Н. Жаңабаев 2023 жыл


«Газет-жарнама қалқаны» байқауы



бет6/11
Дата25.05.2023
өлшемі58,17 Kb.
#96920
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
6.6. «Газет-жарнама қалқаны» байқауы
Мақсаты-ақпаратты тез және оңай беру әдісі ретінде билбордтың эскизін дайындау. Байқау тақырыптары команда өкілдерінің қатысуымен 12 мамыр күні онлайн формат түрінде өткізіледі. Конкурсты өткізу кезінде тек берілген керек – жарақтарды (А-1 форматтағы ватман, бояуларды, қылтаяқшаларды, қарындаштарды және т.б.) пайдалануға рұқсат етіледі. Билбордтың эскизі көлденең жазықтықта орындалуы керек. Билборд эскизін орындау үшін үй дайындамаларын, өзге де жеке материалдарды пайдалануға тыйым салынады. Билборд эскизін дайындауға команда басшыларынан басқа команданың барлық мүшелері жіберіледі. Билборд эскизін орындаудың ең ұзақ уақыты - 50 минут.
Презентацияның ұзақтығы 5 минуттан аспайды, онда негізгі идея түсіндіріледі және таңдалған мәтіннің (ұран) және суреттің мақсаты түсіндіріледі, орыс немесе ағылшын тілдеріне аудару жүзеге асырылады. БТА келесілерді бағалайды:
- билбордтарды орындаудың негізгі критерийлеріне сәйкестігі
- шығармашылық және тақырыпты толық ашу
- сюжеттің ақпараттылығы
- көркем сурет
- презентация сапасы
- осы жобаны пайдаланудың маңыздылығы, өзектілігі, нақтылығы
6.7.«Дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету» байқауы.
Дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету байқауы алғашқы көмек көрсету бойынша жас құтқарушы – өрт сөндірушілердің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын зардап шеккендерге көмек көрсету арқылы, ең жақсы дайындалған командаларды анықтау мақсатында өткізіледі.

  • Төменде аталған көмек көрсетулер бойынша тест сұрақтарына жауап беру.

  • Әр түрлі жарақат (қан кету, ашық, жабық сынық) кезінде алғашқы көмек көрсету;

  • Күйік кезіндегі алғашқы көмек;

  • Үсік алғанда көрсетілетін алғашқы көмек;

  • Күн тигендегі алғашқы көмек;

  • Түтінге, газге уланғанда көрсетілетін алғашқы көмек;

  • Электр жүйесінен зардап шеккен науқасқа алғашқы көмек көрсету.

  • Практикалық дағдыларын көрсету.

  • Суға батқан адамға алғашқы көмек көрсету;

  • Жасанды дем беру;

  • Әр түрлі жарақат (қан кету, ашық, жабық сынық) кезінде алғашқы көмек көрсету;

  • Ашық және жабық сынық кезіндегі шина салу түрлері.

Конкурсқа команданың 5 мүшесі қатысады, олар зардап шеккеннің жарақатына (ауырлық деңгейіне) байланысты алғашқы көмек көрсету және зардап шеккендерді тасымалдау кезінде қажетті іс қимылдарды орындайды. Тапсырманы орындау үшін команда мүшелерінің бірі «шартты түрде зардап шегуші» ретінде және «манекен-тренажер» қатыстырылады. Конкурс сигналдық лентамен сөре және мәре сызықтары белгіленген алаңда өткізіледі. Берілген тапсырмаларды орындау үшін үстелде қажетті заттар орналастырылады. Конкурстың бас төрешісі төреші комиссияның жұмысын ұйымдастырады және конкурсқа қатысушы командаларының өту барысына басшылық етеді. Қатысушылардың іс – қимылдарын бағалауды төрешілер айыппұлдар кестесіне сәйкес жүзеге асырады. Төрешілер егер, топ жетекшілері тарапынан ұсыныстар мен пікірлер болса, сондай-ақ әр түрлі жағдайларға байланысты тапсырмаларды орындаудан бас тартқан кезде конкурстың өтуін тоқтата алады. Бұл жағдайда байқаудан өтпеген болып саналады.
Қатысушылар мәре сызығына келіп, бас төрешінің нұсқауы бойынша іс – қимылға кіріседі. Команда мүшелерінің алаңда алғашқы көмек көрсеткеннен кейін «шартты түрде зардап шегушімен» мәре сызығын кесіп өтуі, сайыстың аяқталуы болып саналады. Нормативтік уақыт – 15минут. Нормативтік уақыттан асып кеткен кезде, әр 10 секунд сайын 1айыппұл балы тағайындалады. Жіберілген қателіктері мен айыппұл баллдары және тапсырманы шешуге жұмсалған уақытты төрешілер парақшаларына белгілейді, қажет болған жағдайда топ жетекшісіне жіберілген қателіктерді көрсетеді. Байқау жеңімпазы айыппұл баллдарының ең аз саны бойынша, берілген тапсырманы орындауға жұмсалған ең аз уақыты бойынша айқындалады. Топ жетекшісі төрешілікке команданың көрсетілімі аяқталғаннан кейін ғана шағымдануға құқылы (апелляция конкурстың бас төрешісіне команданың көрсетілімі аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде беріледі). Төрешілер комиссиясы барлық апелляцияларды қарап, қабылданған шешімдерді командалардың топ жетекшілеріне жеткізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет