болады. Мәрмәрді тас кескіш және бұрғылағыш машиналар арқылы
карьерден қазып алады. Ол құрылыста пайдаланылады.
Мұнай - сұрғұлт қоңыр, қоңыр және қара түсті, сұйық, жанғыш зат.
Ол күкірт, азот және оттегінен пайда болған. Мұнай жердің терең
қабатында жатады. Бұрғы қондырған машина жерді бұрғылап мұнай
жатқан қабатқа дейін ұңғыма (скважина) қазады. Қазылған ұңғымаларға
құбырлар қойылады. Оны бойлап, мұнай жер бетіне көтеріледі. Мұнайды
қоймаға жинайды, цистернаға құйып, темір жолдармен тасиды. Мұнайдан
алынатын негізгі өнімдер - сұйық отын (бензин, керосин, машина
майлайтын майлар). Мұнайдан спирт, пластмасса, жуғыш заттар өндіреді.
Мұнайдан синтетикалық жіп алады, ол жіптен мата тоқылады. Дастархан,
полиэтилиннен жасалған пленкалар мұнайдан шығады. Мұнай - өте
бағалы пайдалы қазба.
Достарыңызбен бөлісу: