Екінші кезең: Жаңа білімді меңгеру.
Мақсаты: дербес тұрғыда әрекеттер
іске асады.
ІІ. 1 саны мен цифрын талдау
4. Қасиеті.
4.1. Натурал сандар қатары 1 санынан басталады.
4.2. Әрбір келесі натурал сан алдыңғы саннан 1-ге
артық
болады.
4.3. Натурал сандар қатары түзу сызық сияқты шексіз,
өйткені кез келген санға бірліктен қосып отыруға
болады.
4.4. Егер натурал сандар қатарынан кез келген бірнеше
санды
ретімен алатын болсақ, онда натурал сандар
қатарының кесіндісі пайда болады.
1,2,3,4,5,6,7,8,9 – бұлар
натурал сандар қатарының
кесіндісі.
2,4,6,7,8,9 – бұлар натурал
сандар қатарының кесіндісі
емес, себебі мұнда 1,3, 5 сандары жоқ.
5,8,6,8,7– бұлар натурал сандар қатарының кесіндісі
емес, себебі сандар ретімен тұрған жоқ.
5. Сандық сәуледе кескінделуі
0 1
Санақ басы , бірлік кесіндісі, бағыты бар сәулені сандық
сәуле дейміз.
Санақ басы 0-ден басталып, бір бірлікті көрсетіп тұр.
6. Салыстыру.
6.1. Кем. Бұл
– кем таңбасы <
Жазылуы: 0<1. Оқылуы:
Нөл кем бірден.
Себебі, сандық
сәуледе сол
жақтағы сан оң жақтағы саннан кем болады.
6.2. Тең. Теңдік таңбасы =
Жазылуы: 1=1. Оқылуы:
Бір тең бірге. Себебі, сандық
сәуледе бір санға сәйкес тек бір ғана нүкте табылады.
Достарыңызбен бөлісу: