Тас көмірдің түсі қара, жақсы жанады, жылуды көп береді. Ол қатты
тасқа ұқсас. Отын ретінде және химиялық шикізат есебінде пайдаланылады.
Тас көмірден смола, бояу, дәрі-дәрмек, нафталин, пластмасса, капрон
алынады. Тас көмір жердің терең қойнауында жатады. Оны өндіру үшін
шойын орнатады. Қазақстанның солтүстік-шығысында Қарағанды көмір
бассейіні бар. Көмір қара , қоңыр тас және антрацит деп үшке бөлінеді.
Шымтезек батпақта шала шіріген өсімдік қалдықтарынан түзіледі.
Құрғақ шымтезек - отын, төсеніш, тыңайтқыш. Шымтезектен спирт, сіркесу,
газ, кокс алынады. Оны өндіретін жерді құрғатады, содан кейін машинамен
өсімдіктерді жинайды, ұнтақтайды, кептіреді, сосын техникамен жинайды.
Темір және алюминий кендері. Темір кені тастай қатты болады, түсі
қоңыр немесе қызыл. Жердің әртүрлі тереңдігінде жатады. Темір тұрмысқа
қажетті құралдар алу үшін қолданылады. Адам ағзасында 4 грамдай темір
болады.
Шойын мен болат тұрмыста, өнекәсіпте, транспортта қолданылады.
Болат пышақ, қасық, қайшы жасайды.
Алюминий кені бокситтен алынады. Бұл - өте жеңіл металл. Ұшақ,
ине, қасық, шанышқы, ыдыстар жасауда пайдаланылады. Сұрақтар мен тапсырмалар: 1.Пайдалы қазбалар дегеніміз не?
2.Пайдалы қазбалардың түрлері..........?
3. Қаситтері қандай?
4.Ерекшілігі....?
5. Олардың бір-бірінен айырмашылығы....?
6.Маңызы немесе пайдасы....?
7.Пайдалы қазбалар жөнінде қандай проблемалар туындайды деп ойлайсыз?
Оны қалай шешуге болады?
8. Қалай қорытындылайсыз?
Жоғарыдағы сұрақтарды негізге ала отырып, тақырыпқа сатылай кешенді
талдау жасау.
IV. Топтық жұмыс.
Оқушылар топтасып, жылдам мәтінді сатылай кешенді талдайды.(Жазылым,
айтылым, тыңдалым әрекеттері жүзеге асырылады.)
Үлгі: