Салыстыру әдісі музыкалық білім беруде кеңінен қолданылады. Ол мынадай музыкалық материалдарды: тактінің әлді және әлсіз үлесі, forte мен piano, әртүрлі екпін, тембрледі салыстыруда көп көмегін тигізеді.
Салыстыру әдісінің түрлері:
- ұқсастықтар мен айырмашылытарды ажырата білу әдісі;
- ұқсастыру әдісі, мәселен таныс әуенді басқа туындалардан табу;
- қайта таңбалау (перекодирование) әдісі, музыкалық бейнені әртүрлі би қимылдарымен жеткізу және т.б.
Тыңдау-көркемдік тәсілдері белгілі бір музыкалық туындыны тыңдай отырып, өзінің орындауында көрсететін орындаушылық әрекетті дамытатын әдістің бірі.
Ауызша тісіл арқылы оқығанда оқушылар біріншіден есту арқылы музыкалық білімін сөз формалары арқылы жеткізуге тырысады, екіншіден өз саналарында жалпы музыкалық терминдерді бекітуге көмектеседі.
7.2 Музыкалық білім берудің өзіндік, арнайы әдістері
Мұнда оқушының алатын музыкалық білімінің әр түрлі жақтарын қамтиды.
Музыка сабағындағы сезімдік драматургия әдісі (Д.Б.Кабалевский, Э.Б.Абдуллин).
Сезімдік драматургия тәсілі музыка сабағында мынадай драматургиялық мәселелерді шешуге бағытталады:
- барлық сабақтың эмоциялық векторын айқындайтын интродукция;
- сипаты жағынан әр түрлі музыкалық туындылардың қарама-қарсылықтары мен ұқсастықтарын шектей отырып үйлестіретін, балалар мен мұғалімнің орындауындағы оқушының музыкалық әрекетінің түрлеріне, жұмыс формаларына, музыкалық шығармаларға композиция құру;
- оқушылардың өздері айқын да ашық музыкалық туындыларды тыңдауы не орындауымен байланысты сабақтың сезімдік-эстетикалық шарықтау шегінің (кульминация) көрінуі;
- сабақ мақсатының алдын-ала орындаулуы, оның сипаты мен көңіл - күйі, жалпы сабақтың музыкалық композициясының логикалық аяқталуы.
«Оза шолу» мен жан толғанысы деңгейінде өткенге жаңа деңгейде «оралу» әдісі (Д.Б.Кабалевский) не барлық білім беру үрдісіндегі, кейбір сабақтарда, музыкалық сабақ кезіндегі перспективалы (болашақтағы), ретроспективтік (өткенді шолатын) әдістер (Э.Б.Абдуллин). Немесе бұл әдіс Д.Б.Кабалевскийдің айтуынша: «алға қарай» жүре отырып өткен сабаққа жаңа деңгейде қайтып «оралу» әдісі. Бұл әдіс, негізінен нақты музыкалық шығармалармен, қалыптасып келе жатқан икемділіктер мен дағдылармен, музыкалық-шығармашылық әрекеттің тәжірибесімен тақырыптың жоспарлар арасындағы әр түрлі байланыстарды анықтауға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |