алған бір-
неше кірме сөз кездеседі. Мысалы, уәли-әулие; хақ-құқық; тарап-атырап; үкім-ах-
ком; құлық-ахлақ; қал-ахуал, нәби-әнбия, ғалым-ғұлама. Осындай сөздердің бірі – 
рух-аруақ. «Рух» сөзі мен «аруақ» сөзінің арасында қазақ тілінде «жан» деген ортақ 
мағынасы бар. Ол – денедегі тіршілік көзі. Сонымен қатар екі сөздің де мағыналары 
кеңейіп, қосымша мағыналарға ие болған. 
Көбінесе діни және философиялық ілімдерде «жан – жеке дара дене бітімі 
болмайтын, мәңгілік элемент, адам денесінің тіршілік көзі» деген мағынада қол-
данылады (Т.Ғабитов, Ә.Алимжанова, Қазақстан руханияты мен мәдени ескерт-
кіштерінің энциклопедиясы).
«Аруақ» сөзі қазақ тілінде ауыспалы бірнеше мағынада қолданылады. Адам-
ның түсінде көретін ата-бабасының не басқа да адамдардың бейнесін «аруақ» деп 
атайды. 
«Жанына сая таба алмай, зарыққан Халиманың көзіне ұйықтап кеткенде ше-
шесінің аруағы келіп көрінуі де мүмкін. Аруақтың келуі Халиманың халін аянышты 
көрсетуге бір себеп» (Ж.Аймауытов, Шығ.). 
Құр сүлдір сүйегі қалған, қаусап дымға қауқары жетпей қалған пендені де 
«аруақ» деп атайды. 


33
«Шымқорада – жер үйде, 
Желпіндірмес көр үйде, 
Арса-арса болып сүйегі, 
Қалақтай болып иегі, 
Жаңқадай жоқ еттен
Саусақтары шілбиіп, 
Көлеңкедей ілбиіп, 
Бұ жатқан қай аруақ?» (Ж.Аймауытов, Шығ.). 
Адамдар мен елді мекендердің қадір-қасиетін, киелілігі мен сыйлылығын 
жеткізуде де «аруақ» сөзі қолданылады. 
«Алдымды, артымды да жарылқа деп, 
Сүйімбай, Сарбасқа еріп кетті
Аруағы Алатаудай қайран Жәкем, 
Төстіктей қара жерге сыйып кетті» (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 
Адам бойындағы ерекше рух, шабыт, арқалы күш те «аруақ» деп аталады. 
«Ақсақалды бабасы 
Ақ сүңгі қолын жаяр ед, 
Найзағайдай тіп-тік нар басы 
Аруағы елге аян ед» (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). 
Сонымен қатар «аруақ» сөзі сөз тіркестерінің құрамында келіп, жаңа мағына-
ларға ие болған. Қарғыс мағынасында қолданылатын «Аруағы атсын!», «Аруақ ұр-
сын!» деген тіркестерде біреудің озбырлығына қатысты кейіген кезде «жазасын 
алғыр», «жолы болмағыр», «озбырлығы қу басына көрінгір» деген мағыналарда 
қолданылады. 
«Жантас болысқа берсең жаныңды, Мықтыбай аруағымен ант ет! Орындама-
сам, атам Мықтыбайдың аруағы атсын» (М.Әуезов, Шығ.). Яғни «осы антымды бұ-
зып, уәдеме қиянат жасайтын болсам, мен жазаға лайықты болайын» мағынасында.
Ата-бабаны құрметтеп, солардың аттарын ортаға салып көмек сұрап келген-
дерге көмектескенде, яки ата-бабалардың өмірін өнеге қылып, арттарынан қайы-
рлы іс-шаралар өткізгенде не еске алғанда «Пәленшенің аруағын сыйлап» деген 
тіркес қолданылады. 
«Ол қайтыс болған қажының аруағын сыйлап, басына барып көңіл айтуды 
жөн көрді» (Х.Есенжанов, Тар кезең). 
Бұл айтылғандардан басқа қазақ тілінде «ата-баба аруағы», «аруағы риза 
болды», «тірі аруақ», «өлі аурақ» деген тіркестер көп кездеседі. Бұл қазақ дүниета-
нымында «аруақ» сөзінің салмақты мәнге ие екендігін аңғартады. Діни түсініктегі 
«адамның жаны» мағынасын беретін «аруақ» сөзінің қолданылу ауқымы кеңейіп, 
ауыспалы мағыналарда көп қолданылған. Сондықтан діни термин ретінде қолданы-
латын «аруақ» сөзінің мағынасын ауыспалы мағыналарда қолданылатын мағынала-
рымен шатастырып алмау қажет.


34
Арулау. Қайтыс болған адамды тазалап жуындырып, кебіндеп, жаназасын 
оқып жер қойнауына тапсыру. 
«Өткенін Ебенсалам халқы білді,
Бірталай, есіткен соң, жұрт жиналды.
Шығарып жаназасын таза арулап, 
Қабірін бек айбаттап күмбез қылды» (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
«Арулап дәфін етіп балалары, 
Әкесін жер қойнына қайтты көміп. 
Адамның дүние шіркін бауыр еті, 
«Алтынды алсақ, – дейді, – еді бөліп» (Ә.Найманбаев, Шығ.). 
Аршы. Аршы شرع – Аллаһтың тағы. Құранда: «Сондай аршыны көтергендер 
және оның айналасындағылар Раббыларын мақтап, пәктейді ...» («Ғафир» сүресі, 
7-аят), «Ол кезде Раббыңның аршысын сегіз (періште) көтереді» («Хаққа» сүресі, 
18-аят), – дейді.
Имам әл-Бәйһақи аршыға былай анықтама берген: «Тәпсіршілердің сөздері 
мынаған тоғысады: Аршы – ол тақ әрі ол өте алып материалды дене. Құдды Алла 
жер бетінде бір үй жаратып, адам баласына оны тауап жасауға, намазда оған жүз 
бұруға бұйырғандай, Алла аршыны жаратып, періштелеріне оны көтеруге, оны 
құрметтеп (айналасында) тауап жасауға бұйырған. (Әл-Бәйһақи, Китабу әл-әсмәи 
уа әс-сифат). 
Алайда кейінірек «Алла барлық жерде, Алла аспанда, Алла аршының үстін-
де» деген т.б. мекен беру сенімін ұстанған топтар пайда болды. Ондайларға ғұлама-
лар бүгінгі күнге дейін тиісінше жауап беріп келді (Қ.Ә. Жұмағұл, www.muftyat.kz).
Асаба. Мирас ілімінде қолданылатын термин. ةبصع «асаба» сөзі араб тілінде 
адамның әкесі жағынан еркек туысқандары деген мағына береді. Қара: Асиб. Бұл 
терминнің қазақ тіліндегі той жүргізуші асабамен, байраққа, туға ілінетін түсті бау 
асабамен және оспадар, ұрда-жық топас асабамен түбірлес сөз емес. Өйткені бұл 
сөз араб тілінен енбеген. Ал көне қазақ тілінде әртүрлі мағыналарда қолданылған 
«асаба» сөзі араб тілінен кірген емес және оның араб тіліндегі «асаба» сөзімен бай-
ланысы жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет