Музыкалық талдап-қорыту әдісі (Э.Б.Абдуллин) – жоспарлық тақырыпта келісілген және музыкалық ойлауды дамытуға бағытталған негізгі білімді оқушыларға игертуді көздейді.
Бұл әдістің ілеспелі бірнеше өзіндік әректі бар:
Бірінші әрекет – алдағы оқитын тақырыптың негізін қабылдау үшін оқушылардың музыкалық өмірлік тәжірибесін жандандыруды мақсат етеді.
Екінші әрекет – балаларға музыка өнерінің қандай да бір заңдылықтарын, олардың басқа өнер түрлерімен және өмірдің өзімен байланысын ашатын жаңа тақырыппен таныстыруды мақсат етеді.
Үшінші әрекет – оқушының әр түрлі музыкалық әрекеті негізінде алған жаңа білімінің түсінігін бекітумен байланысты.
Музыка туралы толғану әдісі.Д.Б.Кабалевский осы әдіс туралы өз ойын былай жеткізеді: «Жаңадан туындаған сұрақтарды шешу үшін мұғалімнің оқушымен қысқаша әңгіме жүргізуі маңызды. Әрбір әңгімелесу кезінде бір-бірімен байланысты үш негізгі сәттің сезілуі тиіс: бірінші – мұғалімнің нақты ұйымдастырған тапсырмасы; екінші – оқушымен бірлесе отырып осы тапсырманы біртіндеп орындау; үшінші – оқушының өзі айтатын соңғы қорытынды».
Компазиция құру әдісі (Л.В.Горюнова) – негізінен бір шығарманы орындағанда оны музыкалық әрекеттің әр түрімен (мызыка тыңдау, хормен және жеке ән салу, музыкалық аспаптарда ойнау, музыка арқылы қимыл-әрекет жасау т.б.) байланыстыруға боғытталған.
Көркемдік контекст құру әдісі(Л.В.Горюнова) – оқушылардың музыкалық мәдениетінің «сыртқа» шығуы, басқа өнер түрлерімен байланысы, ұқсастылығы мен айырмашылығы және тарихи байланысы бар екенін сезінуі.
Интонация негізінде көркемдік және техникалық өзара байланыстыорнату әдісі (Е.В.Николаева). Берілген әдіс Б.В.Асафьевтің теориясын дәлелдейді – «интонацияның» көп мағыналығы: музыка мәнінің көркемдік түрі және музыкалық мәнерлігінің дыбыс ырғағының тазалығы (дәлдігі). Н.Л.Гродзенская осы әдістің «сонаттық аллегро»деп аталатын төрт кезеңін атайды:
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі (вступление);
2. Мұғалімнің өз орындауындағы немесе жазбадағы (экспозиция) туындыны тыңдау;
3. Шығарманы талдау (разработка);
4. Жоғарғы танымдық және сезімдік деңгейде ығарманы тыңдау (реприза);
5. Музыканы қайталау, есте сақтау (кода).