Н. Оразахынова, Е. Мұхтарова, Р. Шалова, М. Абдукодирова «сатылай кешенді оқыту» технологиясының



Pdf көрінісі
бет144/197
Дата30.11.2022
өлшемі2,72 Mb.
#53775
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   197
Байланысты:
«САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Құрбақа  - терісі бұдыр-бұдыр болады. Артқы аяқтары қысқа. Олар су 
қоймаларынан алысырақ мекендейді, тек көбею кезінде ғана суға барады. 
Жорғалаушылар - терісін құрғақ мүйізді қабыршақтар жауып 
тұратын омыртқалы жануарлар. Бауырмен жорғалаушылар - салқынқанды 
жануарлар. Олар суық ауа райында өздерінің дене қызуларын сақтай 
алмайды. Олар дене қызуын сақтау үшін күннің көзін көп қажет етеді. 
Аяқтары қысқа немесе мүлде жоқ болады. Олардың көпшілігі жұмыртқа салу 
арқылы көбейеді, ірі жұмыртқаларын құрлыққа салады. Жылы жер 
жұмыртқалардағы ұрпақтың даму кезеңін қамтамасыз етуге көмектеседі. 
Одан өзіне ұқсас ұрпақ жетіліп шығады. 
Кесіртке - далада, орманда мекендейді.Жасыл-қоңыр немесе 
қоңырлау реңі болады. Түнде індерде, тастардың астында жасырынып
жатады, күндіз бунақденелілермен қоректенеді. 
Қабыршақты жорғалаушылар - жыландар ( сарыбас жылан,сұр 
жылан) кемірушілерді жойып пайда келтіреді. Жылан уы медицинада дәрі-
дәрмек жасау үшін пайдаланылады.Жыландардың денесі жұмыр, ұзын болып 
келеді. Денесін мүйізді қалқаншалар мен қабыршақтар жапқан. Көздерінде 
қозғалмалы қабақтары болмайды, олар мөлдір қабықпен жабылған. Күндіз 
белсенді тіршілік ететін жыландардың көз қарашығы дөңгелек болса, 
ымыртта, түнде белсенді тіршілік ететін жыландардың көздері жіңішке 
сызық тәрізді болып келеді.
Тасбақалар. Олардың сүйекті-мүйізді немесе сүйекті-терілі 
сауыттары бар. Сауыты қамқаның жалпақ сүйектерінен құралған. 
Кейбіреулері суда, құрлықта тіршілік етеді. Өсімдіктермен қоректенеді
қыста және қоректенетін өсімдіктер қурап кетсе, ұйқыға кетеді. 
Жойылып кету қаупі бар бауырмен жорғалаушылар мен 
қосмекенділер 
Жануарларды көптеп аулау, қоршаған ортаның ластануы және т.б. 
себептерге байланысты құрып бара жатқан немесе азайып кеткен бауырмен 
жорғалаушылар мен қосмекенділердің түрлері көп. Жойылу қауіпі бар 
қосмекенділер мен жорғалаушылардың қатарында бланкард шырылдауық 
бақасы, ұршықсап кесіртке, ағаш тасбақасы, таспалы жылан т.б. Ал 
Қазақстанда даната құрбақасы, қызылаяқ бақа, Жетісу бақатісі, шұбар 
батбат, кесел, шұбар кесіртке және т.б. қорғауға алынған. Көптеген 
жануарлар табиғатты қорғау жөніндегі Халықаралық Табиғатты қорғау одағы 
(ХТҚО) ұйымының «Қызыл кітабына» енген.
Соңғы жылдарда бірқатар теңіз тасбақаларының саны да сиреді. 
Малазия мен Мексика сияқты елдер оларды қорғау әдістерін қарастыруда. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет