Мутанова динара юлдашбаевна



Pdf көрінісі
бет46/68
Дата24.05.2022
өлшемі2,26 Mb.
#35442
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   68
 «А-ден Z-ке дейін» тренингі білімгерлердің шындыққа деген көзқарасын 
анықтауға, коммуникативті мәдениетті дамытуға, сондай-ақ мәдениет, 
мәдениетаралық қарым-қатынасты және шет тілін қарым-қатынас құралы 
ретінде зерттеуге бағытталған. Алфавиттің әрбір әрпіне білімгерлер 
коммуникативтік мәдениетті анықтайтын қауымдастық, тұжырымдама немесе 
құбылыс таңдайды. Мысалы білімгер V - әріпін таңдайтын болса, оған verbal 
communication (тілдік қарым-қатынас), P - әріпіне potential (communicative 
potential-коммуникативтік әлеует), F – formation of communicative culture 
(коммуникативтік мәдениеттің қалыптасуы), C – competition (құзыреттілік), I – 
interaction (өзара қарым-қатынас), S – speech (сөйлеу), т.б. 
«Өзін-өзі таныстыру» тренингі білімгерлердің шетел мәдениетінің 
өкілдерімен байланыс жасауға деген ұмтылысын ынталандырды, өзін-өзі 
сауаттылық пен тартымдылық танытуға және өзін-өзі сенімділікті дамытуға 
мүмкіндік берді. Бұл әдіс шет тілдерінде мынадай формаларда қолданылды: А) 
ауызша, білімгерлерге жұмысқа қабылдау кезінде олардың өмірбаяны туралы 
дайындалған монолог; Ә) жазбаша, келісімшарт жасау үшін басқа елдерге 
хаттар (ресми және бейресми) түрінде жазбаша түрде, халықаралық компанияда 
жұмысқа қабылдау туралы резюме жазу. 
Осы формаларды қолдану арқылы сипатталған техника болашақ ағылшын 
тілі мұғалімдерінің коммуникативтік, мәдениет және тәжірибелік дағдыларды 
дамытуға, олардың тілдік дағдыларын жетілдіруге, шетел мәдениеттерін 
зерттеуге ынталандырды. Білімгерлердің коммуникативтік мәдениетінің 
мотивациялық құраушысын дамытуға және мәдениетаралық қарым-қатынас 
ерекшеліктерін зерттеуге, тілдік дағдыларды жетілдіруге ынталандыру үшін, 
алған білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік беретін Интернет ресурстарын 
қолдануға болады. 


120 
Коммуникативтік және шығармашылық құзыреттілікті, білім мен 
тәжірибені қамтитын коммуникативтік мәдениеттің когнитивтік құраушысын 
дамыту үшін, келесі оқыту әдістері пайдаланылды: 
«Мәдени 
капсулалар» 
тренингі 
коммуникация, 
мәдениет, 
коммуникативтік шығармашылық, тілдік және тілдік емес қатынас бойынша 
шағын дәріс болды. Бұл әдістің ережесіне сәйкес, студенттер коммуникативтік 
мәдениетке байланысты ұғым, терминдерді олардың мағыналарын бір-біріне 
түсіндірді. 
Олар 
келесі 
сөздерден 
құралды: 
коммуникация, 
коммуникабильділік, коммуникативтік, мәдениет, мәдени сөйлеу, құзыреттілік, 
мәдени құзыреттілік, коммуникативтік құзыретілік, тілдік және тілдік емес 
қарым-қатынас, болашақ ағылшын тілі мұғалімі, байлныс, мәдениетаралық 
құзыреттілік, т.б. Салыстырмалы талдауды алғашқыда мұғалім, ал келесі 
сабақтарды білімгерлер жүргізді. 
«Мәдени мұра» тренингі. Білімгерлерге өз ана тілдеріндегі мақал-
мәтелдерді, сөздерді немесе басқа тілде неліктен осылай мазмұндалатынын 
түсіндіру ұсынылды. Мысалы:
Little strokes fell freat darks. 
Еңбек етсең емерсің. 
Easy come easy go. 
Тез келген бақ тез кетеді. 
You must reap what you have won.
Не ексең соны орасың. 
An apple a day keeps doctor away.
Күніне бір алма жесең, емшіден 
аулақ боласың. 
Bad news travels fast. 
Жаман хабар тез тарайды. 
Patience is bitter but its fruit is sweet. 
Шыдаудың өзі ащы
болғанымен, жемісі тәтті. 
Nothing is impossible to a willing heart. 
Қиын іс жоқ ғаламда,
ықылас қойған адамға. 
Where there is a way there is hope. 
Қайда үміт болса жол сонда. 
Failure is the mother of success.
Жеңіліс – жеңістің анасы. 
Bread is staff of life. 
Ас – адамның арқауы. 
Easier said than done. 
Айту оңай, істеу қиын. 
«Пирамида» тренингі белгілі бір тақырып бойынша пирамидалардың 
сөздерін жинақтады. Бұл әдіс білімді жүйелендіруге және топ болып ойлауды 
дамытуға 
бағытталған. 
«Сөздердің 
жинағы» 
әдісі 
білімгерлердің 
комбинаторлық қабілеттерін дамытты. Білімгерлер бір неше сөздерге 
коммуникативті мәдениетке айланысты ситуациялық жағдайлар құрастырып 
оларды сөйлеу барысында қолданды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет