ІҮ. Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу. 1 цифрының жазылуын ауызша айта отырып,
дәптерге
көркем жазу ( жеке).
Топтық жұмыс:
Бірінші топтың тапсырмасы. Суретті түрлі-түсті бояумен боя.( сурет)
Екінші топтың тапсырмасы. Жәнгір теңізде
дем алған кезде табиғат
көрінісін бейнелеген 4 сурет салды. Оның үшеуін анасына сыйлады.
Жәңгірде қанша сурет қалды? ( 4-3=1)
Үшінші топтың тапсырмасы. Кірпінің екі шары бар еді.
Бір шары
жарылып қалды. Енді кірпінің неше шары қалды
?
Төртінші топтың тапсырмасы. Экранда көрсетілген
суреттен бір санын
қатыстырып, есеп құрастырыңыздар.
Ү. Төртінші кезең: Қорытындылау.
Мақсаты: білім алушылар өтілген
материалды қорытындылайды.
Айтылым әрекеті арқылы «Жалғастыр» ойынымен бір санының 4,5,6
сатысын баяндаңыздар.
ҮІ. Рефлексия:
1. Сабақта нені үйрендіңіздер?
2. Сіздерге сабақ ұнады ма?
3. Не қиын болды? ...Неге?.
3-сабақ.
Сабақтың тақырыбы:
1+1=2 өрнегін сатылай кешенді талдау
Сабақтың мақсаты:
а) Тәрбиелік: Оқушылар шағын топтар құрамында тиімді түрде жұмыс
ұйымдастырады,
шығармашылық
атмосфераны
қалыптастыруға
атсалысады, бір-бірінің пікірлерімен санасады,бір-біріне жәрдемдеседі.
ә) Білімділік: Қосу амалын,
мағынасын, оның сандық сәуледе
кескінделуін, қасиетін амалдарды орындау арқылы білімді өз беттерінше
алуға мүмкіндік жасау.
Достарыңызбен бөлісу: