Бекітемін Атырау облысының Төтенше
жағдайлар департаменті
бастығының міндетін атқарушы
азаматтық қорғау полковнигі
__________________Н.Жаңабаев
«___»______________2023 жыл
«Жас құтқарушы» облыстық слеті
ережесі
1 тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. «Жас құтқарушы» облыстық слеті (бұдан әрі-Слет) өскелең ұрпақты жан-жақты дамыту және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға дайындау,сондай-ақ төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын білу және жетілдіру мақсатында ұйымдастырылады және өткізіледі.
1.2. Слетті Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі – Департамент) және Атырау облысы Білім беру басқармасы (бұдан әрі – БББ) Атырау қаласында ұйымдастырады және өткізеді.
1.3. Өткізілетін күні: 2022 жылғы 12, 13 мамыр күндері
2 тарау. СЛЕТТІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2.1. Өскелең ұрпақпен жұмыс істеудің жаңа формалары мен әдістерін енгізу, бейінді жастар ұйымдарының бағдарламаларымен және жобаларымен таныстыру, өзара тиімді ынтымақтастық бойынша бірлескен бағдарламаларды әзірлеу және енгізу.
2.2. Тіршілік қауіпсіздігі мәселелеріне,өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету дағдыларына, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге үйрету.
2.3. Балалардың тентектігіне, балалардың тіршілік қауіпсіздігі ережелерін білмеуіне, экстремалды жағдайларда әрекет ете алмауына байланысты орын алатын төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелеріне мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, оқытушылардың назарын аудару.
2.4. Төтенше жағдайлар қаупі төнген және туындаған кезде, жеке және ұжымдық қауіпсіздік мәселелеріне саналы және жауапкершілікпенқараудыүйрету.
2.5. Балаларды және жастарды төтенше жағдайларда іс-қимыл жасауға дайындауға, өзіне-өзі және өзара көмек көрсетуге бағытталған қолданбалы спорт түрлерімен айналысуға тарту.
2.6. Жастар арасындатемекі шегудің, алкогольді және есірткіні тұтынудың алдын алу.
Достарыңызбен бөлісу: |