Қызықты деректер Бал аралар топ-топ болып тіршілік етеді. Олардың тұқым тобында бір
аналық ара болады. Жүздеген аталық бал аралар мен мыңдаған жұмысшы
бал аралар бірге тіршілік етеді.
Бал аралар қыста ұйықтамайды. Ұяларының ішінде бір-біріне тығылып,
топтасып отырады.
Бал араның уынан да дәрі жасайды. Оның балы өте пайдалы. Бал
аралар өсімдіктерді тозаңдандырады.
VII. Бекіту. Проблемалық сұрақтар қою оқушылардың ойлану, өз ойын дәлелдеу
сияқты қабілеттерін ашуға септігін тигізеді.
Мысалы: Бауырмен жорғалаушылар мен қосмекенділердің жойылып кетуінің негізгі
себебі неде деп ойлайсыздар?
Оның алдын қалай алуға болады? т.б.(Оқушылар өзара топта талқылап,
ойларын бөліседі. Топтар арасында пікірталас орнап, ойларын дәлелдеуге
тырысады).
Білгенге - маржан Бауырмен жорғалаушылар мен қосмекенділердің жойылып кетуінің негізгі себебі неде? Адамдар жануарларды еті мен терілері үшін аулайды және олардың
тіршілік ету орталарын бұзады. Соңғы жылдары ормандар жаппай шабылып,
өзен-көлдердің ластануы жиіледі. Осындай келеңсіздіктердің салдарынан
жабайы жануарлар күннен-күнге құрып бара жатыр. Бұл табиғи экожүйенің
бұзылуына әкеліп соғатыны белгілі.
Шығармашылық жұмыс. Мақсаты: білім алушылар өтілген материал
жайлы ойтолғайды, ізденеді, зерттейді және шығармашылықпен өзіне
қажетті білімді құрастырады, өз бағасын береді.
«Бал арасының пайдасы» тақырыбына эссе жазу.Суретін салуға да болады.
(6 сөйлемнен кем емес)
Рефлексия.
VIII. Үйге тапсырма. 1.Тақырыпқа байланысты мәліметтер іздеу.
2.Кез келген жануарды сатылай кешенді талдап жазу.
IХ. Бағалау. Өзін-өзі бағалайды.
3-сабақ.