7. «Қай топ жылдам ? » төмендегі сұрақтарға жылдам жауап беруіміз керек.
Қай топ тез жауап берсе, сол топ жеңіске жетеді.
Логикалық тапсырмалар:
1 жұмыртқаны қайнатуға 3
минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға
неше минут керек?
Бір сағатта неше минут бар?
Бір аптада неше күн бар?
Бір жылда неше ай бар?
Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған
адамның салмағы неше кг?
V. Үйге тапсырма.
VІ. Сабақ қорытындысы.
– Сабақ ұнады ма? (Смайлик белгішесімен көрсету).
– Бүгінгі математика сабағында нені үйрендік?
– Ұлттық ойындар ойнау арқылы тапсырмалар орындадық.
– Есептер шығардық.
– Тақтамен жұмыс жасадық.
– Лездік сұрақтарға жауап бердік.
VІІ. Білімді бағалау.
Екі топ оқушылары жұлдызша, шаршы, үшбұрыш белгілермен бағаланып
отырды.
ДҮНИЕТАНУ
Бастауыш мектептегі дүниетану сабақтарының басқа пәндер
сабақтарынан біраз айырмашылығы бар. «Сатылай кешенді оқыту»
технологиясының ғылыми ұстанымын мұғалім сабақтарында басшылыққа
алуы тиіс.
Ғылым - дамып, толығып отыратын үрдіс. Білім алушылар дүниетану
сабақтарында кейіннен
жоғары басқыштарда өсімдіктану, жануартану,
физикалық және экономикалық география, тіршіліктану сияқты пәндерді
өтуде
қажетті білім, іскерлік пен дағдылар алады. Сондықтан дүниетану
сабағын өткізуде мынадай талаптарды ескеру керек:
1. Мұғалім сабақ мақсатын анықтағанда білім алушылардың таным әрекетін
дамыту жөнінен қандай жұмыс жүргізетінін дұрыс елестете білуі тиіс.
2. Дүниетану материалының мазмұнын ғылыми және осы жастағы балаларға
түсінікті болуы керек.
3. Білім алушылардың дамуының әртүрлі деңгейде болатынын ескере
отырып, жеке тапсырмаларды саралап көрсету керек.
4. Сабақта білім алушылардың шығармашылық ойлауын және таным
дербестілігін дамыту жөнінен күрделі жұмыс жүргізіп отыру.
Білім алушыларды қоршаған орта заттарымен,
құбылыстарымен
таныстырып, олар жайында ғылыми ұғымдарын жүйелеп, көзқарастарын
қалыптастыруда «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының мәні зор.
Ұлы педагог Я.А.Коменский «Адам баласы білімді кітаптан ғана емес,
аспаннан, жерден, ағаштан, топырақтан да алуы керек. Ал оларды үйрету
үшін бақылауды, зерттеуді жергілікті жердегі объктілерден, өздері күнделікті
көріп жүрген таныс жерлерден бастау керек»,- деп айтқан.
Дүниетану сабақтарында алған білімді басқа пән сабақтарында
пайдалануға болады, себебі көп мәселе табиғат арқылы түсіндіріледі.
Мұғалімдер оқытудың жаратылыс (дүниетану) ғылымдарына тән
әртүрлі әдістерін қолдануға болады. Бұл
бәрінен бұрын балалардың
логикалық ойлау негіздерін тәрбиелеуге қолайлы жағдай туғызатын табиғат
объектілері мен құбылыстарын тікелей бақылауға қатысты. Жергілікті жерге
бақылаулар мен топсаяхаттарын жүргізу, тәжірибелер мен сарамандық
сабақтарды жүзеге асыру дүниетану сабақтарында оқытудың сан алуан
көрнекі құралдарын: табиғи және бейнелеу көрнекі құралдарын,
компьютер
және таспа хабарларын табысты түрде пайдалануға мүмкіндік береді.
Дүниетану сабағында «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының
міндеті - білім алушылардың танымдық қызығушылықтарын ояту. Мұғалім
білім мазмұнын меңгертуде өз таңдауы бойынша сатыларды бір сабақта
түгел қамтуға да болады, ал кейбір жағдайда мәтін 2
сағатқа берілсе,
сатыларды бөліп меңгеруге болады. (Үлгі сабақтарды қараңыз) Сырттай
қарағанда (7-деңгей) талдау, жаттап алған сияқты көрінеді, бірақ бұл жаттау
емес. Сатылай кешенді оқытудың саналық ұстанымы – талдауға берілген
материалды оқушы құрғақ жаттамай, терең түсініп, саналы меңгереді.
Саналылық ұстанымының белгілері:
білімге құмарлық, жігерлілік,
тұрақтылық, зейінділік, интеллектуалдық, жинақылық.
Мұндай қасиеттер
оқушыда бірден пайда болмайды. Оның қалыптасуына мұғалімнің шеберлігі,
пәнге деген қызығушылық, ынта-ықылас себеп болады. (Ғалым пікірі)
Қорыта айтқанда, мұғалімнің жұмысында және білім алушылардың оқу
әрекетінде ең үлкен жетістікке жеткізетін әдістер мен тәсілдер жүйесін жан-
жақты ойластырған жөн.
Белгілі ұстаз-ғалым Ахмет ағамыздың: «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу
керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек», -дегені
әр мұғалімнің жадында болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: