ҮІІІ. Рефлексия.
1.Сабақ сізге ұнады ма?
2.Не үйрендіңіз?
3.Не қиын болды? ..... Неге?
4.Берген бағаңыз? …
ІХ. Үй тапсырмасы.
4-сабақ .
Сабақтың тақырыбы: 2-1=1 өрнегін сатылай кешенді талдау
Сабақтың мақсаты:
а) Тәрбиелік: Оқушыларды
іздене білуге, өзін-өзі басқаруға,бір-бірінің
пікірлерімен санасуға,бір-біріне жәрдем бере білуге бағыттау.
ә) Білімділік: А
зайту амалын,
мағынасын, оның сандық сәуледе
кескінделуін, қасиетін амалдарды орындау арқылы білімді өз беттерінше
алуға мүмкіндік жасау.
б) Дамытушылық: Жүйелі ойлау қабілетін,
өзіндік талдау, іскерлік
дағдыларын жетілдіреді.
Сабақтың технологиясы: Сатылай кешенді оқыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Оқыту формалары: Жеке, жұптық, ұжымдық, топтық.
Көрнекілігі: Сызба.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер.
Сабақтың кезеңдері:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа бағыттау.
Көптен күткен қоңырау,
Соғылды, сабақ басталды.
Тексерейік түгендеп,
Дәптер, қалам, кітаптарды.
Сабағымыз басталсын,
Пайдасы оның көп болсын.
1, 2, 3 сандарын пайдаланып топқа бөлінеді.
Мысалы:1 санын алғандар1- топ, 2 санын салғандар 2- топ, 3
санын
алғандар 3- топ.
ІІ. Бірінші кезең: Өткен материалдарды еске түсіру.
Мақсаты: жаңа
білімді бұрынғы біліммен байланыстыра отырып,
өтілетін материалды
жеңіл, ұғынықты меңгерту.
Тірек тапсырма: Білім алушылардың үйге
берілген жаңа сабаққа негіз болатын тапсырмалармен жұмыс.
Тілдесім
әрекеті бойынша ойын « Сен маған, мен саған » (жұптық ).