а) Тәрбиелік: Топ мүшелері талқылауға қатынасып,
бірлесе еңбектенуге,
шығармашылық қарым-қатынас құруға, бірін-бірі үйретуге,
ортақ
шешімге келуге бағыттау.
ә) Білімділік: Өткен тақырыптарды пысықтай отырып,
алған
білімдерімен есеп құрастыру мен шығаруға жағдай жасау.
б) Дамытушылық: Берілген мысал, тапсырмаларды орындау арқылы
ойлау қабілетінің
дамуына жағдай жасалынады, қорытынды жасауға
дағдыланады.
Сабақтың технологиясы: Сатылай кешенді оқыту.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Оқыту формалары: Жеке, жұптық, топтық, ұжымдық.
Көрнекілігі: Сызба.
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану.
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер.
Сабақтың кезеңдері:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа бағыттау.
Сабағымызға келгендер, сәлем бердік бәріңе!
Ізгілікке сенгендер, сәлем бердік бәріңе!
Өз бақытын өзгемен, тең
бөлісіп көргендер
Сәлем бердік бәріңе! ( балалар қол ұстасып, бір-біріне бұрыла қарап, бірге
айтады )
«Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні кәріп» ( ойтолғау)
Сыныпты үш топқа бөлу.
ІІ. Бірінші кезең: Өткен материалдарды еске түсіру.
Мақсаты: алған
білімдерін тапсырмалар орындауда пайдалана отырып,жүйелейді
1-тапсырма: Викториналық сұрақтар ( ұжымдық )
1) Үш таңбалы санға 1-ді қосса төрт таңбалы сан шығады. Ол қай сан?
( 999 + 1 = 1000)
2) Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастасаң неше
бұрыш
қалады ? ( 5 )
3) Екі стақанға бірдей су құйдың. Оның біреуін тарелкаға төңкердіңдер.
Қайсы стақанда су көп ? ( бірдей)
Достарыңызбен бөлісу: