15-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин. Таза бұлақ. Сабақтың мақсаты: а) Тәрбиелік: Жазушының шығармасын оқи отырып, қамқорлық,
жанашырлық сезімдерін ояту, табиғатты сүюге, аялауға баулу.
ә) Білімділік: Мәтіннің мазмұнын ашып, көркем тілмен өз ойын еркін
жеткізебілугежағдай жасау.
б) Дамытушылық: Оқушыларды тапсырмалар арқылы шығармашылық
ізденіске жұмылдыруға мүмкіндік жасау.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың технологиясы: Сатылай кешенді оқыту.
Оқыту формалары: Жеке, жұптық, ұжымдық.
Көрнекілігі: Тірек сызбалар.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, музыка.
Техникалық құралдар: Магнитофон.
Сабақтың кезеңдері: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа бағыттау.
Психологиялық дайындық.
Оқушылар хормен: Мақсатымыз – білім алу, міндетіміз – еңбектену, білім
шыңына шығу.
ІІ. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі. Ы. Алтынсариннің төменгі сыныптарда өткен «Кел, балалар, оқылық»
өлеңін еске түсіру.
Ы. Алтынсариннің «Таза бұлақ» әңгімесімен танысамыз.
«Дыбыстар сөйлейді» әдісі. Т – тапқырлық
А – адам
З – зерек
А – аталады
Б – байсалдылыққа
Ұ – ұқыптылыққа
Л – лайықты
А – азамат
Қ – қадірлі
Үн таспадан бұлақтың сылдыраған үнін тыңдату.
– Ненің үнін естідіңіздер?
– Бұлақтың.
– Бұлақтың суы қандай деп ойлайсыздар?
– Тап-таза, мөп-мөлдір.
Олай болса бейнероликті тамашалайық.
ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру кезеңі. Мәтінді сатылай кешенді талдау 1. Авторы. Ы.Алтынсарин ...
2. Тақырып – белгілі бір дәуірдегі қоғамдық шындықтың
сәулесі, автордың айтар ойының түпқазығы. Бұл
әңгіменің тақырыбы –
3. Әдеби жанр – әңгіме.
4. Кейіпкерлері –
5. Жағымды кейіпкерлер –
6. Жағымсыз кейіпкерлер –
7. Түсіндірме сөздік.
8. Қырыс –
9. Тағы –