Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет118/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

7-сабақ. 
 
Сабақтың тақырыбы: Ондықтан аттап ауызша және жазбаша қосу
азайту 
 
Сабақтың мақсаты: 
а) Тәрбиелік: Оқушының топпен қарым-қатынаста болу арқылы өзінің 
жеке даму деңгейін өсіруге , өз орнын таба білуге, алға қарай тырыса 
жұмыс орындауға бағыттау. 
 ә) Білімділік: Өтіп жатқан тақырыпты тиянақтау, түрлі тапсырмалар 
арқылы негізгі тақырыпты қамту, білімдерін бекітіп, ауызша және жазбаша 


есептерді шығара алумен қоса,оның шығу жолын есте сақтауға мүмкіндік 
жасау. 
б) Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін шыңдап, шапшаңдық пен 
ізденімпаздыққа, өзіне деген сенімділікке дағдыландыру. 
 
Сабақтың технологиясы: Сатылай кешенді оқыту. 
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы. 
Оқыту формалары: Жеке, топтық.
Көрнекілігі: Сызба, карта, әр оқушыға деңгейлік тапсырма беті
суреттер, ребус, кеспе сандар, сыйлықтар. 
Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дүниетану. 
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер. 
Сабақтың кезеңдері: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа бағыттау. 
– Бір-бірімізге достық қарым-қатынас және жақсы көңіл-күй орнатайық.
Бір-біріңе күлімсіреңдер де, отырыңдар. 
– Қолдарың? 
– Орнында! 
– Аяқтар? 
– Орнында! 
– Шетінде! 
– Арқалар! 
– Түп-түзу! 
– Балалар, сендер саяхатқа шығып көрдіңдер ме? 
– Саяхаттың адам үшін не пайдасы бар? Зияны ше ? 
Ендеше, бүгін біз математика сабағында білім аралына саяхат 
жасаймыз. 
Ол үшін біз не білуіміз керек ? (Интерактивті тақтадан көрсетіледі). 
Не істей алуымыз керек ? 
1. Бағытымызды анықтауымыз керек. Карта ілініп, жүретін жолдармен 
танысады. Мектептен шығу үшін тапсырма орындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет