«Жаңылтпаштар сайысы » Әр топтан екі оқушы шығып, жаңылтпашты оқып жарысады. Қателеспей,
жаңылтпашты дұрыс оқыған оқушылар жеңіске жетеді.
Ұшы үшкір ұшқыр үш жебе алдым,
Үшеуі де үшкір, ұшқыр деп алдым.
Есет ағам ет асатар
Ет асатса, бес асатар.
«Амалдар таңбаларын қою» Екі топқа интерактивті тақтаға алты теңдік жазылады. Сол теңдіктер тура
болатындай етіп амал таңбаларын, жақшаларын қою керек. Бұл сайысқа
топтың барлық мүшелері қатысады. Қай топ оқушылары дұрыс амал
таңбалары мен жақшаларды дұрыс қойса, сол топ жеңеді. Есепті қатесіз
шығарайық.
4 * 3 * 7 = 25 4 * 3 * 7 = 7
4 * 3 * 7 = 19 4 * 3 * 7 = 5
17 – 9 = 48 * 6 32 * 4 = 4 х 9
63 * 7 = 7 х 8 80 * 10 = 40 : 5
12 + 28 : 4 – 6 = 13 21 + 14 : 7 х 2 + 10
15 + 27 : 3 – 9 = 15 54 – 40 : 2 х 4 = 49
«Жанкүйерлер сайысы» Бұл сайыстың шарты бойынша , жанкүйерлер ішінде сан есімі бар мақал
айтулары керек. Мақал айтқан бала қай топқа жанкүйер болса, сол топқа
бір ұпай береді.
«Арқан тартыс » Бұл сайысқа топтың барлық мүшелері қатысады.Арқанның ортасында
көбейту амалы деп жазылады. Оқушылар көбейту амалына сатылай
кешенді талдау жасайды.
«Капитандар сайысы» Екі топтың топ басшылары шығып, сөзжұмбақты дұрыс әрі бірінші шешуі
керек. «Бөлу» деген сөз шығады. Бөлу амалына сатылай кешенді талдайды.
«Фигуралар сайысы» Әр топқа бірдей фигуралар беріледі. Сол фигуралардан адам бейнесін
жасаулары керек. Фигураны көп қолданған топ жеңеді.
Үшбұрыш фигурасына сатылай кешенді талдау жасайды.
ІҮ. Рефлексия Бүгінгі сайыста тапсырмаларды орындай отырып, қандай қорытындыға
келдіңіздер?
Қай тапсырманы орындағанда қиындыққа тап болдыңыздар? Неге?
Сабақтан қандай әсер алдыңыздар?