Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет101/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

 
ІҮ. Сабақты бекіту. 
І топ. «Су тіршілік көзі» тақырыбына ойтолғау. 
ІІ топ. «Сусыз өмір жоқ» тақырыбына сурет салады. 
ІІІ топ. «Таза бұлақ» әңгімесінің желісі бойынша рөлдік ойын. 
 
Ү. Қорытынды. « Менің ойымша ...» әдісі ( әр оқушы өз ойларын 
айтады). 
МАТЕМАТИКА 
Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы 
бойынша математика пәнінен таңдау курсын оқытудың білім алушылар 
үшін тиімділігі зор. 
Біріншіден білім алушылар белгілі бір жүйемен білім алып, ойлануға, 
сөйлеуге, есептеуге негіз қалыптасады. 
Екіншіден, теориялық білімді сызба арқылы өздігінен меңгерген оқушы 
кез келген тапсырманы орындау барысында оңай шешу жолдарын 
қарастыра алады. 
Үшіншіден, Сатылай кешенді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану 
оң нәтиже береді: 
1. Білім алушылардың өз бетінше жұмыс істеу қабілетінің біртіндеп 
өсуіне ықпал етеді. 
2. Логикалық
шығармашылық ойлануын, танымдық дүниесін 
байытады. 
Математиканы оқыту әдісі оқытудың түрімен және сабақтың 
құрылымымен тығыз байланысты.Сабақтың мақсаты оқу материалының 
мазмұнына, қолданылатын оқыту әдістері мен тәсілдеріне, оқушылардың 
дайындық деңгейіне және оқу процесінде сол сабақтың алатын орнына 
байланысты анықталады. Сабақтың құрылымы әр алуан болады(сабақ 
үлгілері берілді). Білім алушылардың өздігінен жұмыс істеуі - математика 
курсын игерудің ең қажетті бөлігі. Дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыс 
білім алушылардың жауапкершілігін арттырып, өздігінен білім алу 
дағдыларын қалыптастырады. 
Оқытудың тиімділігін арттыру үшін есеп шығаруды түрлендіріп отыру 
қажет. 
 қызықты есептер шығару; 
есеп құрастыру
 есепті бір түрден екінші түрге түрлендіру; 
 есепті әртүрлі тәсілмен шығару; 
 кері есеп шығару; 
 есепті тексеру; 


 есеп құрастыруға мағлұматтар іздестіру
 дидактикалық тапсырмаларды орындау; 
 танымдық және шығармашылық тапсырмалар орындау. 
Математика пәнінде «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының тірек 
сызбаларын қолдану - білім алушылардың жан-жақты дамуына, олардың 
математикалық тілінің жетілуіне мол ықпал етеді. 
Математика сабағында мұғалім білім алушыларға мәселе қояды, 
ойлаудың жолдарын үйретеді, оқып-үйрену барысында өз бетінше жұмыс 
жасау 
әрекетіне 
бағыт-бағдар 
береді. 
Білім 
алушылар 
өзара 
заңдылықтарды, теорияларды ұғындырады, ережелерді қорытып, бірлескен 
ұжымдық әрекет жасайды. Олар өзін-өзі, бірін-бірі бақылау, бағалау, пікір 
айту, баяндау арқылы проблеманы шешуге, шығармашылыққа, 
ізденушілікке, зерттеушілікке бейімделеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет