Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының


Түрі. Қарапайым теңдеу  Маңызды түйіні



Pdf көрінісі
бет126/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Түрі. Қарапайым теңдеу 
Маңызды түйіні. Теңдеуді шешу дегеніміз оның барлық 
түбірін табу немесе оның бірде-бір түбірі болмайтынына көз 
жеткізу. 
Теңдеуді шешу. Бөлу амалы бар теңдеу. 
Х :6 = 5 
Х = 6 х 5 
Х = 30 
Белгісіз бөлінгішті табу үшін, бөлгішті бөліндінің мәніне 
көбейту керек. 
ІV. Сергіту сәті. 
Бір аяқпен тұра қал, 
Қайтпас қайсар солдаттай. 
Сол аяғың кеудеңде, 
Оң аяқ тұр құлатпай. 
Батыр болсаң ал енді, 
Сол аяқпен тұра қал. 
 
V. Жаңа білімді бекіту
Үшінші кезең: Бекіту. Мақсаты: білім алушылар өтілген материал жайлы 
ой толғайды, пікірлеседі, талқылайды осы әрекеттер арқылы ізденеді, 
зерттейді және шығармашылықпен өзіне қажетті білімді құрастырады. 
1. «Теңдеуді дауыстап шығару» тәсілі 
Теңдеуді топтағы бір оқушы дауыстап шығарады. Басқалары одан 
қалыспай , теңдеудің шығарылуын дәптерлеріне жазып отырады. 
Х : 2 = 6 х : 3 = 15 х : 3 = 3 
12 : х = 4 9 : х = 3 15 : х = 3 
2. Өзіндік жұмыс ( нұсқалар бойынша ) 
І ІІ 
Х : 3 = 12 Х : 2 = 7 
16 х = 4 20 : х = 5 


3. Есеп шығару ( жеке, топ) 
Жылыжайда 320 кг қияр және 260 кг қызанақ жиналды. Көкөніс сақтау 
қоймасына 280 кг және дүкенге 270 кг көкөніс жіберілді. Жылыжайда 
неше килограмм көкөніс қалды? 
4. Шығармашылық тапсырма 
Сынып оқушылары жалғызбасты қарияларға көмек көрсету үшін екі-
екіден барса бір бала артық қалады. Үш-үштен барса да бір бала артық 
қалады. Жолға ең аз дегенде неше бала шығуы мүмкін? ( 7,13,19,25)
VІ. Қорытындылау. Мақсаты: өтілген материал бойынша қорытынды 
жасайды.(Интерактивті тақтамен жұмыс)
8 : х = 4 с : 2 = 6 
«Жалғастыр» ойыны арқылы талдау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет